Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл



бет9/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

Үлестіру орталығы (Қарағанды қ.)
Жоба тасымалдау, қаттау, сұрыптау және қорларды қашықтықтан жасалатын сауда және Интернет-дүкен кәсіпорындары тарапынан келетін болжалды сұранысқа сәйкес басқару бойынша өндірістік қуатты артыру мақсатында енгізілді. Қазір үлестіру орталығы тәуліктік режимде пайдаланылады.
Пошта жөнелтілімдерін сапалы өңдеуге арналған поштаны сұрыптау және тасымалдау учаскесінің көлемінің шағын болуы, ірі габаритті жүктерді немесе палеттегі ауыр салмақты жүктерді қабылдау мүмкіндігінің болмауы, транзиттік ірі габаритті пошта жөнелтілімдерін сақтауға арналған қойма жайларының жетіспеуі, сондай-ақ, қосымша ғимарат құрылысын жасау мүмкіндігінің болмауы жобаны жүзеге асыруға негіз болып табылады. Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде қазіргі уақыттаавтокөлікцехы базасында үлестіру орталығының ашылуыжәне оғансәлемдемелер поштасын өңдеу учаскесінің, ірі габаритті пошта жөнелтілімі мен сақтандыру учаскесін қабылдау пунктінің орналастырылуы есебінен өндірістік алаңдар кеңейді. Пошта жөнелтілімін қабылдау, өңдеу, сұрыптау және бітеумен байланысты жұмыскерлерге еңбек жағдайы жасалды. Бұдан бөлек пошта вагондарының альтернативі ретінде жаңа магистралдық автомобиль маршруттары ашылды. Пошта жөнелтілімдерін ауыр жүк автокөлігіне тиелетін пошта контейнерлерінде тасымалдау енгізілді.
Жобаны іске асыру және енгізу кезеңінде Қарағанды қ. үлестіру орталығы ғимаратын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Контейнерлер, стеллаждар, рольгангілер сатып алынды. «Алматы-Қарағанды-Астана» автомобиль маршруттары, Екібастұз, Павлодар және Семей қалаларының пунктілері арқылы өтетін «Қарағанды-Өскемен» жаңа автомобиль маршруты іске қосылды.


Тіркелетін пошта жөнелтілімдерінің автоматтандырылған желісі
Еңбек өнімділігін арттыру мақсатында Компания тіркелетін пошта жөнелтілімдерін сұрыптаудың автоматтандырылған желісін енгізуді жүргізеді.
Сұрыптау желісінің негізгі міндеті – пошта жөнелтілімдерінің жеке топтарға автоматты түрде үлестіру, бар бағыттар бойынша егжей-тегжейлі және жалпы сұрыптау.
Есепті жылда тәжірибелік тестілеу өткізілді жәнесұрыптау желісі тәуліктік режимде эксплуатацияға енгізілді, оның енгізілуіне байланыстысұрыптаушылар персоналын оңтайландыру жүргізіліп, еңбек өнімділігін 43%-ға арттыруға және еңбекақы төлеу қорын үнемдеуге мүмкіндік берді.


Мобильді Postman
Пошталық және қаржылық қызметтердің бәскеге қабілеттілігін арттыру үшін Компания мобильді жылжымалы құрылғысы (МЖҚ) бар пошташының/курьердің баруы арқылы клиентке қызмет көрсетуі бойынша қосымша қызметті іске қосты.
Бұл құрылғы – пошта жөнелтілімдерін қабылдау және беру, сондай-ақ, қаржылық операцияларды қашықтықтан жүргізу жөніндегі ақпаратты оперативті түрде жинауға арналған құрал.
Осы жоба аясында мынадай пошта қызметтері енгізілді: тіркелетін барлық пошта жөнелтілімдерін (хаттарды, бандерольдарды, сәлемдемелерді, ірі габаритті пошта жөнелтілімдерін, EMS жөнелтілімдерді) қабылдау және жеткізу, салынбалы төлемі бар жөнелтілімді жеткізу, қосымша қызметтер. Қаржылық қызметтер бойынша: коммуналдық және салық төлемдерін, салынбалы төлемдерді қабылдау, ұялы байланыс операторларының пайдасына төлемдер қабылдау, зейнетақы және жәрдемақыны үйге жеткізіп беру.
Іске қосу графигіне сәйкес 2015 жылы облыстық филиалдардың 226 контрагенті МЖҚ-ға қосылды. «Үйге жеткізіп беру» тәсілімен ағымдағы шоттар арқылы зейнетақы және жәрдемақы төлеу бойынша сынамалы жоба іске қосылды.
Mobile Postman. Пошташыларға төленген байланыс қызметі пакеті бар 630 смартфон табысталды. Бұл шара клиенттерге алдын ала қоңырау шалуға және өзара тиімді әрекеттесуге мүмкіндік бере отырып, пошташылардың жұмысын оңтайландырады.


Гибридті электронды пошта
Компания «Гибридті электронды пошта» (ГЭП) жобасын іске асыруда. Бұл қызмет жазбаша хат-хабар көлемі мен түсетін табысты арттыруға, артық өңдеу бөлімін жою есебінен жазбаша хат-хабар жіберудің бақылау мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік береді. ГЭП бірыңғай технологиялық тізбек бойынша барлық қызметтер жиынтығын құрайды: басып шығару, жіберілетін материалдарды буып-түю, адресатқа жеткізу.
Осы жоба шеңберінде «Гибридті пошта» ақпараттық жүйесі енгізіліп, конверталды машиналар (құжаттарды конвертке буып-түю жүйесі) орнатылды. Операторларға арналған ГЭП интерфейсі жасалып, ГЭП ақпараттық жүйесінің кіші жүйелері бойынша тестілеу өткізілді, ГЭП процесін регламенттейтін құжаттар бекітілді.
ГЭП-ті сәтті жүзеге асыру үшін Компания ҚР Жоғарғы сотымен ынтымақтастық құру туралы меморандумға қол қойып, «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы жаңа құжат түрлерін (сот хабарламасы және шет ұйымдармен жазысатын қатынасхаттар) іске қосылды.
ҚР Бас прокуратурасымен және «Нұр Отан» ҰДП-мен ынтымақтастық жасау туралы меморандумға қойылды, 2016 жылы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-мен бірігіп салымшыларды филиалдардағы «БҰЗҚ» АҚ жергілікті өкілдерінің ақпаратты электронды тасығышта беру жолымен ақпарттандыруды іске қосу жоспарлануда. Компанияның облыстық филиалдары деңгейінде Солтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаментімен, «АЗ Коммерц» ЖШС-мен (Қостанай облыстық филиалы), Қарағанды облыстық коммуниикация дирекциясымен, «Қазақтелеком» АҚ-мен шарт жасалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет