Басқарма жұмысы туралы есеп 2015 жылы Басқарма 53 отырыс өткізді, онда Қоғамның ағымдағы қызметіне қатысты және Компания Жарғысымен атқарушы органның құзыретіне жатқызылған 476 мәселе қаралып, олар бойынша шешім шығарылды. Басқарма қарастыратын мәселелердің спектрі Қоғам қызметінің жоспарлы да, жедел мәселелері бойынша да басқару шешімдерін қабылдау қажеттігімен байланысты.
2015 жылғы Басқарма жұмысының басым бағыттары пошталық және қаржылық қызметтерді дамыту мәселелері болып табылды. Қоғам көрсететін қызметтердің сапасын, Компанияның клиентке бағытталу деңгейін арттыруға, пошталық қызмет көрсету орталықтарын (Сәлемдемелер супермаркеті) сынды клиенттерге арналған жаңа жобалар мен сервистерді, Орталық операциялық учаскесінің корпоративтік қызмет көрсету секторын енгізуге және пошта төлемінің мемлекеттік электронды белгісі бар пошта конверттерін қолдану арқылы пошта байланысы қызметтерін көрсетуге, ұшақ және темір жол билеттерін сату, «Қазпочтамен қарсы алған көктем», «Қабылдау терезелері» сынды акцияларды өткізу, міндетті азаматтар санатына жататын зейнетақы және жәрдемақы алушыларға (Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушылары, он сексен жасқа толған зейнетақы және жәрдемақы алушылар, бірінші топтағы мүгедектер, басқа адамның күтіміне зәрулігі мен денсаулық жағдайына байланысты пошта байланысы бөлімшесіне бара алмайтыны жөніндегі медициналық қорытындысы бар тұлғалар) хаттарды тегін жіберу тәрізді агенттік қызметтерді атқаруға, қатысты мәселелерге баса назара аударылды.
Сондай-ақ, Басқарма қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға, олардың біліктілік деңгейін арттыруға және ынталандыруға, әкімшілік басқару тиімділігі мен өнімділігін арттыруға, Қоғамның сыни тәуекелдерін азайтуға, еншілес және тәуелді ұйымдарды басқаруға байланысты мәселелерді жүйелі түрде қарастырды.
Есепті кезеңде Басқарма бірқатар ішкі нормативтік құжаттарды бекітіп, өзектендірді, олардың ішінде::
Қылмыстық жолмен алынған және «Қазпочта» АҚ-да терроризмді қаржыландыруға бағытталған т.б. кірістерді заңдастыруға қарсы әрекет жасау мақсатындағы ішкі бақылау ережелері.
Қызметті бағалау
Директорлар кеңесі.«Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің қызметін бағалау қағидаларына сәйкес бағалау жүргізу туралы шешімді Компанияның Директорлар кеңесі қабылдайды. Көрсетілген шешімде бағалау жүргізудің нақты мерзімдері, әдістері мен ресурстар белгіленеді. Директорлар кеңесінің шешімі бойынша тиісті негіздеме болған жағдайда оның барлық немесе жеке түрлерін бағалау жылына екі және одан да көп жүргізілетін болады.
Бағалау жүргізу процесі мен оның қорытындыларын (сауалнама жүргізу, сұхбат алу және т.б.) немесе консультант ұсынған есепті Директорлар кеңесінің төрайымы үйлестіреді және түйіндейді.
Бағалау өткен кезеңді бағалау нәтижелерімен салыстырмалы сипатта болады, бағалау нәтижелері Директорлар кеңесінің отырысында талқыланады. Директорлар кеңесі төрайымының жұмысын бағалау тәуелсіз директорлардың бірінің басшылығымен өтеді.
Талқылау қорытындысы бойынша Директорлар кеңесі төрайымы барлық директорға кері байланысты ұсынады. Директорлар кеңесі төрайымына қатысты кері байланысты тәуелсіз директорлар ұсынады.
Басқарма. Бір жылғы жұмыс қорытындысы бойынша «Қазпочта» АҚ басшылықетуші қызметкерлерінің қызметін бағалау және сыйақы беру қағидаларына сәйкес бағалау кезінде Компанияның қаржылық-өндірістік қызметінің тиімділігін сипаттайтын уәждемелік қызметтің негізгі көрсеткіштері (ҚНК) қолданылады. Уәждемелік ҚНК жұмыс тобы бизнес процестер/Компания қызметінің бағыттары бойынша нақты көрсеткіштерде Компанияның стратегиялық мақсаттарын каскадтау арқылы нысаналы мәнімен ҚНК картасы түрінде әзірлейді.