Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл



бет34/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

Курьерлік және экспресс-пошталар қызметтері
Қазіргі кезде Қазақстанда курьерлік қызметтерді 50-ден астам компаниялар көрсетеді. Курьерлік қызметтер нарығынығы қатынасушыларын бизнесті ұйымдастыру деңгейі мен мөлшері бойынша бірнеше сегменттерге бөлуге болады.
Ең бірінші, бұл ірі халықаралық компаниялар: DHL, FеdEx, TNT, DPD, Pony Express. Бұл компаниялар сервисті жоғары деңгейде ұстауға талпынады және халықаралық жұмыс стандарттарын енгізеді. Компаниялардың ресми тіркелген филиалдары және Республика аумағында өкілдіктері, складтық инфрақұрылым, автокөліктер және т.б..
Одан кейін келесі компаниялар Exline, АлемТАТ, Avis Logistics, Direct Delivery және сервич және инфрақұрылымды дамытуға ұмытылатын, Қазақстанның барлық территориясында өз өкілдіктерін ашу немесе агент штаттарын жинау арқылы өзін барлық жерде таныту.
Көптеген компаниялардың облысаралық тасымалдарды ұйымдастыруға арналған жеке болмайды, сондықтан олар көлік компаниялары қызметін пайдаланады және/немесе жеке автокөлігі бар жүргізушіні жалдайды, сонымен қатар «Қазпочта» АҚ және қызметін «ҚТЖ «ҰК » АҚ қызметін пайдаланады.
Үшінші топты бір елді-мекенге қызмет көрсетуге бағытталған жергілікті нарықта жұмыс істейтін аз мөлшердегі жұмысшылар штаты бар немесе тұрақты курьерлер штаты жоқ кішкентай компаниялар құрайды. Бұл сегменттегі компаниялардың басым бөлігінің бизнесті жүргізу әдісін «өркениеттік емес» деп атауға болады, себебі қызмет көрсету сапасы төмен, жөнелтілімдерді жеткізу үшін (как корреспонденции, так и посылок) рейстік автобустар жүргізушілері, жол көлігі, жолсеріктерді және т.б. қолдануы мүмкін.
ҚР ҰЭМ статистика Комитетінің мәліметтеріне сәйкес 2012-2014 жж. аралығында курьерлік қызметтен түскен пайда 1,6 есе артқан, яғни 8 208,2 млн.тг-ден, 174,2 млн.тг-ге дейін өсу байқалған.
Қазақстан Республикасында курьерлік қызмет көрсетуден түскен табыс үлесі 40,8%-дан пошталық қызмет көрсету мен курьерлік қызмет жиынтық табысы 45,4% -ға дейін өсті.
Pony Express, DPD, Алем ТАТ компаниялары қарқынды дамып отырды, сарапшылардың көзқарасы бойынша мұның себебі бұл компанияларда клиенттерді тарту белсенді әрекеттердің орындалуы. Сонымен қатар сарапшылар В2В сегментінде бұл компаниялардың даму себебі жаңа клиенттерді тарту емес, бар нарықтағы клиенттерді қайта бөлу.


Қаржы қызметтері
Қаржы қызметтері нарығында екінші деңгейлі банктер «Қазпочта» АҚ бәсекелесі болып табылады. Болашақ талдау мақсаттары үшін Қазақстанның екінші деңгейлі банктері (ЕДБ) арасында сервис желісі кең, пластикалық карталарды эмиссиялайтын, төлем қабылдауды жүзеге асратын және т.б. қызметтерді атқаратын физикалық және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуге бағытталған банктер бөлінді.
Осындай ретпен негізгі бәсекелестер ретінде келесі банктер анықталды:
1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
2. «Қазкоммерцбанк» АҚ
3. «Цеснабанк» АҚ
4. «Сбербанк» АҚ ЕБ
5. «Банк ЦентрКредит» АҚ
6. «Kaspi Bank» АҚ
7. «АТФБанк» АҚ
Жоғарыда көрсетілген ұйымдар қазақстандық банк нарығының жетекшілері болып табылады және республиканың банк инфрақұрылымы мне активтердің негізгі үлесі шоғырланған.
Қоғам мен банктер арасында бәсекелестіктің басым бөлігі клиент есебінен және бұйырық бойынша, атынан жасалатын комиссиялық деп аталатын кредиттік емес қызметтер сегментінде орындалады. Мұндай қызметтерге төлем әдетте орындалған әрекеттің сомасына,оперцияларға немесе нақты тіркелген сома түрінде комиссиялық сыйақы ретінде алынады.
Комиссиялық табыс түсетін негізгі банк қызметтері келесілер: ай сайынға және біржолғы міндетті төлеммен халыққа қызмет көрсету, сонымен қатар коммуналдық және салық төлемдерін, физикалық тұлғаларға ақша қаражаттарын аудару және қолма-қол жасалмайтын төлемдер арқылы сауда жасау, заңды тұлғаларға есеп айырысу–кассалық қызмет көрсету, банк кепілдемелерін ұсыну, конверсиялық операциялар, брокерлік және депозитарлық қызметтер және т.б.
Сонымен бірге, комиссиялық табыс дегеніміз банк карталарымен жасалатын операциялардан алынатын, интернет-банкингі және банкоматтар мен терминалдар арқылы төлемдерді жедел түрде жүзеге асыру барысында түскен табыстар болып табылады.
Комиссиялық табыстар пайыздық табыстарға қарағанда тұрақты болып келеді және макроэкономикалық жағдайдың нашарлауы мен негізгі банк қызметі пайдасының төмендеуі кезінде маңызды қосымша пайда көзі бола алады, бұл өз кезегінде осы нарықта бәсекелестіктің күшеюіне әкеледі. Бұл кризис жағдайында ең бірінші, экономиканың нақты секторын қаржыландыру көлемі қысқартылатынымен түсіндіріледі, кәсіпорындар бизнесті дамытуға аз қаражат инвестициялауды бастайды, сәйкесінше банктердің пайыздық табыстары түседі.
Экономикады транзакциялар саны көп қысқармайды, сондықтан банктер үшін жалпы табыс көлемінде белгілі комиссиялық табыс үлесінің болуы маңызды. 40%-дан астамы «өзге» табыстарды құрайды, мұның қатарына төлем карточкаларымен жасалатын операциялардан алынатын,SMS-ақпараттандырулар, қашықтықтан банк қызметін көрсету және т.б. қызметтен түсетін пайдалар кіреді.
Аударма операциялары бойынша қызметтерден түскен комиссиялық табыстар екінші орынды алады және 22,5%-ды құрайды. Сонымен қатар, кассалық операциялар бойынша атқарылатын қызметтерден алынатын табыстар маңызды болып табылады, олар 14,9%-ды құрайды. Алдыңғы жеті банктің үлесіне Қазақстанның ЕДБ комиссиялық жиынтық табыстарының 70%-ы тиесілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет