Интернет-банкинг Заңды тұлғаларға арналған «Интернет-банкинг» жүйесінің жаңартылған нұсқасы іске қосылды, жүйе арқылы жүргізілетін қызметтер мен операциялар түрі кеңейтілді.Жаңартылған нұсқада мынадай міндеттерге түзетулер енгізілді:
төлем құжатын жасау кезінде деректемелрді автоматты түрде шығаруға мүмкіндік беретін контрагенттер мен жұмыскерлер анықтамалығын құру;
төлемді файлда жасау және Интернет-банкинг жүйесіндегі МТ 100 форматында экспорттау;
клиент, заңды тұлғазаңды тұлғаларға қызмет көрсету бойынша менеджерге Интернет-банкинг жүйесімен қолма-қол ақшасыз төлем жіберген кезде автоматты режимде хабарлама құру;
Төлем карточкалары Пошталық және коммуналдық қызметтерді POS-терминалдар арқылы байланыс бөлімшелерінде төлеу жүзеге асырылды. Зейнеткерлерге арналған «Казкоммерцбанк» АҚ банкоматтарынан тегін қолма-қол ақша алу тарифі енгізілді. Post.kz қаржы порталында және мобильді қосымшада Card2Cash және Card2Card аударымдары жүзеге асырылды. Компания жұмыскерлері мен клиенттерге арналған корпоративтік карточкаларды шығару жобасы іске қосылды.Жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді аударуға арналған төлем карточкасыпайдаланылатын арнайы ағымдағы шоттар бойынша өнім енгізілді.
Төлем карталарын ұстаушылардың жолданымы Компанияның бірыңғай Байланыс орталығына көшірілді.
Брокерлік қызмет «Интернет-трейдинг» жобасын іске қосу 2015 жылдың қараша айында брокерлік қызмет көрсетудегі Қоғам клиенттеріне қашықтықтан қатынау жолымен «онлайн» режимде Қазақстан қор биржасында бағалы қағаздарды сатуға мүмкіндік беретін «Интернет-трейдинг» платформасы эксплуатацияға енгізілді. Интернет-трейдингтің клиенттер үшін артықшылықтары:
• құжат айналымының азаюы;
•бағалы қағаздар саудасы операцияларын өз бетінше жүргізу;
• ақшалай қаражаттар мен биржадағы ашық жайғасымдар жағдайыннақты уақыт режимінде бақылауды іске асыру;
• биржалық ақпарат нақты уақытта беріледі;
• тарифтік пакеттер бағасының төмендігімен ерекшеленеді.
Www.post.kzарқылы сәйкесінше тіркелгеннен кейін «Интернет-трейдинг»платформасына кіру мүмкіндігі қосымша жүзеге асырылды.
Т+2схемасы бойынша қор нарығында мәмілелерді есептеу жүйесіне көшу (мәміле жасасқаннан кейінгі екінші жұмыс күнінің есеп айырысулары). 2015 жылдың қараша айынан бастап «Қазақстан қор биржасы» АҚ талаптарына сәйкес Қоғам кезең-кезеңменТ+2 схемасы бойынша қор нарығында мәмілелерді есептеу жүйесіне көшті.Сонымен қатар, брокерлік қызметті қолдайтынбағдарламалық жасақтамаларды қайта баптау және түзету бойынша жұмыс уақтылы әрі сәтті орындалды, сондай-ақ, облыстық филиалдардың брокерлік қызмет бойынша мамандарын оқыту жүргізілді.
«Қазақстан қор биржасы» АҚ-дан марапат алу 2015 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ Қоғамды «2015 жылы биржалық акциялар нарығының дамуына қосқан үлесі үшін» күміс дипломмен марапаттады.
Валюта айырбастау операциялары Айырбастау операциялары бойынша жұмыс жасау тәртібі ҚР Ұлттық банкінің талаптарына сәйкес толықтырылды. Клиенттің ЖСН, аты-жөні мен төлқұжат деректерін міндетті түрде толтыру арқылы айырбастау операциясын жүргізу түзетілді. Сатылған және сатып алынған валталар тізілімі мен ҚР ҰБ талаптарына сәйкес ҚР ҰБ-ға ай сайынғы есеп әзірленді.
Есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету Заңды тұлғаларға есеп айырысу шотын ашу рәсімі оңтайландырылды, мынадай құжаттарды нотариалдық куәландыру талаптары жойылды:
ағымдағы банк шотын ашуға арналған құрылтай құжаттары;
құжатта көрсетілген қолтаңба мен мөрдің баспа таңбасының үлгісі бар тұлғалардың қолтаңбалары.
Мына қызметтер автоматтандырылды:
заңды тұлғалар шотын жүргізгені үшін комиссиялық сыйақы алу.Жүйе бұғаттауды, тыйым салуды, шоттағы қалдықты тексеруді және комиссияны есептен шығаруды автоматты түрде іске асырады;
тапсырманың төлем талаптарымен төлеку кезінде комиссия алу;
салық органы (ӨШОТ-қа – салықты және басқа операцияларды төлеуден басқа өкімдер мен шығыс операцияларын тоқтата тұруға) бұғат салу кезеңінде ағымдағы банк шоттары бойынша Қоғам көрсеткен қызметтер үшін есептелген комиссияларды алу.
Зейнетақы және жәрдемақы Подписан новый договор с РГКП «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» (ЗТМО) РМҚК-мен жасасқан жаңа шартқа қол қойылды. Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша «Қазпочта» АҚ-дағы зейнетақы және жәрдемақы төлеу бойынша қызмет көрсету ережелері» өзектендірілді.
ЗТМО базасын ауылдық елді мекендердегі зейнетақы/жәрдемақы алушылар базасымен салыстыру, ауылдардағы зейнетақы және жәрдемақы алушыларды ағымдағы шот бойынша қызмет көрсету түріне ауыстыру бойынша іс-шаралар өткізілді.
«Қазпочта» АҚ бөлімшелері арқылы ЗТМО-дан зейнетақы мен жәрдемақыны төлеуді іске асыру кезінде операциялық тәуекелдерді азайтуға және алаяқтық әрекеттердің алдын алуға бағытталған зейнетақы және жәрдемақы шоттары бойынша жария шаттар, Іс-шаралар жоспары бекітілді.
Кіріс/шығыс операциялары бойынша зейнетақы және жәрдемақы алушыларға «СМС хабарлама» қызметі іске қосылды.
Қаржылық қызметтер көрсету кезіндегі алаяқтық операциялар тәуекелін азайту Қаржылық қызметтер көрсету кезіндегі алаяқтық операцияларын азайту мақсатында тиісінше іс-шаралар өткізілді. Жеке алғанда, клиенттердің құжаттамаларының болуы мен толық жасалуын қалқымалы терезе түріндегі онлайн бақылау жүйесі енгізілді. Банк шотын/салымын ашу кезіндебарлық қажетті бланкілерді басып шығару автоматтандырылды. Еркін құбылмалы айырбас бағамы режиміне өтуге байланысты өтемақы төлеуге арналған шұғыл депозиттерді қайта ресімдеу үшін депозиттерді түгендеу жүргізілді. 1 жылдан астам қозғалыссыз жатқан нөлдік қалдығы бар банк шоттарын жабу процесі автоматтандырылды. Ағымдағы барлық шот түрлеріне, оның ішінде клиенттерге өнімге сәйкес келмейтін шарттар үлгісін беруді жою мақсатында зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге арналған Ағымдағы банк шотының жеке тұлғамен жасасқан шарты (жария шарттар) іске қосылды. ЖЖЕ айыппұлдарын, салық төлемдері мен бюджет төлемдерін төлеу кезінде деректемелер мен төлем сомаларын онлайн-бақылау жүзеге асырылды. Астана почтамты мен Павлодар ОФ АПББ-ларында ағымдағы шоттардың тізімдерінен 313 алушығазейнетақы мен жәрдемақыны беру бойынша сынамалы жобаны іске қосу жүзеге асырылды.
Автоматтандырылған пошта байланысының ауылдық бөлімшелерінде тізімдеме тізімінен ағымдағы шоттарға – 200 мыңнан астам зейнетақы және жәрдемақы алушы, карточкалық шоттарға 30 мыңнан астам зейнетақы және жәрдемақы алушы көшірілді. Тізім-ведомостарды автоматтандыру жөніндегі «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Дирекциясымен тәуекелдерді азайту бойынша Іс-шаралар жоспары бекітілді.
AML қаржы мониторингі жүйесі 2015 жылы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарын орындау процесін автоматтандыру»аясында «AML қаржы мониторингі жүйесі» (бұдан әрі – AML жүйесі) енгізілді. AML жүйесін енгізудегі негізгі мақсат – «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының талаптарын орындау процесін автоматтандыру.
AML жүйесі қаржы мониторингіне жататын, сондай-ақ, Компанияның ақпараттық жүйелерінде жүргізілетін күмәнді және әдеттен тыс операцияларды анықтау үшін әзірленді.
Соңында мәліметтер ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетіне жіберіледі, осыұйымның қосымша сұратуларын өңдеуді және жеткізуді бақылау іске асырылады.
Сүйемелдеу әдістемесі Решением Правления «Қазпочта» АҚ Басқармасының шешімімен мынадай құжаттар бекітілді:
«Қазпочта» АҚ-дағы зейнетақы және жәрдемақы төлеу бойынша қызмет көрсету ережелері;
«Қазпочта» АҚ төлем карточкалары бойынша техникалық овердрафтың рұқсат етілу тәртібі»;
заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің «Қазпочта» АҚ-дағы банк шоттары бойынша операциялар орындау ережелері;
Еркін құбылмалы айырбас бағамына өтуге байланысты және т.б. «Қазпочта» АҚ-да ұлттық валютада (теңге) ашылған жеке тұлғалардың шұғыл салымдары бойынша өтемақы төлеу тәртібі.
Мынадай құжаттарға өзгерістер мен қосымшалар енгізілді:
«Қазпочта» АҚ төлем карточкаларын шығару және қызмет көрсету ережелері (төлем карточкаларын қооданып арнайы шоттарды енгізу);
«Қазпочта» АҚ Басқармасы және т.б. шешімімен бекітілген «Қазпочта» АҚ-дағы жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар жүргізу ережелері