Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл


ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ



бет73/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

3 ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ

  1. Жұмыскерлерге сыйақы беру, жалғасы

(iii) Белгіленген төлемдері бар жоспарлар, жалғасы
Жоспар немесе оның секвесторы шеңберінде төлемдер өзгерген жағдайда өткен кезеңдердің қызметтеріне жататын төлемдерде туындаған өзгеріс немесе секвестордан болған пайда немесе залал пайда немесе залал құрамында дереу танылады. Топ осы есеп болған кезде жоспар міндеттемелері бойынша есептеуден болған пайда немесе шығынды таниды.
(iv) Қызметкерлерге берілетін өзге де ұзақ мерзімді сыйақылар
Зейнетақы жоспарлары бойынша төлемдерден ерекшеленетін, қызметкерлерге ұзақ мерзімді сыйақылар беруге қатысты Топтың міндеттемелерінің нетто-мөлшері ағымдағы және өткен кезеңдерде қызметкерлер тапқан, келешектегі сыйақы сомасын білдіреді. Бұл келешектегі сыйақылар олардың келтірілген мөлшеріне дейін анықтау мақсатында дисконтталады, бұл ретте оған жататын кез келген активтердің әділ құні шегеріледі. Міндеттемелерді дисконттау мөлшерлемесі ретінде өтеу мерзімі Топтың тиісті міндеттемелерінің қолданылу мерзіміне шамамен тең және осы сыйақыларды төлеу күтілетін валютада көрсетілген, мемлекеттік облигациялардың есепті кезеңнің соңындағы нарықтық кірістілігі қолданылады. Есептер болжалды шартты бірлік әдісі қолданылып жүргізіледі. Қайта бағалау туындаған кезеңдегі пайда немесе залал құрамында танылады.

  1. Капитал

Жарғылық капитал
Жай акциялар капитал ретінде жіктеледі. Жай акцияларды және акцияларға опциондарды шығаруға тікелей байланысты залалдар кез келген салық әсері шегеріліп капиталдың азаюы ретінде танылады.
Топ жеке акциялардың өтеуін төлеп алған жағдайда осы өтеуін төлеп алумен тікелей байланысты шығындарды қоса алғанда, төленген сома шоғырландырылған қаржылық есептілікте кез келген салық әсері шегеріліп капиталдың азаюы ретінде көрсетіледі. Өтеуі төлеп алынған акциялар жеке акциялар ретінде жіктеледі және жеке акциялардың резерві құрамында көрсетіледі. Жеке акцияларды сатқан немесе кейіннен қайта шығарған жағдайда алынған сомалар капиталдың көбеюі ретінде көрсетіледі және осы операция нәтижесінде туындаған пайда немесе залал қосымша төленген капиталдың көбеюі ретінде көрсетіледі.
Капитал құрамында көрсетілетін қорлар
Топтың қаржы жағдайы туралы шоғырландырылған есебінде капитал (өзге жиынтық кіріс) құрамында көрсетілетін қорлар мына компоненттерді қамтиды:
Сату үшін қолда бар инвестицияларды қайта бағалау бойынша резерв сату үшін қолда бар инвестициялардың әділ құнындағы өзгерістерді көрсетеді.
Резервтік қор Акционердің шешімі негізінде бөлінбеген кірістен аударылған қаражатты қамтиды және дивидендтер түрінде бөлінбеуі тиіс.
Дивидендтер
Дивидендтер міндеттеме ретінде танылады және қоса алғанда есепті күнге дейін жарияланған жағдайда ғана, есепті күні капитал сомасынан шегеріледі. Дивидендтер туралы ақпарат есепті күнге дейін олар ұсынылған болса, сондай-ақ есепті күннен кейін, бірақ шығаруға қаржылық есептілікті бекітетін күнге дейін ұсыным берілген немесе жарияланған болса, шоғырландырылған қаржылық есептілікте ашып көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет