2017ж. бастап «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы жүзеге асырылды.
5.Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары елімізде жоғарғы оқу орындары (ЖОО) елеулі құрылымдық өзгерістерге ұшырады. ЖОО қызметкерлері шетелге кете бастады және қазақ тіліндегі оқу құралдары жеіспеді. Оқытушылардың еңбекақылары төмендеді. Жекеменшік ЖОО ашыла бастады. Қазіргі кезде ЖОО-да білім беру бағдарламалары, оқу жоспарлары, оқыту технолгиясы әлемдік стандарттарға сәйкестендірілген. Қашықтықтан оқыту жүйесі негізге қойылған.
1991ж. Түркістанда Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (ХҚТУ) ашылды. Бұл оқу орны түркі халықтары мен мемлекеттері қарым-қатынасын дамыту бағытындағы университет болып табылады.
1996ж. Астанада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті (ЕҰУ)құрылды.
2001ж. Қазақ-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) ашылды. Университет халықаралық деңгейдегі техникалық мамандар даярлауға бағытталған. 2010ж. ҚБТУ еліміздегі ең үздік техникалық ЖОО болып танылды.
Әскери оқу орындары да құрыла бастады: Ұлттық Қорғаныс университеті, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты, Әуе қоғаныс күштерінің әскери институты, ЖОО-ларда әскери кафедралары ашылды, Қорғаныс министрлігінде кадет корпусы ашылды.
2005ж.бастап «ЖОО үздік оқытушысы» байқауы енгізілді. Жеңімпаздарға грант беріліп, ол қаражатты олар ғылыми зерттеулер жүргізуге, шетелден тағылымдама өтуға жұмсайды.
Қазір Қазақстанда 100-ден аса ЖОО жұмыс жасайды. 6.Президенттік «Болашақ» бағдарламасы. 1993ж. Президенттік «Болашақ» стипендиясын тағайындау туралы қаулы бекітілді. Еліміздің дарынды жастары мемлекет есебінен шетелде сапалы білім алу мүмкіндігіне ие болды. Бағдарлама түлектері конкурстан тыс жұмысқа қабылданады. «Болашақ» бағдарламасы қабілетті, дарынды жастардың кәсіби мамандануының, мансаптық өсуінің кепіліне айналды.