Қоғамының 2015 жылғы жылдық есебі Астана қ., 2016 жыл



бет29/94
Дата27.05.2022
өлшемі0,54 Mb.
#145247
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   94
Байланысты:
706920f2a3fe41f9950a2c418a80b5e8

Басқарма құрамы(31.12.2015 ж. жағдай бойынша)







Т.А.Ә.

Лауазымы

Бағдат Батырбекұлы Мусин

Басқарма төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі

Азат Еркінұлы Машабаев

Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі

Айнұр Советқызы Күнхожаева

Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі

Сәуле Дүйсенбайқызы Егембердиева

Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі

Әлия Маратқызы Дықанбаева

Басқарма төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі



Басқарма мүшелерінің қызметтік тізімі
Басқарма төрағасы – Бағдат Батырбекұлы Мусин, 1983 жылы 3 наурызда туған. 2004 жылы Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Алматы қ. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.
2004 және 2007 жылдар аралығында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінің ІТ-бөлімшелерінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2010 және 2011 жылдар аралығында ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары болды.2011 және 2012 жылдар аралығында ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет етті.
2012 және 2014 жылдар аралығындаҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарды. 2014 жылғы сәуірде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.
2014 жылғы 1 тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасы.
Басқарма төрағасының орынбасары –Азат Еркінұлы Машабаев 1979 жылы 8 маусымда дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша; ҚР Президентінің «Болашақ» стипендиясы бойынша Бременск Мемлекеттік университетін «Заңтану»; Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірді.
2005 және 2012 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ еншілес ұйымдарында, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК, «Strategy Partners Kazakhstan» ЖШС жұмыс істеді.
2008 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін «Республика» ЖЗҚ» АҚ тәуелсіз директоры мәртебесінде Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.
2014 жылғы 10 қарашадан бастап – «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
Басқарма төрағасының орынбасары – АйнұрСоветқызы Күнхожаева 1966 жылғы 8 желтоқсанда дүниеге келген. Ф. Энгельс атындағы Ленинград кеңес сауда институтын (1983-1987 жж.) «экономика және тауартану» мамандығы бойынша бітірді. 2008 және2013 жылдар аралығында «БТА Банк» АҚ-да басшылық қызметтерде жұмыс істеді.
2013 жылғы 1 тамыздан бастап – «Қазпочта» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
Басқарма Төрағасының орынбасары – Сәуле Дүйсенбайқызы Егембердиева, 1960 жылы 31 наурызда туған. Новосибирь электротехникалық байланыс институтын «экономика және байланысты ұйымдастыру» мамандығын «байланыс инженер-экономисі» біліктілігі бойынша тәмамдады.
1984-2011 жылдар аралығында проработала на различных должностях в филиалах «Қазпочта» АҚ филиалдарында қатардағы экономистен бастап филиал директорына дейінгі түрлі қызметтер атқарды. 2011-2015 жылдары Пошталық бизнес департаментінің директоры, «Қазпочта» АҚ құзыреттілік орталығының бизнес-шешімдерін әзірлеу блогының басшысы болып қызмет етті.
2015 жылғы 19 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазпочта» АҚ Басқарама Төрағасының орынбасары.
Басқарма Төрағсының орынбасары– Әлия Маратқызы Дықанбаева 1973 жылғы 12 желтоқсанда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін (1991-1995 жж.) «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша үздік бітірді.2001 жылы Вашингтон қаласындағы Америка Университетінің «қаржылық экономика» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды. 2001 және 2013 жылдар аралығында «Казгипронефтетранс» ЖАҚ, «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсис» АҚ, «BG group» филиалында, «ПетроКазахстан Ойл Продакс» ЖШС (Шымкент МӨЗ) басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2015 жылғы 3 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет