XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған қоғамдық-саясижәне мәдени-ағартушылық қозғалыс
Жәдитшілдік-XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Ресей империясындағы түркі тілдес мұсылман халықтары арасында өріс алған қоғамдық-саясижәне мәдени-ағартушылық қозғалыс. Зайырлы білім-діни емес,ғылыми бағыттағы білім негіздері. Дьяк-ескі Ресейдегі мемлекеттік мекемелерде хатшылық жұмысын атқаратын қызметтер,шенеунік. Медресе-мешіт жанында ислам дінін оқытатын орта және жоғары дәрежелі оқу орны. Панисламизм-барлық мұсылман қауымының біртұтас ислам мемлекетіне бірігуін негіздейтін діни-саяи идеология. Пантүркизм-түркішілдік,ХХ ғасырдың басында пайда болған,Түркияның қамқорлығымен түркі тілдес халықтардың бір мемлекетке бірігуін көздейтін ағым. Семинария-орта білім беретін арнайы оқу орны. Училище-белгілі бір мамандық беретін орта және арнаулы оқу орны.
Гаспринский Ысмайыл(1851-1914)-белгілі түркі ағартушысы және Ресейдің қоғам қайраткері.Өзінің бүкіл өмірін Ресей империясындағы мұсылмандардың құқығын қорғауға арнады.
Тұрлыбаев Айдархан(1877-13-937)-қоғам қайраткері,заңгер, <<Алаш>>қозғалысына белсене қатысушы.
Медресе шәкірттері ислам дінінің негіздері бойынша бастауыш білім алумен қатар философия,медицина,тарих,тіл білім және астрономия жөнінде білім негіздерін меңгерді.
Мектептегі оқуын аяқтаған баласын ата-аналар білімін жалғастыру үшін жаңа әдіспен оқытатын Уфадағы <<Ғалия>>,Орынбор қаласындағы<<Хусайния>>,Троицкідегі<<Расулия>>медреселеріне берді.