Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл


(iii) «РЕПО» және «кері РЕПО» мәмілелері



бет66/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

(iii) «РЕПО» және «кері РЕПО» мәмілелері
Міндетті түрде кері сатып алумен сату туралы келісімдер (бұдан әрі - «РЕПО» мәмілелері) шеңберінде сатылған бағалы қағаздар бағалы қағаздар кепілімен қамтамасыз етілген, қаржыландыруды тарту бойынша операция ретінде көрінеді, бұл ретте бағалы қағаздар қаржы жағдайы туралы шоғырландырылған есепте көрінуін жалғастырады, ал контрагенттер алдындағы міндеттемелер міндетті түрде кері сатып алумен сату туралы келісімдер шеңберінде сатылған бағалы қағаздар ретінде қысқа мерзімді міндеттемелер құрамына енгізілді. Сату бағасы мен кері сатып алу бағасы арасындағы айырма пайыздық шығысты білдіреді және пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісін қолданып «РЕПО» мәмілесінің қолданылу кезеңінде пайда немесе залал құрамында көрінеді.
Міндетті түрде кері сатумен сатып алу туралы келісімдер (бұдан әрі - «кері РЕПО» мәмілелер) шеңберінде сатылған бағалы қағаздар ақша қаражаты мен оның баламалары құрамында 90 күндік мерзіммен «кері РЕПО» мәмілелері ретінде көрсетілген. Сатып алу бағасы мен кері сату бағасы арасындағы айырма пайыздық шығысты білдіреді және пайыздың тиімді мөлшерлемесі әдісі қолданылып «РЕПО» мәмілесінің қолданылу кезеңінде пайда немесе залал құрамында көрінеді.
Егер міндетті түрде кері сатумен сатып алу туралы келісімдер шеңберінде сатып алынған активтер үшінші тұлғаларға сатылса, бағалы қағаздарды міндетті түрде қайтару керек, саудаға арналған міндеттеме ретінде көрінеді және әділ құн бойынша бағаланады.

3 ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ

  1. Қаржы құралдары, жалғасы

(iv) Амортизацияланған құн
Қаржы активінің немесе міндеттемесінің амортизацияланған құны актив немесе міндеттеме бастапқы тану кезінде бастапқы тану құны мен өтеу кезіндегі тиімді пайыздық мөлшерлемені пайдалана отырып айқындалған құны арасындағы жинақталған амортизацияның шамасына түзетілген берешектің негізгі сомасын төлеуді шегере отырып, сондай-ақ құнсызданудан болған зиянды шегере отырып бағаланған құнды білдіреді. Сыйақылардың және дисконттардың мөлшері, сондай-ақ мәмілелер бойынша шығындар сомасы тиісті құралдың теңгерімдік құнына кіреді және осы құралдың тиімді пайыздық мөлшерлемесіне қарай амортизацияланады.
Нарықтық мөлшерлемелерден ерекше, мөлшерлемелер бойынша алынған/берілген қаржылық активтер немесе міндеттемелер пайыздар және ұқсас құралдар бойынша нарықтық пайыз мөлшерлемелері бойынша дисконтталған, берешектің негізгі сомасы (негізгі сомалары) бойынша келешектегі төлем сомаларын білдіретін, әділ құн бойынша алу/беру сәтінде қайта бағаланады. Туындаған айырма пайда немесе шығын құрамында нарықтық мөлшерлемелерден ерекше, мөлшерлемелер бойынша қаржы құралдарын алудан/беруден болған пайда немесе залал ретінде көрсетіледі. Соңында мұндай активтер немесе міндеттемелердің теңгерімдік құны алу/беру сәтінде пайданың/шығынның амортизация сомасына түзетіледі және тиісті кірістер/шығыстар тиімді мөлшерлеме әдісі қолданылып пайда немесе шығын құрамында пайыздық кіріс/шығыс құрамында көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет