Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл


жылғы негізгі жетістіктер мен оқиғалар



бет3/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

2015 жылғы негізгі жетістіктер мен оқиғалар











р/р

Оқиға

Кезең


2015 жыл Пошташы жылы деп аталды.

Қаңтар


«Қазпочта» АҚ-да сәлемдемелерді қабылдауда қағаз бланкілерін (116-нысан) қолдану жойылды. Енді клиент операторға жеке куәлігі мен байланыс нөмірін ғана ұсынуы қажет.

Қаңтар


«Жеке постоматтар желісін құру» жобасы аясында еліміздің барлық ірі қалаларында 89 постамат сатып алынып, орнатылды. Осылайша, желі 18-ден 107 бірлікке дейін кеңейді.

Қаңтар


Автокөлік құралдарының 898 бірлігіне Автокөліктер мен жүктерді спутник арқылы бақылауға арналған GPS трекерлер орнатылды.

Қаңтар


Шығыстарды оңтайландыру және қызметінің экологиялық құрамдас бөлігін арттыру үшін компанияның автокөлік құралдарының 320 бірлігіне газ баллоны құрылғысы орнатылды.

Қаңтар


Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Орал, Қызылорда, Талдықорған, Тараз қалаларында «Post24» өзіне-өзі қызмет көрсету зонасы арқылы тәулік бойы жұмыс жасайтын модернизацияланған қалалық пошта байланысы бөлімшелері ашылды.

Ақпан


Жекелеген елді мекендерде ауыл тұрғындарына интернетке тегін кіру мүмкіндігін ашқан «Интернетке кіру нүктесі» жобасы іске қосылды. Сондай-ақ, бөлімшелерде «Нұр Отан» партиясының өңірлік бөлімшесінің Қоғамдық қабылдау бөлімімен бейнеконференциялар ұйымдастыру үшін жабдықталған мамандандырылған орындар бар.

Ақпан


Мерзімдік басылымдарға интернет арқылы жазылудың жаңа заманауи форматы енгізілді. Трансформацияның корпоративтік бағдарламасы шеңберінде іске қосылған www.postmarket.kz сайтында басылымдарға интернет арқылы жазылуға болады.

Ақпан


«Қазпочта» АҚ бөлімшелерінде ұлттық валютадағы ақшалай қаражатты тез арада жіберуге және алуға мүмкіндік беретін Қазақстан ішіндегі «Salem, TENGE» шұғыл ақша аударымдары іске қосылды. Тиімді тарифпен қоса, «Salem, TENGE» аударымының жоғары жылдамдығы – 1 минутқа тең.

Наурыз


Автөлік иелеріне жаңа қызмет түрі ашылды: айыппұлдар мен құқық бұзушылықтар туралы ақпараттар, барлық «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінде төлем жасау.

Мамыр


Әрбір ғимаратқа берілетін жаңа пошта индекстері жүйесі енгізілді. Жаңа әріптік-сандық пошта индексі жеті символдан тұрады. Бірінші символ – облысты, кейінгі екеуі – облыстағы қаланы/ауданды, қалған төрт символ ғимаратты білдіреді.

Мамыр


Пошта жөнелтілімдерін қадағалау қызметі жаңартылды (track.kazpost.kz). Компания әрбір үндеуді қарастырады. Клиенттермен кері байланыс жасаудың арқасында клиенттерге қолайлы жағдай жасалып, сындарлы идеялар жүзеге асырылады.

Маусым


Қазақстан-Арабия қатынастарының дамуына арналған Қазақстан Республикасы мен БАӘ мемлекеті Басшыларының суреті бейнеленген пошта маркаларын бірлесе шығару туралы Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы меморандумға қол қойылды.

Маусым


«Банк Хоум Кредит Қазақстан» және «Белый ветер» компаниясымен бірлесе отырып жасалған «Қазпочта» АҚ кредитке тұрмыстық техника сатып алу акциясы бастау алды. Акция аясында шалғай өңірлердегі тұрғындар каталог бойынша тұрмыстық техниканы алып, «Қазпочта» АҚ пошта байланысы бөлімшелерінде кредит рәсімдей алады.

Маусым


2015 ж. 1 маусымнан бастап «Қазпочта» АҚ құрылу мақсаты Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы екі жақты экономикалық қатынасты кеңейту, сауда-экономикалық, саяси, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты дамыту болып табылатын «Қорғас» ХШЫО» жобасына қатысады. «Қорғас» ХШЫО аймағында пошта жөнелтілімдерін қабылдау және беруге арналған инфрақұрылым жасалып, дербес техникалық процесс құрастырылып, кеденмен және басқа да серіктестермен өзара ықпалдасу процестері ретке келтірілді.

Маусым


Ауылдық жерлердегі пошта байланысы жұмыскерлеріне сәлемдеме қабылдағаны үшін жіберу тарифының 50%-ы көлеміндегі ынталандыру енгізілді.

Маусым


Қазақстан Республикасының қолданыстағы мекенжайлық деректер қорына және www.postcode.kz сайтында қолжетімді, Компания ашық API көмегімен енгізетін жаңа пошта индекстерінің қорына кіру мүмкіндігі туды.

Шілде


ЕМS қызметтер бойынша өнімдер мен жобалар енгізілді: шетелдерге қысқа мерзім ішіндегі «Экспресс-Премимум» жеткізу; байланыс бөлімшелерінде ЕМС жөнелтілімдерді қабылдау бойынша операторларды ынталандыру.

Шілде


ЮНИСТРИМ-мен бірлесе отырып, шот ашпай-ақ жүргізілетін ақша аударымдарының жаңа қызметі енгізілді. Мекенжайсыз ақша аударымдары сервисі жіберушіге ақшаны аударатын елді ғана көрсетуге мүмкіндік береді, алушы оны сол елдегі ЮНИСТРИМ-нің кез келген сервистік пунктінен ала алады.

Шілде


«Қазпочта» АҚ қала шетіндегі аймақтарға қызмет көрсететін ауыл және қала пошташыларына 257 дана көлемінде велосипед табыс етті. Барлық велосипедтер корпоративтік түске ие және онда Компания логотипі бар. Велосипедтердің алды мен артына 80 кг жүк көтере алатын жүксалғыш орнатылған.

Шілде


Ауылдық жерлерге кеңсе тауарларын жеткізу бойынша «АБДИ КОМПАНИ» АҚ-мен бірлескен жоба бастау алды. Бүкіл ел бойынша пошта байланысы бөлімшелерінде мектеп оқушыларына, студенттерге, оқу орындарының жұмыскерлері мен кеңсе жұмыскерлеріне «АБДИ» компаниясы каталогы бойынша кеңсе тауарларын сатып алуға тапсырыс ресімдеуге болады.

Тамыз


1499 нөмірі бойынша Байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы қызмет көрсетуге арналған шарт жасаса алатын корпоративтік клиенттерге арналған жаңа қызмет түрі енгізілді.

Тамыз


Елдің барлық өңірлерінде пошташыларға 5 588 дана көлемінде сөмкелер табысталды, бұл қажеттілікті 100% өтейді. Пошташыларға арналған иыққа тағатын сөмкелер нейлоннан жасалған. Екі бүйірінде түсті қайтаратын қаптамалы қалтасы бар.

Тамыз


«Қазпочта» АҚ трекинг жүйесін ДПО-ға кіретін басқа да елдермен біріктіруге мүмкіндік берген Дүниежүзілік пошта одағымен бірігу жүзеге асырылды. Енді «Қазпочта» АҚ сайтында пошта жөнелтілімінің қозғалысын орналасқан жеріне қарамастан қадағалауға болады.

Тамыз


Пошташыларға бірыңғай формалар, сөмкелер, мобильді телефондар берілді. Форма ауа райы ескеріліп, корпоративтік түстен, «Қазпочта» АҚ логотипі бар су өткізбейтін материалдан тігілді. Наурызфон GPS навигациясымен жәнежеткізілім түбіртегін мен қағаз жүзіндегі есепті толтырмас үшін пошташының қағаз жұмыстарын оңтайландыруға арналған «Желаяқ» қосымшасымен жабдықталған.

Қыр-күйек


Мәскеу қаласындағы Қоғам Өкілдігінде қашықтықтан сауда жүргізетін (интернет-дүкендер) ресей компанияларын ынтымақтастыққа тарту үшін кездесу өткізілді.

Қыр-күйек


«Қытай-Еуропа» транзиттік поштасын тасымалдау өнімі бойынша Литва және Қытай Поштасымен шарт жасалды.

Қыр-күйек


Қазақстан Республикасы делегациясы құрамындағы «Қазпочта» АҚ өкілдері Қазақстан-Қытай Іскерлік Кеңесінің ІІІ отырысы жұмысына қатысты (Пекин қ.).

Қыр-күйек


iOS және Android жүйесі бар смартфондарға, планшетке немесе компьютерге арналған тегін мессенджер – «Telegram» кроссплатформалық бағдарламалық өнімінің боты іске қосылды. @KazPostBot пошта жөнелтілімдері, валюта бағамы, ЖЖЕ бұзғаны үшін төленетін айыппұлдар туралы ақпарат беру тәрізді үш команданы орындайды. Осы қызмет түрінінің арқасында қазақстандықтар қажетті ақпаратты санаулы минутта ала алады.

Қазан


Клиенттің трек нөмір арқылы қарапайым хаттарды қадағалауына мүмкіндік беретін пошта төлемінің электронды таңбасы бар конвертті айналымға енгізу сынамалы жобасы бастау алды. Пошта төлемінің электронды таңбасы бар конверттер абонент жәшігіне дейін жеткізілетін болады және конвертте жазылған трек нөмір бойынша қадағаланатын болады. Енді клиентке төлемді жапсырылған марка түрінде растаудың қажеті жоқ.

Қазан


Дүниежүзілік Пошта Күніне орай пошташылар арасында Республикалық кәсіби шеберлік байқауы өткізілді. Байқау жеңімпаздарына грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Еңбекте елеулі жетістіктерге жеткен қоғам филиалдарының жұмыскерлері де грамоталармен марапатталды.

Қазан


Көлік иелерінің мына сақтандыру компанияларындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін «Қазпочта» АҚ бөлімшелері арқылы міндетті сақтандыру бойынша агенттік қызмет енгізілді: «STANDART INSURANCE» Сақтандыру компаниясы», «Казахинстрах» және «Сәлем» Сақтандыру компаниясы».

Қазан


«Қазпочта» АҚ бөлімшелері арқылы ұтыс билеттерін (тираждық, мезеттік) сату бойынша агенттік қызметтер енгізілді.

Қазан

  1. С

Клиенттерге сәлемдемелердің келіп түскені туралы жаңа қалалық телефон арқылы хабарлау қызметі ашылды. Сервис барлық облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында жұмыс істейді.

Қараша


Клиенттердің зейнетақы шотына ақшалай қаражат аударылғаны және шығарылғаны туралы «SMS-хабарлама» жіберу бойынша жаңа қызмет ашылды. Бұл қызмет клиенттің аударылған соманы және күнді, сондай-ақ, зейнетақы шоты бойынша шығыс операцияларын толықтай қадағалауына мүмкіндік береді.

Қараша


Мемлекетті, бизнесті және халықты бір коммуникациялық алаңға біріктіретін көпшілікке қолжетімді www.post.kz электронды поштасы құрылды. Бұл алаң – маңызды хаттарды, хабарламаларды, жоба шарттарын, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар, халық арасындағы іскерлік хат-хабарларды жеткізуге мүмкіндік беретін абоненттік жәшіктің электронды түрдегі аналогы.

Қараша


Жаңа жыл қарсаңында «Аяз Атаға хат жаз» акциясы өткізілді.«Қазпочта» АҚ барлық филиалдарына, Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларындағы «Мега» сауда ойын-сауық орталығына Аяз атаға хат жолдауға арналған арнайы жәшіктер орнатылды. «Қазпочта» АҚ-ға рекордты көлемдегі 3752 хат келіп түсіп, 800 баланың тілегі орындалды. Балалар сыйлыққа ойыншықтар, смартфондар, музыкалық аспаптар, тұрмыстық техникалар сұрады. Акцияға Мемлекет Басшысы Н. Назарбаев та атсалысып, еліміздің түрлі өңірлеріндегі балалардың хаттарына жауап беріп, сыйлықтар жіберді. Хаттардың жартысы post.kz сайтында жарияланды, сол арқылы әрбір ниет білдіруші кез келген хатты таңдап, баланың арманын орындау мүмкіндігіне ие болды. 50-ден астам адам осы портал арқылы балаларға жаңа жылдық сыйлықтар жіберді. Компания жұмыскерлері Қазақстан интернаттары мен балалар үйінде мерекелік іс-шаралар өткізді.

Жел-тоқсан


Астана қаласында алғашқы сәлемдемелер супермаркеті ашылды. Бұл – екі аймаққа: ел бойынша сәлемдемелерді жіберу және алу аймағына бөлінген дербес қызмет көрсету орталығының жаңа нысаны.

Жел-тоқсан


«Қазпочта» АҚ ресми сайты Award.kz Ұлттық интернет-сыйлығында бірінші орын иеленді. AWARD.kz Ұлттық интернет-сыйлығы – Қазнет веб-сайттарының байқауы. «Қазпочта» АҚ корпоративтік сайты ыңғайлы құрылымы, мазмұнды контенті, динамикалық дизайны үшін үздік деген атқа ие болды.

Жел-тоқсан


«Қазпочта» АҚ – Creativity Awards 2015 (АҚШ) халықаралық сыйлығының «Газет жарнамасы – тұтынушы» номинациясының күміс жүлде иегері. Жарнама модулі «Сағат» деп аталады және Express Mail Service Kazpost клиенттеріне арналған.

Жел-тоқсан


Мынадай тақырыптағы пошта маркалары айналымға енгізілді:
– «Қазақ хандығына 550 жыл» тақырыбына арналған «Еске алу және мерейтой күндері» сериясындағы пошта маркалары (2015 жылғы 8 қыркүйек);

  • «Астана ЭКСПО-2017» тақырыбына арналған «ЭКСПО-2017» стандарт сериясындағы пошта маркалары (2015 жылғы 8 қыркүйек);

  • «Астана ЭКСПО-2017» тақырыбына арналған «ЭКСПО-2017» көркемөнер сериясындағы пошта маркалары (2015 жылғы 25 желтоқсан).

Қазақстан Республикасы және БАӘ қатынастарын дамытуға арналған пошта маркалары бірлесе шығарылды (2015 жылғы 23 қазан).

-


«Қазпочта» АҚ бөлімшелері арқылы электронды теміржол билеттерін сату бойынша агенттік қызмет енгізілді. Қызмет түрі ауыл тұрғындарына электронды теміржол билеттерін ауылдан шықпай-ақ сатып алуға мүмкіндік береді.

Жел-тоқсан




    1. Цифрлар және фактілер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет