Әлі қолданысқа енгізілмеген жаңа стандарттар мен түсініктемелер
Жаңа стандарттар, стандарттар мен түсініктемелерге енгізілетін өзгертулер 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша әлі күшіне енген жоқ және осы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасауда олардың талаптары ескерілмеді. Топ аталған стандарттар мен түсініктемелерді олар күшіне енген соң, қолданысқа енгізуді жоспарлап отыр.
3 ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ, ЖАЛҒАСЫ Әлі қолданысқа енгізілмеген жаңа стандарттар мен түсініктемелер
Шоғырлан-дырылған қаржылық есептілікке тигізетін ықтимал әсері
«Қаржы құралдары» ХҚЕС
(IFRS 9)
ХҚЕС (IFRS) 9, 2014 жылғы шілдеде жарияланған, бар ХҚЕС (IAS) 39 «Қаржы құралдары: тану және бағалау». ХҚЕС (IFRS 9) құнсыздануды бағалау үшін күтілетін кредиттік залалдардың шығындарының жаңа моделін және хеджерлеу есебі бойынша жалпы жаңа талаптарды қоса алғанда, қаржы активтерін жіктеуге және бағалауға қатысты қайта қаралған басшылықты қамтиды. Сондай-ақ жаңа стандарт қаржы құралдарын тану және тануды тоқтатуға қатысты, ХҚЕС (IAS) 39 қабылданған басшылықты күшінде қалдырады.
ХҚЕС (IFRS) 9 2018 жылғы 1 қаңтарда немесе осы күннен кейін басталатын жылдық есептілік кезеңіне қатысты күшіне енеді. Стандартты мерзімінен бұрын қолдануға рұқсат етіледі.
Топ жаңа стандартты енгізудің ықтимал салдарын Топтың қаржы жағдайына және қызметінің нәтижесіне ықпалы тұрғысынан әлі де талдамады.
«Сатып алушылармен жасалған шарттар бойынша түсім» 15-ХҚЕС
(IFRS)
ХҚЕС (IFRS) 15 түсімді тануға болама, қанша сомада және қашан екендігін анықтау үшін қағидаттардың жалпы жүйесін белгілейді. Стандарт түсімді тануға қатысты қолданыстағы басшылықты, оның ішінде ХҚЕС (IAS) 11 «Құрылысқа арналған шарттар», ХҚЕС (IAS) 18 «Түсім» және 13 «Клиенттердің адалдығы бағдарламасы» IFRIC түсіндірмесін алмастырады.
Жаңа стандарттың негізін қалайтын қағидат кәсіпорын өзінің күтілімдерімен осы тауарлар мен қызметтерді алмасуға құқық алатын, өтеуге сәйкес келетін сомада сатып алушыларға уәде берілген тауарларды немесе қызметтерді тапсыруды көрсету үшін кәсіпорын түсімді тануынан тұрады. Жаңа стандарт түсімге қатысты егжей-тегжей ашып көрсетуді көздейді, бұдан бұрын толық көлемде қарастырылмаған операцияларды есепке алу жөніндегі басшылықты қамтиды, сондай-ақ көптеген элементтен тұратын келісімдерді есепке алу жөніндегі басшылықты жақсартады.
15-ХҚЕС (IFRS) 2017 жылғы 1 қаңтардан басталатын немесе осы күннен кейін жылдық есепті кезеңдерге қатысты күшіне енеді.Стандартты мерзімінен бұрын қолдану рұқсат етіледі.
Топ жаңа стандартты енгізудің ықтимал салдарын Топтың қаржы жағдайына және қызметінің нәтижесіне ықпалы тұрғысынан әлі де талдамады.
Мына жаңа стандарттар мен стандарттарға түзетулер күтілетіндей, Топтың шоғырландырылған қаржылық есептілігіне елеулі әсер етпейді.
«Кейінге қалдырылған тарифтік түзетулер»14-ХҚЕС (IFRS).
Бірлескен операциялардағы қатысу үлестерін сатып алуды есепке алу (11-ХҚЕС(IFRS) түзетулер). Амортизацияның рұқсат етілетін әдістерін түсіндіру (12-ХҚЕС (IAS) және39-ХҚЕС (IAS) түзетулер). Белгіленген төлемдері бар жоспарлар: қызметкерлердің жарналары (19-ХҚЕС (IAS) түзетулер). «ХҚЕС жетілдіру» жобасы. Цикл: 2010–2012 жылдар. «ХҚЕС жетілдіру» жобасы. Цикл: 2011–2013 жылдар.