Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл



бет11/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

Төлем жүйелері. Іскерлік стратегиялық ынтымақтастық шеңберінде Master Card халықаралық төлем жүйесімен ынтымақтастық жасау туралы шарт бекітілді. Қызмет көрсетуге енгізілді. American Express халықаралық төлем жүйесінің карталары Компания банкоматтары мен терминал құрылғыларында қызмет көрсету үшін енгізілді.
Жаңа поша индекстері. Жобаны және Postcode.kz ақпараттық жүйесінің сынамалы нұсқасын сынамалы тестілеу екі қалада (Астана, Петропавл) іске қосылды.
Клиент тұлғасын сәйкестендіру жүйесі. «Клиент тұлғасын сәйкестендіру жүйесі» жобасы «Компания қызметін жетілдіру бойынша шұғыл (жылдам) шарлар» іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылады. Оның негізгі мақсаты – ішкі алаяқтықты, дәлірек айтсақ, жалған қол қоюды азайту.
Жоба нәтижесі «Қазпочта» АҚ байланыс бөлімшелеріне шоттар бойынша операцияны орындауға бару кезінде клиент тұлғасын сәйкестендіру болып табылады.
2015 жылы жабдықтарды қосу және қолдану процестері бойынша техникалық тапсырма әзірленді. Жабдықтар сатып алынды.



    1. Қаржылық қызметтердің дамуы

Депозиттер
Еркін құбылмалы айырбас бағамына өтуге байланысты шұғыл депозиттерді қайта ресімдеу юойынша іс-шаралар өткізілді.
Қалқыма терезе түріндегі онлайн бақылау жүйесі – клиент құжаттамасының жасалуы және толықтығы, клиенттің телефон нөмірінің болуы, қолдану мерзімі өткен құжаттың болуы туралы ақпараттарәзірленіп, енгізілді.
Банк шотын/салымын ашу процесінде барлық керекті бланкілерді басып шығару автоматтандырылды.
Ағымдағы шоттардың (зейнетақы, жәредемақышоты және карта шоттарынан басқа) барлық түрлеріне арналған ағымдағы банк шотының жеке тұлғамен жасасқан Шарты (Жария Шарттар) іске қосылды.


Ақша аударымдары
Сәлем теңге. ҚР бойынша шұғыл аударымдар бизнесс-процесі – «Сәлем теңге» оңтайландырылды: SMS-қызмет енгізілді; шұғыл аударымды қабылдау және беру рәсімі жеңілдетілді; шұғыл аударымды қаылдау және беру бойынша бланкілер оңтайландырылды.
Шұғыл аударымның жоғары сомасы өзгертілді және шұғыл аударымды санкциялау мен қайтару рәсімдері қайта қаралды. Талап етілмеген шұғыл аударымның шұғыл аударымдар картотекасына орналастыру мерзімі ұзартылды. Пошта байланысы бөлімшелеріндегі, орталық операция учаскелеріндегі күндізгі лимиттер ұлғайтылды.
Western Union. Western Union халықаралық ақша аударымдары бойынша Шарттың тарифтер бөлімі қайта бекітілді, 2015 жыл қорытындысы бойынша Қоғам сауда нүктелерін көбейткені үшін «Western Union» Компаниясынан бонустық сыйақы алды.
Юнистрим. 2015 жылдың маусым айында Юнистрим жүйесімен интеграциялау нәтижесінде халықаралық аударымдардың жаңа түрі іске қосылды.


Төлемдер
Онлайн төлемдер.Астана-ЕРЦ, «Қазақтелеком» және т.б. тәрізді қызметтер мен тауарларды жеткізушілер пайдасынаонлайн режимде төлемдерді қабылдау жүзеге асырылды. Жол жүру ережесін бұзғаны үшін төленетін айыппұлды онлайн режимде көруді және төлеуді жүзеге асыру үшін деректер қорымен, бағдарламалық жасақтамамен интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілді. Коммуналдық төлемдерді post.kz арқылы төлеу жүзеге асырылды.
Салық төлемдері. Интеграциялау жолымен қабылданған төлем туралы онлайн режимдегі ақпаратты табыстау арқылы салықты және басқа да төлемдерді бюджетке қабылдау жүзеге асырылды.
Салық төлемдерін төлеу кезіндегі қателіктерді және қайтарымдарды жою мақсатында салық және аумақтық салық органының түріне сәйкес келетін бюджеттік сыныптама кодының сәйкестігін бақылау функционалы іске асырылды.
Е-нотариат. Е-нотариат деректер қорымен интеграциялау бойынша іс-шаралар өткізілді. Қоғам бөлімшелерінде жылжымайтын мүлік өтінімінің жиырма мәнді нөмірі бойынша онлайн режимде тіркеу үшін төлем қабылдау жүзеге асырылады.
Шарт бойынша төлем.«Колвир» КАЖ жүйесінде алушы деректемелерін автоматты түрде толтыру және төлемді бақылау функциясы бар «Шарт бойынша төлем» және «Сәлемдемелерді беру» модульдерін байлау бойынша түзетулер жүргізілді. Өнімдер бойынша шарт бойынша төлемді төлегеннен кейін сәлемдемелерді беруге автоматтандырылған бақылау орнатылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет