Топ шетелдік бөлімшені қамтитын еншілес кәсіпорынға өзінің инвестициясының бір бөлігін ғана,
оны бақылауды сақтай отырып, иеліктен шығарған жағдайда басқа валютадан қайта есептеген кезде жинақталған бағамдық айырма резервінің бөлігі тиісті пропорцияда бақыланбайтын үлеске қайта бөлінеді. Топ шетелдік бөлімшені қамтитын қауымдастырылған немесе бірлескен кәсіпорынға өзінің инвестициясының бөлігін ғана иеліктен шығарса және елеулі ықпалын немесе бірлескен бақылауды сақтаса, жинақталған бағамдық айырма резервінің пропорционалды бөлігі сол кезеңдегі пайда немесе залал құрамына қайта жіктеледі.
Топ таяу келешекте шетелдік бөлімшеден алынуы немесе шетелдік бөлімшеге төленуі тиіс монетарлық бап бойынша есеп айырысулар жүзеге асыруды күтпесе және жоспарламаса, мұндай бапқа қатысты туындайтын оң және теріс бағамдық айырмалар шетелдік бөлімшеге құйылатын таза инвестиция
бөлігін қалыптастырады; тиісінше, олар өзге жиынтық кіріс құрамында танылады және басқа валютадан қайта есептегенде жинақталған бағамдық айырма резерві бабы бойынша капитал бөлігі ретінде ұсынылады.
Қорлар
Қорлар екі мөлшердің ең кемі бойынша көрсетіледі: өзіндік құн немесе сатудың таза бағасы. Қорлардың өзіндік құны ФИФО әдісі («бірінші түсім – бірінші босату») негізінде анықталады және оған қорларды сатып алуға жұмсалған шығындар, өндіру немесе қайта өңдеу шығындары және қорларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге және оларды тиісті қалпына келтіруге жұмсалған өзге де шығындар кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: