Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл



бет4/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

Инфрақұрылым
Өндірістік объектілер желісі. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Өндірістік объектілер саны 3380 (2015 жылы – 3 137) бірлікті құрады, оның ішінде:

  • 2 220 пошта байланысы бөлімшесі (556 қалалық және 1 664 ауылдық);

  • 629 пошта байланысы пункті (126 қалалық және 503 ауылдық);

  • 115 жылжымалы ПББ;

  • 188 орталық операциялық учаскелер;

  • 228 төлем қабылдау пункті бар.

Сондай-ақ, 13 облыстық филиал, 2 почтамт (Астана және Алматы ққ.), 7 мамандандырылған бөлімше мен филиал бар:

  • «Оңтүстік» ақпараттық-логистикалық орталығы;

  • республикалық арнаулы байланыс қызметі;

  • «EMS-Kazpost» филиалы;

  • «Пошталық қызметі» филиалы;

  • «Экспулуатациялық-ақпараттық жүйелер» филиалы;

  • «Корпоративтік сату дирекциясы» филиалы;

  • «Техникалық сервис» филиалы.

Көлік. Облыс ішілік және аудан ішілік маршруттар бойынша пошта жөнелтілімдері тасымалы 1 835 автомобиль маршрутымен қамтамасыз етіледі. 2015 жылы 298 бірлік көлік сатып алынды. Компанияның пошталық вагондар паркі 37 бірліктен тұрады, 14 маршрут іске қосылған.


Жұмыскерлер
Тізімдік саны – 22 703 адам, оның ішінде:



Көлем
Пошталық қызметтер көлемі – 305 млн. бірл., оның ішінде:

  • 189 млн. бірлікке жуық мерзімді баспа;

  • 45 млн. бірліктен астам жазбаша хат-хабар;

  • 33 млн. бірліктен астам басқа көлем (басып шығару, буып-түю, айырбастау);

  • 6,9 млн. сәлемдеме (сәлемдемелер, ұсақ пакеттер, бандерольдер);

  • 0,5 млн. бірліктен астам ірі габаритті сәлемдеме;

  • 4,6 млн. бірлікке жуық халықаралық пошта жөнелтілімдері;

  • 0,6 млн. бірлікке жуық EMS жеделдетілген поштасы;

  • арнаулы байланыс қызметі бойынша көлемі – 1,4 млн. бірліктен астам.

Қаржылық қызметтер көлемі – 905 млрд. теңге, оның ішіне:

  • 27 млрд. теңгеге жуық ақша аударымдары;

  • 77 млрд. теңгеге жуық еңбекақы төлемі;

  • 275 млрд. теңгеге жуық қабылданған төлемдер;

  • 526 млрд. теңгеге жуық зейнетақы және жәрдемақы төлемі;

  • 0,03 млрд. теңгеге жуық басқа да қаржылық қызметтер кіреді.



Нарықты қамту1

  • зейнетақы және жәрдемақы төлеу нарығының 30% үлесі;

  • мерзімді басылымдар нарығының 97% үлесі;

  • жазбаша хат-хабар нарығының 76% үлесі;

  • сәлемдемелер нарығының 62% үлесі;

  • коммуналдық және т.б. төлемдер нарығының 15,2% үлесі.



Жаңарту

  1. МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР




    1. «Қазпочта» АҚ бизнесін трансформациялау бағдарламасы

Бағдарлама туралы
2015 жылы «Қазпочта» АҚ бизнесін трансформациялау бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) өз жалғасын тапты. Бағдарлама 2014 жылы жоғары корпоративтік басқару деңгейі бар бәсекеге қабілетті әрі тұрақты Компания құру, сондай-ақ, озық әлемдік тәжірибелерді қолданып жұмыс жүргізу қағидаттарын қайта қарау арқылы қаржылық және операциялық тиімділікті арттыру мақсатында іске қосылды. Бұл – негізгі бизнес және өндірістік процестерді, оларды стандартизациялау мен регламенттеуді мұқият талдау және қайта инжинирингілеу.
Есепті жылда Компанияның стратегиялық дамуының бизнес моделі анықталды, бұл бизнесті үздік әлемдік стандарттарға сәйкес жүргізуге және Компанияны басқарудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік берді.
Қызмет көрсету сапасын, үздік тәжірибелерді қолдану мен сәйкессіздіктерді жоюды қамтамасыз ететін бизнес-процестер мен шарттарды оңтайландыру және стандарттау жүргізілді. Жаңа қызметтермен бірге «Қазпочта» АҚ жұмыскерлерінің құзыретінде жаңа талаптар туындады. Жұмыскерлер өз білім-біліктерін арттыру, жаңа мамандық алу мүмкіндігіне ие болды.
Жоспарға сәйкес персоналды дамыту, жұмыскерлерді қайта квалификациялау, оқыту жүйесі арқылы жұмыс дағдысын жақсарту бойынша іс-шаралар өткізілді.
Жұмыскерлер бизнес-процестердің күнделікті қызметіндегі өзгеру мәнмәтінінде жаңа әдістерді, құралдарды және рәсімдерді қолдану жолдарын оқыды. Бағдарлама ғаламдық сын-тегеуріндер жағдайында өзгеруге және өз бизнесін қайта құруға қабілетті Компанияның көркеюіне жол ашты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет