Пайымдау Қазпочта өзінің қаладағы немесе ауылдағы кез келген бөлімшесінде барлық қажетті базалық өнімдер мен сервистердің қолжетімді болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Стратегиялық мақсаттар мен міндеттер Қызметтер сапасын және халықтың сенімін арттыру мақсатында клиентке бағдарлануға назар аудару.
Бизнес-процестердің тиімділігін арттыру.
Технологиялық серпін.
Қалалар мен ауылдардағы мақсатты сегменттердегі бизнестің дамуы.
Стратегиялық мақсаттар үдесінен шығу үшін Компания мынадай міндеттерді айқындайды:
«пошталық қызметтер» профильді бизнесін кеңейту;
логистикалық функцияларды нығайту және сыртқы нарыққа шығаруға дайындау;
қаржылық қызметтерді дамыту;
операциялар тиімділігін арттыру;
сенімділік және сапа брендін дамыту;
ұйымдастырушылық әлеуетті дамыту.
Пошта индустриясының заманауи даму үрдістері өзгерушіліктің жоғары деңгейін, әсіресе әлемдегі ағымдағы экономикалық дағдарыстың әсерінен өзгеретінін көрсетеді.
Ұлттық почта операторы жұмысының дәстүрлі моделінің өзгеру динамикасына әсер ететін негізгі себептер:
ақпаратты берудің электронды құралдарына өту нәтижесінде дәстүрлі почта жөнелтілімдерінің (қағаз) көлемін қысқарту;
электрондық коммерция нарығы өсімінің қарқынды динамакасы нәтижесінде, посылкалық жөнелтілімдер көлемінің өсуі;
почтаға деген сенім деңгейінің жоғарылауына және кең филиалдық желінің болуына байланысты қаржы қызметтері көлемінің өсуі болып табылады.
Жаңа «Қазпочта» АҚ даму стратегиясының негізгі акценттері Дүниежүзілік почта одағының стратегиясы жөніндегі конференцияларда танылғандай,әлемдік экономиканың құрамдас бөлігі ретіндегі әлемдік почта индустриясы үшін жетістікті және тұрақты дамудың негізгі тұжырымдамалары мыналар болып табылады:
диверсификация – қолданыстағыларды кеңейту және жаңа аралас нарықтарды игеру, осы нарықтарға қосымша өнімдерді енгізу;
инновациялар – озық почта әкімшіліктерінің негізгі басымдылығы болып табылатын экономиканың, білімнің негізгі жетістіктерін қолдануда қазіргі заманғы инфокоммуникациялық технологиялардың жетістіктеріне негізделген жаңа процестер мен өнімдер.
«Қазпочта» АҚ бизнесін диверсификациялау негізгі нарық үдерістеріне сүйенуі керек, мұнда біз бар почта және қаржы бизнесіне өзіміз үшін анық белгілеп қойымыз керек, қосымша жаңа бағыттардың қажеттігін көреміз, атап айтқанда:
агенттік қызметтер;
логистикалық қызметтер;
электрондық коммерция қызметтері.
«Қазпочта» АҚ сату арналары мына түрлерге де анық диверсифицияланған болуы керек:
табиғи сату арналары: Компанияның бар бөлімшелер желісіне келген кезде клиенттерге қызмет көрсету (Компания қызметкерімен клиенттің тікелей байланысы);
автоматтандырылған сату арналары: Компания қызметкерінің қатысуынсыз клиенттердің өзіне-өзі қызмет көрсетуі (постаматтар желісі және ақшаны қабылдау және аудару бойынша терминалдар);
қашықтықтан/онлайн сату арналары: Компанияның вебсайты және мобильдік қосымшалар арқылы қызмет көрсету.
Стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру «Пошталық қызмет» бизнесін кеңейту. Бұл мақсатқа жету үшін Компания технологиялық процестерді жұмылдыру мен логистикалық өндірістік қуатты күшейту арқылы сәлемдемелер жөнелтілімінің жылдамдығын және сақталуын арттыру бойынша іс-шаралар өткізді. Сәлемдемелер жөнелтілімін мына бағыттар бойынша көлік тарасымен тасымалдау технологиясы енгізілді: Алматы-Ақтөбе, Астана-Ақтөбе.
Пошта жөнелтілімдерін өңдеудің технологиялық процестеріне талдау жүргізілді. Технологиялық процестерді конвейерлік механизмдерді, мамандандырылған жұмыс орындарын қолдану арқылы пошта жөнелтілімдерін лектік өңдеуді ұйымдастыру жолыменоңтайландырудың тұжырымдамалық схемасы әзірленді.Сатып алулар жүзеге асырылды, конвейерлік механизмдерді монтаждау, іске қосу және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жабдық эксплуатацияға енгізілді.
Электронды коммерция нарығына арналған арнаулы өнімдер әзірленіп, іске қосылды. Жеке алғанда, «ҚР-да постоматтар желісін құру» жобасы іске асырылды. Қазіргі уақытта еліміздің барлық ірі қалаларында постоматтар орнатылды.
Қызметтерді әзірлеуге және операциялық шешімдерді қабылдауды икемдеуге қатысатын барлық өндірістік процестердің сапасын бақылау мақсатында,EMS-Kazpost дербес филиалы ашылды. Жаңа қызметтер енгізілді: «ТМД елдеріне және алыс шетелдерге жөнелтілімдерді Экспресс Премиум жеткізу», «EMS импорты».
Сұранысқа ие өнімдер мен қызметтерді («Маркетинг-микс», Компанияның нарықтағы жайғасымы, қанағаттандырылу және сегментация талдауы және т.б.) анықтау бойынша кешенді маркетингілік зерттеу іс-шараларыөткізілді. Пошталық, курьерлік, банк және логистикалық қызметтер нарығы зерттелді. Қызметтер мен өнімдерге арналған жарнама компаниясы жасалды.
Нарықтағы қажеттіліктерге сай пошта қызметтерін құру үшін пошталық қызметтердің ақысынPOSтерминалдар арқылы төлеу функционалы енгізілді. Шарт бойынша төлемді көп функциялы тасымалдау құрылғысы (КТҚ) арқылы төлеу мүмкіндігі пайда болды. Интернет-жазылым бойынша қызмет жүзеге асырылды. Сәлемдемелер бойынша SMS-хабарламалар жіберу іске асырылды.