Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл



бет7/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

Интернет-жазылым
Бұл қызмет түрі мерзімді баспасөз жазылымдарына жазылымды Интернет арқылы ресімдеуге мүмкіндік береді. Мерзімді басылымдар жазылымының жаңа заманауи форматы 2014 жылы басталды. Жазылым Трансформациялау бағдарламасы шеңберінде құрылған www.postmarket.kz сайтында қолжетімді.
Интернет желісін қолданушы көрсетілген республикалық газеттерге жазыла алады. Клиенттер каталогтан көрсетілген республикалық газеттерді ғана емес, Компанияның «Газеттер мен журналдар» каталогында орналасқан таяу шетел басылымдарын да үйден, кеңседен шықпай-ақ, таңдай алады. Ресімдеу процесі қарапайым: сайтта тіркеліп, каталогтан жазылу қажет басылымды таңдап, банк картасынан төлем жасау керек, қалғанын клиенттің орнына Компания жұмыскерлері істейді.
2015 жылы «Интернет жазылым» сервисін енгізген сәттен бастап 1724 адам жазылымды Интернет арқылы ресімдеді. 1,5 млн. теңгеден астам сомаға республикалық, жергілікті және шетел басылымдарына жазылым ресімделді.


Төлем бойынша деректерді мемлекеттік бюджетке табыстау
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен әрі қарай мемлекеттік органдарға табыстауға үшін мемлекеттік бюджетке қабылданған төлемдер туралы деректерді онлайн түрде табыстау бойынша интеграция жүргізілді. Бүгінгі күні жоба тәжірибелік пайдалану сатысында.
«Ахуалдық орталық құру» жобасы
Осы жоба есептік кезеңде эксплуатацияға енгізіліп, негізгі жұмыс аяқталды, қазірспутниктік навигацияны енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Құрылған ахуалдық орталықты пайдалану мүмкіндігінің шоғыры көрсетілетін қызметтер сапасын бақылауды күшейту арқылы қызмет көрсету сапасын жақсартуға, сондай-ақ, Қоғам ішінде клиенттерге қызмет көрсетуге байланысты мәселелерге оперативті түрде әрекет етуге мүмкіндік береді. Оған:

  • пошта жөнелтілімдерінің жылжуының бақылау мерзімінің;

  • электрондық кезектің;

  • спутниктік навигация желісіне (GPS) қосылған Компания автокөліктерінің

мониторингтері де кіреді.
Ахуалдық орталық пен орнатылған жабдықтар жұмыс бойынша жиналыстар өткізуге, қашықтықтан оқытуға және байланыс бөлімшелеріндегі фронт-офистердің, пошта вагондарының, жүктерді тиеу мен сұрыптау орталығындағы сұрыптау процесінің, байланыс орталығының, постаматтардың бейнемониторингін жасауға арналған бейнеконференцбайланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Лауазымдық нұсқаулық, оперативті ахуалдық орталықтың «Қазпочта» АҚ-мен өзара әрекеттестік регламенті жасалып, бекітілді. 2015жылы бейне-конференциялық байланыс көмегімен 92 оқыту ісі, 172 жиналыс, 11 тестілеу жұмысы және 6 көрсетілім өткізілді. Сонымен бірге, есепті кезеңде IT жүйелерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету бойынша көп жұмыс атқарылды. 100-ден астам жоба іске асырылды, оның ішінде:

  • кезекті электронды түрде басқару және қызмет көрсету сапасын автоматтандыру жүйесін енгізу;

  • операторларға арналған электронды пошта құру;

  • Service desk функциясын орталықтандыру;

  • Service desk-ті байланыс орталығының қоңырауларына қосу; директорий активтерін енгізу;

  • Компанияның байланыс орталығына арналған телекоммуникация және байланыс жүйесін енгізу;

  • Ахуалдық орталыққа арналған телекоммуникация және байланыс жүйесін енгізу;

  • «телефония-астериск» жүйесін енгізу; «телефония-вкс» жүйесін енгізу;

  • sms хабарламаларды жіберудің бірыңғай механизмінің енгізу және арзандату;

  • фронт-офистердегі бейнебақылау жүйесін енгізу жобалары бар.



Байланыс орталығының модернизациялануы және дамуы
Электронды арналар мен телефон байланысы арқылы қызмет көрсету көмегімен Клиенттермен сыртқы коммуникация жасауды нығайту үшін клиенттермен байланыс жасаудың бірыңғай нүктесін қамтамасыз ету жолымен Байланыс орталығы құрылды.
Қазіргі кезде Компанияға келіп түскен барлық жолданымдардың 95%-ы Байланыс орталығы арқылы түседі, 20 секунд ішінде (күн сайын) 75%-дан кем емес қоңырауға жауап беріледі. Жүйедегі кіріс қоңыраулары мен онлайн жолданымдарды бағдарлау ережелері құрастырылды, сөйлесу жазылады. Операторлар жұмысының барлық негізгі көрсеткіштері, қоңыраулар кезегінің жағдайы қадағаланатын есептілік және нақты уақыт режимінде қоңырауларды қабылдау процесінің оперативті мониторингі жүйесі құрылды. Клиент жолданымдарының тарихын қарап шығу мүмкіндігі бар клиент карточкасы, жүйеде жолданымдарды тіркеу карточкасы жасалып, жүзеге асырылды. Жүйеде жұмыс жасау бойынша қашықтықтан оқыту жүргізілді.
Өнімді жұмыс пен Байланыс орталығы операторларына қолайлы жағдай жасау үшін Алматы поштамтында қосымша ғимарат бөлініп, бір ортақ операторлық зал ұйымдастырылды. Байланыс орталығы заманауи коммуникация құралдарымен жабдықталып, қоысмша операторлық кабиналар орнатылды, операторларды іште оқуына және демалуына арналған кеңсе жұмыс істейді.
Опрераторлық залда бақылау бейнекамералары орнатылды, кескін Байланыс орталығы басшысы мен оперативті ахуалдық орталық алдындағы монитор арқылы таратылады.
Байланыс орталығы жұмысының регламенті, Клиенттерге телефон арқылы қызмет көрсетудегі басшылық және Байланыс орталығы операторларының жұмыс барысында қолдануына арналған тілдік конструкциялар жасалып, бекітілді. ҚР еңбек заңнамасы нормаларын сақтай отырып бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес аптасына жеті күн – жұмыс күнінің Тәуліктік режимі орнатылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет