Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл



бет15/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

почта байланысының көрсетілетін қызметтері:

  1. пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері;

  2. тiркелетiн пошта жөнелтiлімдерiн жiберу бойынша көрсетілетін қызметтер;

  3. жедел және курьерлiк көрсетілетін қызметтер;

  4. жазылым бойынша мерзімді баспа басылымдарын тарату және бөлшек сату;

  5. филателиялық өнімді сату;

  6. ҚР заңнамасына сәйкес пошта байланысының өзге де көрсетілетін қызметтері.

қаржылық қызмет және көрсетілетін қаржылық қызметтер:

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген тәртiпте брокерлiк және трансфер-агенттiк қызмет;

  2. зейнетақы төлемдерін және әлеуметтік төлемдерді жеткiзу бойынша көрсетілетін қызметтер;

  3. жеке және заңды тұлғалардың депозиттерiн қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргiзу;

  4. аударым операциялары;

  5. банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау;

  6. шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыру;

  7. заңды тұлғалардың тапсырмасы бойынша бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнiң чектерiмен мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсетуге арналған есеп айырысуларды жүзеге асыру;

  8. корреспонденттiк шоттарды ашу және жүргiзу;

  9. төлем карточкаларын шығару;

Көрсетілетін агенттік қызметтер:

  1. теміржол билеттерін ресімдеу;

  2. кредиттерді ресімдеу (тауар, ақшалай);

  3. лоторея билеттерін сату;

  4. сақтандыру компаниясы көрсететін қызметтерді сақтандыру шарттарын жасасу.


    1. Тарих және негізгі мәліметтер

Қазақстан почтасының тарихы мемлекетіміздің аумағында почта байланысы дамуыныңнегізгі үш: революцияға дейінгі, кеңестік және тәуелсіз (1991 жылдан бастап) кезеңді қамтиды.
Почта өздігінен ақпарат беру мен мемлекетті басқару құралы ретінде пайда болды, кейіннен ғана халықтың кең жігіне қолжетімді бола бастады. Соңғы уақытта белсенді түрде дамып келе жатқан телефония мен Интернеттің ығыстырғанына қарамастан, олбайланыс және ақпарат құралы еліміздің басқару процесінің дамуына қалай себепші болатынына үлгі болып қала береді. Солай, жүз жыл өтсе де мемлекеттік басқару процесіне қызмет көрсетумен ақпаратқа қолжеткізуді қамтамасыз ету міндеті «электрондық үкімет» алдында тұрады.
Қазақстан аумағында бірінші почта байланысы бөлімшесі Ресей империясыкезінде1860 жылы Верный (қазіргі Алматы) қаласында ашылды. Кейіннен ол 1883 жылы қарамағында 14 почта байланысы бөлімшесі бар почта-телеграф кеңсесі болып қайта құрылды.
КСРО-да 1924 және 1991 жылдар аралығында Қазақ КСР почтасы бірыңғай кеңестік байланыс жүйесінің ажырамас бөлігі болды, республиканың аумағында почта алымдары Кеңес Одағының маркаларымен төленді.
ҚР тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы аясында оның халықаралық сахнада танылуына зор көңіл бөлінді, бұл халықаралық одақтар мен ұйымдарға кіруді, стратегиялық маңызды салаларда өзара ынтымақтастық үшін бірыңғай қағидалар қабылдауды көздеді.
2006 жылғы 7 маусымнан бастап «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамның жалғыз акционері болып табылады.



