Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл


Шығыстар құрылымы, мың теңге



бет37/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

Шығыстар құрылымы, мың теңге






















Атауы

2013

2014

2015

Барлығы:

29 062 608

32 514 441

37 411 636

Жалпы және әкімшілік шығыстар

4 862 726

5 277 295

6 776 757

Сатылған өнімнің/қызметтердің өзіндік құны

23 864 673

26 760 180

29 409 000

Жарнама және маркетинг

78 984

50 110

89 334

Пайыздық шығыстар

331 816

381 103

392 886

Сатылатын қолда бар инвестициялық бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен таза (залал)/пайда



-23 183

-102 314

96 896

Корпоративтік табыс салығы

-52 408

148 066

646 763

2015 жыл қорытындысы бойынша пошталық және курьерлік қызметтік негізгі тұтынушыларының 80%-ы заңды тұлғалар болып табылады. Халыққа қызмет көрсету көлемі 4,6 млрд. теңгеден 7,6 млрд. теңгеге дейін 1,7 есе өсті.


Пошталық және курьерлік қызмет нарығының тартымды сегменттері заңды тұлғалар саны және халық көп шоғырланған республиканың қала және обылыс орталықтары болып табылады.
Халықтың орналасу тығыздығы төмен ауылдық райондар аз тартымды болып есептеледі. Ауылдық жерлердегі пошталық және курьерлік қызметтің қызмет көрсету үлесі 2010 жылы 7,2%-дан 2015 жылғы бағалау бойынша 4%-ға дейін қысқарды.
Негізгі өңделетін жөнелтілімдердің басым бөлігіне кезеңдік баспа басылымдарын тарату жатады, оның үлесі 68,9%, сонымен бірге, айтарлықтай үлес 19,0% жазба хат-хабарға тиесілі. Табысы өте жоғары курьерлік байланыс сегментіне жалпы жөнелтілімдер көлемінің 5,5%-ы келеді.
2010-2015 жж. арасында пошталық және курьерлік қызмет облысында қызмет көрсететін кәсіпорындар саны 82 бірліктен 120 бірлікке дейін 40%-ға артты. Қазіргі уақытта нарықта «Қазпочта» АҚ ұлттық пошталық операторы, «ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Мемлекеттік Фельдьегерлік Қызметі» РММ, ірі халықаралық интеграторлар: DHL, FedEx, TNT, ресейлік экспресс-тасымалдаушылар: Pony Express, жүк тасымалдау қызметін көрсететін жергілікті курьерлік қызметтер жұмыс істейді.
«Қазпочта» АҚ пошталық және курьерлік қызмет нарығында ірі рөл атқарады. Бірақ, 2012-2015 жж. аралығында пошталық және курьерлік қызмет көрсетуден түсетін Қоғамдық табыстардың өсу қарқыны төмен байланысты болуына қарай «Қазпочта» АҚ үлесі 60%-дан 52%-ға дейін қысқарды. Табыстардың төмен қарқында дамуы жеке қызмет түрлеріне қатысты тарифтер Қоғам емес, мемлекет қадағалайды.
Сарапшылардың бағалауына сәйкес, жарнамалық агенттер және барлық қатысушыларды есепке алғанда, жарнамалық материалдарды қабылдау және жеткізу қызметі бойынша Қоғам нарығының үлесі 20%-ды құрайды. Бұл қызметтің дамуының тежеуші факторлары жөнелтілімдерді жеткізуді қадағалаудың және таратуға арналған сегменттелген деретер базасының болмауы. Сонымен қатар, қала деңгейінде бұл қызметті шағын көлемде қызмет көрсету мүмкіндігі бар жергілікті компаниялар көрсетеді. Нарықта Қоғамға курьерлік компаниялар мен тегін жарнама газеттері бәсекелес бола алады: «Direct Delivery» ЖШС, «City ServExpress» ЖШС, «Алапост курьерлік қызметі», Атшабар. Таратылатын жарнама материалдарының өсуіне қарай жарнама материалдарын тарату бойынша Қоғам тарифтері өз беделін жоғалтуда, себебі бәсекелестер Қоғам белгілеген тарифтерден төмен тарифтер ұсынып отыр. Жарнама материалдарын газет редакциялары ғана емес, жеке кәсіпкерлер де тартымды бағамен таратуды жүзеге асыратындықтан, мұндай факт Қоғамның барлық филиалдары деңгейінде байқалады.
Сонымен бірге, «Оңтүстік» АЛО» филиалы ұсынған ақпараттың негізінде 2015 жылдың соңғы 5 айы бойынша жүк тиелген пошта вагондары маршруттарына жүктің көп тиелуіне талдау жүргізілді, бұл талдау Алматы, Астана қалаларынан басқа аймақтарға жіберілетін ІГПЖ көлемі кері бағытта тасымалданатын жүк көлемінен орта есеппен 40%-ға кем екендігін көрсетті.
Жоғарыда айтылғандарға орай, жарнама материалдарының, шот-хабарламалар мен ІГПЖ-ның көлемін ұлғайту, пошта маршруттарының тиімділгін арттыру, бекітілген бюджет аясында кірістер бойынша қойылған міндеттерді орындау мақсатында, филиалдардың Директорларына жарнама материалдарын, шот-хабарламалар мен ІГПЖ-ны жеткізу және қабылдау қызметтері бойынша өз еріктерімен тарифтік жоспарды бекіту өкілеттілгі берілді, яғни қызметтер бойынша бюджеттің жоспарлы көрсеткіштерін орындауды қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер жүктеле отырып, 31.03.2016 ж. кезеңге дейін тарифтер жекелендірілді.


Пошталық қызметтер
2015 жылы пошталық қызметтерден түскен кірістер 17 201 104,2 мың теңге сомасын құрады, бұл 2014 жылдың деңгейінен 8,4%-ға немесе 1 336 108,0 мың теңгеге жоғары. Пошталық қызметтердің көлемі 304,76 млн. бірлік мөлшерінде құрады, бұл 2014 жылдың деңгейінен 7%-ға немесе 22,9 млн. бірлікке төмен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет