Инфрақұрылым Өндірістік объектілер желісі. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Өндірістік объектілер саны 3380 (2015 жылы – 3 137) бірлікті құрады, оның ішінде:
2 220 пошта байланысы бөлімшесі (556 қалалық және 1 664 ауылдық);
629 пошта байланысы пункті (126 қалалық және 503 ауылдық);
115 жылжымалы ПББ;
188 орталық операциялық учаскелер;
228 төлем қабылдау пункті бар.
Сондай-ақ, 13 облыстық филиал, 2 почтамт (Астана және Алматы ққ.), 7 мамандандырылған бөлімше мен филиал бар:
Көлік. Облыс ішілік және аудан ішілік маршруттар бойынша пошта жөнелтілімдері тасымалы 1 835 автомобиль маршрутымен қамтамасыз етіледі. 2015 жылы 298 бірлік көлік сатып алынды. Компанияның пошталық вагондар паркі 37 бірліктен тұрады, 14 маршрут іске қосылған.
Жұмыскерлер Тізімдік саны – 22 703 адам, оның ішінде:
«Қазпочта» АҚ бизнесін трансформациялау бағдарламасы
Бағдарлама туралы 2015 жылы «Қазпочта» АҚ бизнесін трансформациялау бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) өз жалғасын тапты. Бағдарлама 2014 жылы жоғары корпоративтік басқару деңгейі бар бәсекеге қабілетті әрі тұрақты Компания құру, сондай-ақ, озық әлемдік тәжірибелерді қолданып жұмыс жүргізу қағидаттарын қайта қарау арқылы қаржылық және операциялық тиімділікті арттыру мақсатында іске қосылды. Бұл – негізгі бизнес және өндірістік процестерді, оларды стандартизациялау мен регламенттеуді мұқият талдау және қайта инжинирингілеу.
Есепті жылда Компанияның стратегиялық дамуының бизнес моделі анықталды, бұл бизнесті үздік әлемдік стандарттарға сәйкес жүргізуге және Компанияны басқарудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік берді.
Қызмет көрсету сапасын, үздік тәжірибелерді қолдану мен сәйкессіздіктерді жоюды қамтамасыз ететін бизнес-процестер мен шарттарды оңтайландыру және стандарттау жүргізілді. Жаңа қызметтермен бірге «Қазпочта» АҚ жұмыскерлерінің құзыретінде жаңа талаптар туындады. Жұмыскерлер өз білім-біліктерін арттыру, жаңа мамандық алу мүмкіндігіне ие болды.
Жоспарға сәйкес персоналды дамыту, жұмыскерлерді қайта квалификациялау, оқыту жүйесі арқылы жұмыс дағдысын жақсарту бойынша іс-шаралар өткізілді.
Жұмыскерлер бизнес-процестердің күнделікті қызметіндегі өзгеру мәнмәтінінде жаңа әдістерді, құралдарды және рәсімдерді қолдану жолдарын оқыды. Бағдарлама ғаламдық сын-тегеуріндер жағдайында өзгеруге және өз бизнесін қайта құруға қабілетті Компанияның көркеюіне жол ашты.