Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл


ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫ, ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУДАҒЫ МАҚСАТ ПЕН САЯСАТ



бет85/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

26 ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫ, ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУДАҒЫ МАҚСАТ ПЕН САЯСАТ
Топ қызметіне тәуекелдер тән. Топ анықтау, бағалау және бақылаудың тұрақты процесі барысында, сондай-ақ тәуекел лимиттерін белгілеу және ішкі бақылаудың басқа да шаралары арқылы тәуекелдерді басқаруды жүзеге асырады. Тәуекелдерді басқару процесінің Топтың тұрақты рентабельділігін қолдау үшін шешуші маңызы бар және Топтың әрбір қызметкері өзінің міндеттемелерімен байланысты тәуекелдерге жауапкершілікте болады.
Топ мына қаржы тәуекелдеріне ұшырайды: валюта тәуекелі, кредиттік тәуекел, пайыздық тәуекел, өтімділік тәуекелі. Топ сондай-ақ операциялық тәуекелдерге ұшырайды.
Тәуекелдерді басқару құрылымы
Топтағы тәуекелдерді басқару жүйесінің құрылымы мына органдар мен Топ бөлімшелерін тарта отырып бірнеше деңгейде ұсынылды: Директорлар кеңесі, Басқарма, Тәуекелдерді басқару жөніндегі қызмет, Ішкі аудит қызметі, өзге де құрылымдық бөлімшелер.
Директорлар кеңесі
Директорлар кеңесі тәуекелдерді корпоративтік басқару жүйесі үшін бақылауды жүзеге асыруда негізгі роль атқарады. Директорлар кеңесі Топ қызметінің мақсаттарын қоюды жүзеге асырады, сондай-ақ тәуекелдерді басқару, тәуекелдерді қабылдау мүмкіндігін және тиімді тәуекел параметрлерін белгілеу саласындағы құжаттарды бекітеді.
Басқарма
Топ Басқармасы тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыруға және корпоративтік саясаттар орындалуын қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді бақылау құрылымын құруға жауапты.
26 ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫ, ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУДАҒЫ МАҚСАТ ПЕН САЯСАТ, ЖАЛҒАСЫ
Тәуекелдерді басқару құрылымы, жалғасы
Тәуекелдерді басқару қызметі
Тәуекелдерді басқару жөніндегі қызмет тәуекелдерді басқару қағидаттары, саясаты және Топтың тәуекел лимиттері сақталуын бақылауға жауапты. Сондай-ақ, тәуекелдерді басқару жөніндегі қызмет белгіленген лимиттермен салыстырғанда тәуекелге ұшыраған позициялар мөлшерін бақылауды қосқанда тәуекелдерді тәуелсіз бақылауға, сондай-ақ жаңа өнімдер мен құрылымдалған мәмілелердің тәуекелін бағалауға жауап береді. Осы қызмет тәуекелді бағалау жүйесінде және тәуекелдер туралы есептілікте толық ақпаратты жинауды қамтамасыз етеді.
Ішкі аудит қызметі
Тәуекелдерді басқару процесіндегі Топтың ішкі аудит қызметінің функциясы тәуекелдерді басқару рәсімдерінің аудиті және тәуекелдерді бағалау жөніндегі әдіснама, сондай-ақ тәуекелдерді басқару рәсімдерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар жасау болып табылады. Ішкі аудит қызметі өткізілген тексеру нәтижелерін басшылықпен талқылайды және өз тұжырымдары мен ұсыныстарын Аудит жөніндегі комитетке ұсынады
Құрылымдық бөлімшелер
Тәуекелдерді басқару жүйесінің құрылымындағы маңызды элементтердің бірі Топтың құрылымдық бөлімшелері болып табылады. Құрылымдық бөлімшелер тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауға, өз қызметі аясында елеулі тәуекелдерді анықтауға және ол туралы ақпараттандыруға жауапты. Сондай-ақ, олардың міндеттері шеңберіне іс-шаралар жоспарына енгізу үшін тәуекелдерді басқару жөніндегі ұсыныстарды енгізу кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет