§ 41-42 XVIII – XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы зерттеулер
Шығыстанушылар (ориенталистер) – шығыс елдерін зерттеуші ориенталист ғалымдар.
Экспедиция – жұмыс бабындағы бірнеше адамның белгілі бір мақсатпен бір жаққа шыққан сапары.
Орыс географиялық қоғамы – 1845 жылы Санкт-Петербург қаласында құрылған географиялық қоғам.
Ғалымдар:
Георги Иоганн Готлиб (1729-1802) – неміс этнографы, географы, табиғат зерттеушісі, саяхатшы. 1768-1774 жылы Орынбор экспедициясы құрамында Ресейдің оңтүстік – шығысында, Еділ бойы, Жайық, Солтүстік Қазақстан, Алтай, Байкалда басталған.
Ломоносов Михаил Васильевич (1711-1765) – орыстың көрнекті ғалымы, ақын, филиолог, суретші, тарихшы.
Рычуов Петр Иванович (1712-1777) – Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, экономист, географ, Орынбор тарихын зерттеуші.
Шорманұлы Мұса (1818-1884) – зерттеуші, этнограф, қазақ фольклоры үлігліерін жинаушы, Баянаулы сыртқы округінің 1853-1868 жылдардағ аға сұлтаны.
Қазақстан өлкесіндегі ең алғашқы географиялық зерттеулер: Ресей құрамына өткеннен кейін басталды.
Ресейлік ғалымдардың зерттеудегі мақсаты: Отарлау саясатын нығайту еді. Географилық зерттеулер 17 ғасырдан орыс ғалымдарының ықпалымен жанаднды.
XVIII ғасырдағы зерттеулер
|
Еңбектері
|
И.К.Кириллов
|
Қырғыз-қайсақ экспедициясын құрды;
«Қырғыз-қайсақ және қарақалпақ ордалары туралы» кітабын жазды;
Қазақ пен қарақалпақ жерінің табиғат жағдайын, қазба байлықтарын, сауда жолдарын зерттеді;
Ресейдің Орта Азия халықтары қазақтармен сауда-экономикалық байланыс орнатқанда пайдалы екенін мәлімдеді.
|
М.В.Ломоносов
|
Қазақстанды кешенді зерттеушілердің бастамашысы;
Өлке аумағын зерттейтін ғылыми экспедиция құрудың және географиялық карта жасаудың бастамашысы
|
П.С.Паллас (табиғат зерттеушісі, академик)
|
1768-1774 жылы Қазақстанға жіберілген ең алғашқы экспедицияның басшысы;
Экспедиция бағыты: Солтүстік-Батыс
«Ресей империясының әртүрлі провинциялары бойынша жасалған саяхат» деген кітабы жарық көрді.
Паллас қазақтар туралы «Олар негізінен ауқатты тұрады. Малдары да көп, сондықтан тұрмыстары да жақсы... Қазақтардың байлығы негізінен олардың малы»
|
И.Г.Георги
|
Дербес экспедиция ұйымдастырды;
1796 ж. «Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтардың тұрмыс-салттары, тұрғын жайлары, киімдер және басқа да есте қаларлық дүниелерінің суреттемесі» деген кітабын жазған.
Кітапта қазақ тұрмыс-салтыәдет-ғұрып, салт-жора, шаруашылық өмірінің ерекшеліктері туралы сипаттайды.
И.Г.Геогри қазақтар туралы: «ақыл-ой жағынан қызыққыш және білуге құмар»
|
П.И.Рычков (Ресей Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі)
|
Қазақ жерінің Кіші Жүз аумағының табиғи байлықтарын зерттеді;
«Орынбор өлкесінің Колумбы» деген лақап атқа ие болды;
«Орынбор тарихы»; «Орынбор губерниясының топографиясы мен сипаттамасы» деген кітабы бар.
Кітабында: Еділ-Жайық өңіріне Хақназар ханның билігі тұсында келгені туралы; Кіші Жүз қазақтарының Ресей құрамына өтуі жайлы жазған болатын.
Орынбор қаласының, Жайық пен Орынбор шегараларының салынуын; Ресейдің Орта Азия және қазақтармен саудаларының қалай дамығаны жайлы бастан аяқ баяндаған.
Орынбордан Бұхараға жол тартқан көпестерге жергілікті халықтың тұрмысы жайлы барлық мәліметтерді (араб тілінде болса да) алып келуге тапсырыс берген.
|
И.Г.Андреев (орыс оффицері – 18 ғ. аяғы)
|
«Орта жүз қырғыз-қайсақтарының сипаттамасы» кітабы бар
Кітабында: Орта жүздің тарихы, шегарасы туралы мәлімет жазған.
Қазақтардың Ертістің оң жағалауына қашан өткені туралы ақпарат берген.
Сібір шегаралық шебінде ұзақ қызмет етіп, қазақ халқының өмірі мен тұрмысын зерттеген.
|
Г.Ф.Миллер
| |
Сонымен қатар, В.И.Татищев деген секілді ғалымдар қазақ халқы туралы зерттеген.
19-20 ғ. басында Қазақстанда зерттеумен айналысқандар: орыстармен бірге шығыстанушылар және саяси жер аударылғандар, сонымен қатар қазақтар да зерттеу жүргізді. Зерттеу жұмысында: ағылшындар, француздар, немістер де зерттеу жүргізді.
Қазақсатнды зерттеушілердің көбі: Орынбор, Омбы, Ташкент қалаларында шоғырланды.
XIX-XX ғасырлардағы зерттеу жұмыстары
|
Еңбектері:
|
Б.С.Броневский (орыс оффицері)
|
«Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралы жазбалар» атты жұмысы («Отечественные записки» журналында жарияланған);
Солтүстік-Шығыс Қазақстан тарихын, тұрмыс-тіршілігін зерттеген.
|
А.И.Левшин
|
«Қырғыз-қайсақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» деген кітабы бар (3 бөлімнен тұрады);
Өз зерттеуінде: қазақ жерінің тарихы, этнографиясы, географиясы туралы мәліметтер келтірген;
|
А.И.Добросымслов (Торғай облысының мал дәрігері)
|
«Торғай облысы. Тарихи очерк» 3 томдық кітабы бар;
Кітабында: Кіші жүздегі қазақ хандықтарының тарихы, саясаты сипатталған.
19 ғ. 60 жылдары әкімшілік реформалардың қалай жүргізілгені жайлы баяндаған.
|
В.Радлов (Ресей шығыстанушы, этнограф)
|
«Сібір қазақтарының этнографиясы» кітабы арқылы түркология ғылымының дамуына ықпал еткен.
Қазақ жерінің мәдениеті, тілі, тарихын түбегейлі зерттеген.
|
П.П.Семенов-Тянь-Шанский (географ)
|
«Қырғыз өлкесі», «Түркістан өлкесі» кітаптарын жазған;
Алтай, Жетісу, Орта Азия жерлеріне экспедиция жасады;
|
Г.Н.Потанин
|
19 ғ. 70-90 ж. Сібір, Қазақстан, Орта Азиядағы толық зерттелмеген жерлерге саяхат жасап, зерттеу жасаған.
Алаш қайраткерлерінің қолдауымен Семейдің Қарақаралы жеріне де зерттеу жүргізген.
Кітаптары: «Сібір әскерлері туралы жазбаларын»; «Шоқан Уәлиханов туралы биографиялық мәліметтер»; «Қазақ-қырғыз және Алтай аңыздары мен ертегілері»; «Қазақ ханзадасының киіз үйінде» және т.б.
«Сібір әскерлері туралы жазбалары» кітабында казактардың қазақ тілін кең қолданғанын, қазақ дәстүрлерінің көбісін үйренгенін, Коряков, Жәмішев станциаларында өзара тығыз қарым-қатынаста екенін жеткізеді.
|
Әбубәкір Диваев
|
Орынборда туылған; ұлты: башқұрт;
Орырнбор кадет корпусында оқып жүріп қазақ жерінің тарихын, этнографиясын зерттеуге қызығушылығы артады;
19 ғ. 80ж. бастап өз өмірін қазақтарды зерттеуге арнады;
Түркістан үйірмесінің, Орыс географиялық қоғамының мүшесі болды;
1917 ж. дейін 100-ден астам тарихи-этнографиялық кітаптар жазған;
Қазақстанды зерттеуде фольклорлық жинақтарды қолданған;
Орыс ғалымдарымен бірігіп, қазақтардың 4000-ға жуық мақал-мәтелін жинады.
|
А.Н.Плещеев
|
1850-1859 ж. 10 ж. жуық Қазақстанда саяси жер аударылуда болды;
Ақмешіт қазақтарымен бірге Қохан хандығына қарсы шықты;
Қазақтар туралы: «Құдыреті күшті Құдай осыншама қабілетті етіп жаратқан бұл халықтың адамзат өркениетінен тыс қалып қоюы мүмкін емес... жергілікті көшпелі номадтардың күткен күні ертең-ақ туады, сөйтіп, олар өздеріне қазір жоғарыдан менсінбей қарайтын өзге халықтардың арасынан лайықты да құрметті орнын ойып тұрып алатын болады»;
|
Орыс географиялық қоғамы
|
Қазақстанда, Семейде, Омбыда, Орынборда, Ташкентте бөлім/бөлімшелері ашылды;
|
Ф.Щербина
|
19 ғ. басы – 20 ғ. басы Қазақ далалық уездеріне экспедиция жүргізді;
Осы экспедицияға қатысушылар «Қырғыздардың жер пайдалануы туралы материалдар» деген көптомдық кітап шығарды.
|
Т.Аткинсон (ағылшын зерттеушісі)
|
Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағын зерттеді;
1848-1855 ж. Жетісу қазақтары туралы кеңінен зерттеді;
Көшпелі қазақтардың тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін суреттер салды.
|
Ш.Е.Ужвальди де Мезе-Ковез (француз)
|
Оңтүстік Қазақстан қалаларын зерттеді.
|
19 ғ. 70-жылдары Қазақстанда облыстар құрылғаннан кейін статистикалық комитеттер пайда болды. олар Қазақстан тарихы, мәдениеті, шаруашылығы туралы құнды мәліметтерді «Шолуларда»; «Естелік кітапшаларында» жариялады.
Батыс Қазақстан тарихын зерттеуде: 1887 жылы Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы құрылды. Зерттелген еңбектер «Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясының еңбектері» деген атпен жарияланған.
Қазақ халқы туралы 1897 жылы Бүкілресейлік халық санағы кезінде жинақталды.
Қазақстанды зерттеген қазақтар
Шыңғыс Уәлиханов
|
Шоқан Уәлихановтың әкесі;
Сібір өлкесін зерттеді.
|
Мұса Шорманов
|
Омбы кадет корпусында оқыд;
Баянауыл сыртқы округінің болысы, аға сұлтаны ретінде қызмет атқарды.
Орыс армиясының полковнигі болды.
Мақалалары: «Батыс Сібір қырғыздарының мал өсіру кәсібі туралы»; «Қырғыздардың ұлттық дәстүрлері»; «Павлодар уезінің қырғыздары туралы жазбалар»
|
Мұхаммед-Салық Бабажанов
|
Қазақтан шыққан алғашқы этнограф
Орынбор кадет корпусында білім алғаннан кейін, Ішкі Ордада әкімшілік қызметтер атқарды.
1862 ж. Орыс географиялық қоғамының мүшесі болып, Үлкен күміс медальмен марапатталды.
Мақалалары: «Нарын құмы туралы географиялық және этнографиялық мәліметтер»; «Ішкі қырғыз ордасындағы саятшылық»
|
Ыбырай Алтынсарин
|
Ғалым-этнограф;
Орыс географиялық қоғамы Орынбордың толық мүшесі болды.
Қазақ халқының тарихы, фольклоры, шежіресі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы мәліметтер жинақтаған.
|
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
|
Өлкетанушы
Философия, медицина, астрономия, геология, этнография, география, фольклористика, педагогика, лингвистика, дін салаларымен айналысты.
«Ер Олжабай батыр» жырын Сақау ақынның айтуымен жазып алған
Абылай хан, Қазыбек би, Бөгенбай батыр туралы деректер жинады.
Павлодар, Батыс Қазақстан, Омбы, Семей, Петропавл, Атбасар, Ақмола қалаларын/ ауылдарын зерттеді.
Бұхар Қалқаманұлының жерленген жерін көрсеткен.
|
Әлихан Бөкейханов
|
Тұңғыш абайтанушы;
Мал шаруашылығы, егіншаруашылығы туралы зерттеген алғашқы ғалым
Орыс географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімінің мүшесі болды.
1902 ж. Орыс географиялық қоғамы Семейдегі бөлімшенің ашылуына септігін тигізді.
«Известия», «Записки», «Отчеты» басылымдарына мақалалар жариялады.
Ф.А.Брокгауз, И.А.Ефронның «Жаңа энциклопедиялық сөздігі» жұмысына қатысты
1903 ж. Петегрбургтегі «Ресей. Өлкеміздің толық географиялық сипаттамасының» 17-ші томы басылып шыққан. Осы кітапта: «Қырғыздар», «Сұлтан Кенесары Қасымұлының тарихына қатысты материалдар», «Абай Құнанбаев», «Қарқаралы уезі қырғыздарының рулық құрылымы», «Қырғыздардың ас беруі жайында» еңбектері басылып шыққан.
|
Сонымен қатар, Қазақ даласын зерттеген қазақ ғалымдарын атап айтсақ: М.Дулатұлы, Ә.Ермеков, С.Асфендияров, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгеров, А.Сейітов т.б.
Қазақтан шыққан алғаш дәрігерлер: Мұхамеджан Қарабаев, Халел Досмұхамедов, Бақтығали Бисенов, Асылбек пен Мұсылманбек Сейітовтер.
Халел Досмұхамедов
|
Санкт-Петербургтегі әскери-медицина академиясын бітірген;
Орал облысының Темір уезінде дәрігер қызметін атқарды;
«Ауру-сырқаулар жөнінде», «Жұқпалы ауру түрлері» мақалалары бар («Қазақ газетінде жарияланды).
|
Асылбек Сейітов
|
Томск университеті медицина факультетін аяқтап, Омбы, Семей, Баянауылда жұмыс істеді.
19 ғ. 30 жылдары ашаршылық кезінде әйелі Нафия екеуі халықты ажалдан аман алып қалды.
|
43-44.ХIX-XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы оқу орындарының қызметі
Достарыңызбен бөлісу: |