    1. Жаңа Даму стратегиясы

2015 жылы Компанияның 2022 жылға дейінгі Даму стратегиясының жаңа редакциясы бекітілді. Онда Компанияның ұзақ мерзімді кезеңдегі негізгі басымдылықтары мен даму бағыттары көрсетілді. Алдын ала үлкен жұмыстар жүргізілді. Жеке алғанда, Компания Басқармасы мүшелерінің, бөлімшелер басшыларының, Қор мамандарының, Компанияны трансформациялау тобының, Қордың трансформация командасының, «Назарбаев Университеті» АҚ-ның қатысуымен Қоғамды дамыту, жаңа Миссиялары мен Пайымдарын, жүзеге асыруға арналған жаңа бастамаларды айқындау, Қордың трансформация командасының, «Ernst & Young» халықаралық консалтингілік компаниясының мамандарының қатысуымен Компанияны трансформациялау тобы әзірлеген«КНҚ Шежіресін» және «Тәуекелдер шежіресін» қолдану мәселелері жөніндеқызметтік кездесулер өткізілді.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде ұсынылып отырған редакциядағы Стратегия жаңа стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді, жаңа стратегиялық КНҚ-ті айқындады, олардың үдесінен шығу және іске асыру қалалар мен ауылдардағы қазақстандықтарды заманауи, қолжетімді және сапалы өнімдермен және қызметтермен қамтамасыз етуге, мемлекеттің сенімді жетекшісі әрі ауылдағы бизнес серіктесі болуға, тұрақты әрі нәтижелі кәсіпорын атануға мүмкіндік береді.
Стратегия сыртқы және ішкі факторлардың талдауы, ел аумағы мен халық санына әрі пошталық, қаржылық және басқа да қолданылуы ықтимал сервистерге байланысты ұқсастықтарға орай тәжірибесі Компанияда қолдануғапайдалы Australia Post, Canada Post, PostNord, Posten Norge, Deutsche Post и Poste Italiane сынды шетел операторлары жөніндегі бенчмаркинг негізге алынып әзірленді.
Стратегияны іске асыру үш кезеңде жүзеге асырылады деп топшылануда:
2015-2016 жылдар: Көрсетілетін қызметтер сапасына инвестиция құю.

  • Өнім белгісіне жұмсалғаншығындар аллокациялау.

  • Халықаралық стандарттарға сай сапас стандарттарын әзірлеу және енгізу.

  • Сапа мониторингі мен бақылау жүйесін әзірлеу және енгізу.

  • Жаңа өнімдерді/қызметтерді енгізу.

  • Клиенттік арналарды дамыту (технологиялылығына назар аудару).

  • Бизнесс процестердің айқындылығын қамтамасыз ету.

2016-2018 жылдар: Құзыреттілікті құру және дамыту. Нарықтағы үлесін алуға үшін платформаларды жетілдіру.

  • Нарыққа жаңа өнімдерді шығару.

  • Мақсатты клиенттік сегменттерді айқындау және олармен жұмыс жасау.

  • Өтеу моделін енгізу (қала-ауыл).

  • Бизнес-қызметтің барлық бағыттары бойынша мақсатты бизнес-процестерді енгізу.

  • Шектеулікті бақылау жүйесін енгізу.

  • Корпоративтік мәдениетті дамыту.

  • Сату арналары арасындағы қатынастарды оңтайландыру (тиімділгі төмен қызметтерді қашықтықтағы арналарға ауыстыру).

2019 – 2022 жылдары: Нарықтағы Қоғам үлесін алу және ұлғайту.

  • Нарықтағы тауарлар мен қызметтерді белсенді түрде көтеру.

  • Өнімдік және технологиялық стратегиядағы жетекшілікті іске асыру.

  • Мақсатты сегменттердегі сауданы арттыру.

  • Шектеулілікті арттыру.

  • Жаңа технологиялық шешімдерді іске қосу.

  • Мақсатты сегменттердегі үлесті арттыру.

  • Халық арасындағы сыртқы имиджді арттыру.



Миссия
Қазпочта қалалар мен ауылдарды, елдер мен құрлықтарды байланыстырады, тілдесім уақыты мен қашықтықты қысқартады, қазақстандықтарды пошта және қаржы салаларындағы заманауи, тиімді әрі сапалы өнімдермен, сервистермен қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет