Кезекті электронды түрде басқару (КЭБЖ), қызмет көрсету сапасын бағалау жүйесі «Кезекті электронды түрде басқару жүйесі және қызмет көрсету сапасын бағалауды автоматтандыру» жүйесін енгізу жобасы «Компания қызметін жетілдіру бойынша шұғыл (жылдам) шаралар» атты іс-шаралар жоспары аясында да жүзеге асырылуда. Мұндағы негізгі мақсат – клиенттер ағынын басқару, уақытша және сапалы қызмет көрсету сипаттамаларын, сұранысқа ие қызметтерді есепке алу.
Жоба нәтижесі 312 өндіріс объектісіне электронды кезек жүйесі жабдықтарының орнатылуы болып табылады. Іске асыру жоспарына сәйкес мынадай іс-шаралар орындалды:
техникалық спецификация құрылды;
тендер өткізілді және шарт жасалды;
төлемге бақылау жасалды;
жабдықтарды және бағдарламалық жасақтаманы эксплуатациялау бойынша құжаттама әзірлеу;
«КЭБЖ-ны пайдалану туралы» бұйрық бекітілді.
Қалалық телефон нөмірлеріне автоматты түрде қоңырау шалу Клиенттерге сәлемдемелердің келгені туралы қалалық телефон арқылы хабарлау бойынша жаңа қызмет ашылды. Сервиселіміздегі барлық облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында жұмыс істейді.
«Қазпочта» АҚ клиенттерге сәлемдемелердің келгені туралы қалалық телефон арқылы хабарлау бойынша сервис іске қосылғанын хабарлайды. Сервис еліміздегі барлық облыс орталықтарында, сондай-ақ, Астана және Алматы қалаларында да жұмыс істейді.
Қалалық телефон нөмір бойынша автоматты түрде қоңырау шалуды клиентке сәлемдеме типі, трек нөмірі және пошта жөнелтілімін алуға болатын бөлімше мекенжайы туралы хабарлайтын робот жүзеге асырады.
Дыбыстық хабарламаны «1» цифрын қайта басу арқылы үндестілік режимінде тыңдауға болады. Жүйе автоматты түрде клиенттерге күніне 3 рет, жұмыс күндері сағат 8:00-ден бастап 21:00-ға дейін, ал демалыс күндері сағат 10:00-21:00 аралығында, дыбыстық хабарлама тыңдалғанға дейін қоңырау шалады.
Бейнебақылау жүйесі «Фронт-офистерге және пошта вагондарына бейнебақылау жүйесін енгізу» жобасы «Компания қызметін жетілдіру бойынша шұғыл (жылдам) шаралар» іс-шаралар жоспары шеңберінде жүзеге асырылады. Негізгі мақсаты – бөлімшелердің жұмысын бақылау, тасымалданатын пошта жөнелтілімдерінің сақталуын, пошта жөнелтілімдерінің ұрлануын азайту.
Осы жобаның нәтижесі 135 өндірістік объектіге және 35 пошта вагонына бейнебақылау жүйесі жабдықтарының орнатылуы болып табылады. Жүзеге асыру жоспарына сәйкес мынадай іс-шаралар орындалды:
техникалық спецификация бекітілді;
тендер өткізілді және шарттар жасалды;
төлемге бақылау жасалды;
жабдықтарды эксплуатациялау және бағдарламалық жасақтама бойынша құжаттама әзірленді;
ахуалдық орталықтың жұмыскерлерін оқыту жүргізілді;
орнатылған жабдықтар тестілеуден өткізілді.
Халықаралық пошта алмасудың дамуы «Қазпочта» АҚ халықаралық пошта желісі бойынша пошта жөнелтілімдерін жіберуді және алуды қамтамасыз ете отырып, алыс және таяу шетел мемлекеттерімен халықаралық пошта алмасуын жүзеге асырады. Қазіргі таңда электронды коммерция нарығының дамуына байланысты интернет-дүкендер өткізілетін тауарларды ақырғы сатып алушыға жеткізу үшін пошта желісін белсенді түрде пайдаланады.
Негізгі массасын тапсырыс берушіге пошта жөнелтілімі түрінде жеткізілетін
интернет-дүкендердің тауарлары (мысалы, «AliExpress», «Тао-бао», «asos», «e-bay» және т.б.) құрайтын шетелден Қазақстанға келетін халықаралық пошта жөнелтілімдерінің көлемінің өсуінің жоғарылауы ерекше байқалады. Шетелден қарапайым тәртіппен жеткізілетін тіркелмейтін халықаралық пошта жөнелтілімдері (ХПЖ) салымының (заттардың) сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, «Қазпочта» АҚ ақпараттық жүйесіне алушының мобильді нөмірі енгізіле отырып, штрихтік пошта идентификаторы (трек-нөмір) беріледі. Ол «Қазпочта» АҚ өндірістік объектілерінде ХПЖ беруді ұйымдастыру туралы клиентке SMS-хабарлама көмегімен хабарлауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, клиенттер Астана, Алматы, Қарағанды ққ. постоматтарды және Астана қ. сәлемдемелер супермаркетін кеңінен қолданады.
2015 жылы тамызда «Қазпочта» АҚ ДПО-ға кіретін барлық елдермен трекинг жүйесін біріктіруге мүмкіндік берген Дүниежүзілік пошта одағымен (ДПО) интеграциялануды жүзеге асырды. Енді клиент Компания сайтына штрихтік пошта идентификаторын енгізген кезде, жөнетілімнің жылжуын толық көлемде көре алады.