«Қазпочта» АҚ-ның 2015 жылғы Жылдық есебін назарларыңызға ұсынамыз. Бұл – біздің жалпыға бірдей қолжетімді бесінші жылдық есебіміз. Біз – жалғыз ұлттық әрі тағайындалған пошта операторымыз және бүкіл ел бойынша халыққа пошталық және қаржылық қызметтерді ұсынатын, 22 мыңнан астам адамды тұрақты жұмыспен қамтитын Қазақстанның ірі компанияларының біріміз.
Есепті жылда маңызды өзгерістер орын алды – нарықтық және экономикалық өзгерістерді есепке алғанда, Компанияның дамуына септігін тигізетін Трансформациялау бағдарламасының 2 кезеңі сәтті өткізілді.
Трансформациялау бағдарламасы, ең алдымен, адамдардың санасын және дәстүрлі қызметтері бар пошта процестерін өзгертуге бағытталған. Ал біздің алдымызда тұрған негізгі міндет – қарқынды түрде дамып келе жатқан электронды коммерция нарығындағы өзгерістерді есепке ала отырып, пошта айырбасын сандық және сапалық жағынан жоғары деңгейге көтеру.
Трансформациялау бағдарламасы менеджмент процестерін сапалы деңгейге көтеруге және операциялар уақыты мен құнын оңтайландыруға мүмкіндік беретін ұйымдық өзгерістер – персонал; операциялар мен функцияларды орындау сапасын арттыруға бағытталған процестік өзгерістер – процестер; инновациялық бағдарламалық өнімдерді және оны қолдаудан тұратын ақпараттық жүйелер – технологиялар тәрізді негізгі бағыттардан құралады.
Трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру аясында 1-саты – «Диагностика және дизайнда» «Қазпочта» АҚ қызметін басқарудың мақсатты моделі (Процестер картасы) жасалды, стратегиялық мақсаттарды, шешім қабылдау мен процестердің тиімділігін қадағалауды, сондай-ақ, персонал тиімділігін бағалауды іске асыру мониторингін жасауға мүмкіндік беретін, компания құнының негізгі көрсеткіштерін құрайтын «КНҚ шежіресі» құрылды, «Қазпочта» АҚ мақсатты корпоративтік мәдениетін енгізуге және қызметкерлерді трансформациялау процесіне бағдарланған корпоративтік құзыреттер моделі түріндегі «Қазпочта» АҚ құндылықтары жасалды.
Екінші «Жоспарлау» сатысында жобалар портфелі жасалып, оларды іске асыру мерзімі анықталды. Компанияның Трансформациялау бағдарламасы аясындағы жеткен жетістіктерінің бірі – «Жылдам жеңістер» атты өзгерістер жағдайында компанияның дамуы мен алға басуына мүмкіндік беретін қысқа мерзімді жобалар. «Жылдам жеңістердің» арқасында мониторинг жасау және қызмет сапасын арттыру мақсатында, нақты уақыт режиміндегі бейнебақылауы бар Ахуалдық орталық құрылды, оған республика бойынша 240 бөлім, 35 пошта вагоны қосылған, осы жылы филиалдық желі бойынша қосымша 200 бөлім қосылады.
Өткен жылдағы маңызды әрі ауқымды жобалар қатарына ТМД-дағы алғашқы сәлемдемелер супермаркетінің ашылуын жатқызуға болады, бұл – екі аймаққа: ҚР бойынша сәлемдемелерді алу және жіберу аймағына бөлінген өзіндік қызмет көрсету орталығының жаңа нысаны. Сәлемдемелер супермаркеті клиенттің сәлемдемелерді алуға және жіберуге кететін уақытын қысқартуға, сонымен қатар, Компанияның өндірістік шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік беретінін атап өткеніміз жөн.
Сондай-ақ, Трансформациялау аясындағы компанияның қол жеткізген жетістіктерінің бірі «Постоматтар» жобасы болып келеді. Қазіргі таңда желі облыстық маңызы бар барлық қалаларда орналасқан 105 постоматтан тұрады. 2016 жылы отандық өндірушілерден 112 миллион теңгеге жуық сомаға 23 постамат сатып алу жоспарда бар.
Бізде 2016 жылға арналған ауқымды жоспарлар бар. Біз «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ға және «Қазпочта» АҚ-ға жоспарлау және модельдеу жүйесін әзірлеу мен енгізуді негізгі мақсат ететін, өндірістік-қаржылық модельдеуге, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсат қоюға және көздеуге арналған корпоративтік оқу орталығы; оператордың бірыңғай жұмыс терезесі; пошталық-логистикалық желіні және логистикалық ағындарды басқару жүйесін енгізу; интеграцияланған жоспарлау жүйесін енгізу тәрізді бірқатар жобаларды іске қоспақпыз.
Жалпы алғанда, есепті жылда Компанияның кейбір сервистері мен қызметтері жаңартылып, толықтырылды, сонымен бірге, түбегейлі жаңа бастамалар іске қосылды, мысалы, қалалық телефондар арқылы автоматты түрде қоңырау шалу және жөнелтілімдердің жеткізілуі жөніндегі sms-хабарламалар, ақшалай қаражаттың аударылғаны туралы sms-хабарламалар, сонымен бірге, зейнеткерлер мен жәрдемақы алушылардың ағымдағы шоттары бойынша есеп беру, бүкіл ел бойынша таралған автоматтандырылған пошта станциялары (постаматтар), клиенттерге белгілі бір ақпарат беретін роботтар мен қосымшалар және т.б. Ұлттық, ерікті және жалпыға бірдей қолжетімді электронды пошта (post.kz) құрылды. Ұлттық электронды поштаның іске қосылуы онлайн қызметтер түрін кеңейтуге, сондай-ақ, оларды ұсыну процесін жеңілдетуге мүмкіндік туғызды. Бұл алаң абоненттік жәшіктердің электронды түрдегі аналогы болып табылады және ол мемлекеттік немесе коммерциялық ұйымдар арасында және ел халқына маңызды хаттарды, хабарламалар мен шарт жобаларын және т.б. жеткізуге мүмкіндік береді.
Компаниямыздың негізгі басым тұстарының бірі – көптеген екінші деңгейлі банктер түсетін пайданың аздығынан бөлімшелерін жауып жатқанда да, еліміздің шалғайдағы елді мекендерінде жұмысын жалғастыруы. Қалыптасқан жағдайда да біздің бөлімшелер ауылдағы экономикалық белсенділік орталығы болып көріне алды. Біз ауыл тұрғындарына интернетке тегін кіруге ғана емес, «Нұр Отан» партиясының немесе облыс/қала Әкімдігінің өңірлік бөлімшелерінің Қоғамдық қабылдау бөлімімен бейнеконференция ұйымдастыруға да мүмкіндік беретін тегін интернетке кіру нүктесін орнаттық. Ол азаматтарды түрлі қызметтермен қамтуды арттыруға, күрделі мәселелерді көптеп қарастыруға, мемлекеттік орган қызметі туралы, парламент фракциясының жұмысы, дағдарысқа қарсы мемлекет қабылдаған шаралар жайлы ақпарат беруге мүмкіндік береді.
«Қазпочта» АҚ стратегиялық басымдылықтарының бірі компания жұмыскерлері алдындағы әлеуметтік жауапкершілік болып табылады. Компаниямызда өндірістік персоналда 16 мыңнан астам адам қызмет атқарады. Жұмыскерлер алдындағы жауапкершілікті терең түйсіне келе, 2015 жылды пошташы жылы деп жарияладық. Еңбек жағдайын жақсартуға, шығындарды қысқартуға мүмкіндік беретін жоспарланған барлық бастамалар жүзеге асырылды.
Компаниядағы әрбір жұмыскердің кәсіби және жеке бас жауапкершілігін сезіне отырып, компанияны трансформациялау процесіне белсене қатысуы біз үшін өте маңызды.
Нәтижелі жұмыс жүргізетін, бір мүддені көздейтін ұжым табысқа жету кепілі болғандықтан, бұл процесте «Қазпочта» АҚ-ның барлық жұмыскерлері негізгі рөл ойнайтыны сөзсіз. Сенім білдіргендері үшін акционерлер мен серіктестерге, сондай-ақ, нәтижелі және кәсіби деңгейде жұмыс жасап, Компанияның дамуына қосқан үлесі үшін Компания ұжымына алғыс білдіремін.
Құрметпен, Бағдат Мусин ЖЕТІСТІКТЕР ЖӘНЕ ОҚИҒАЛАР, ЦИФРЛАР ЖӘНЕ ФАКТІЛЕР
Негізгі оқиғалар
«Қазпочта» АҚ үшін 2015 жыл түрлі қызмет салаларындағы жарқын оқиғалармен есте қалды, солардың бірі – қызметтің жаңа түрлерінің іске қосылуы, өндірістік процестердің оңтайландырылуы, Интернет-қызметтердің құрылуы, клиенттермен, жұртшылықпен қатынас жасау және қызмет көрсету сапасының артуы және т.б.
Төменде берілген 2015 жылғы күнтізбеде Компания қызметіне ықпал еткен негізгі корпоративтік оқиғалар көрсетілген.