Ұлттың сана сезімін жетілдіру;
Салиқалы сыртқы және ішкі саясат;
Қазақ халқының ауызбірлігі мен ұлттық менталитеті;
Елімізде тұратын басқа этникалық ұлттар өкілдерінің қазақтармен және өзара бір- бірімен тату тұруы.
2001 жылы ұлттық идеяның 5 қағидаты ұсынылды:
Полиэтникалық Қазақстан халқының теңдігі;
Қазақ халқы – ұлт пен мемлекет құраушы этнос;
Діни төзімділік;
Заңға бағынатын азаматтарды тәрбиелеу;
Орта және кіші бизнесті дамыту.
Ұлттық идеяның негізгі ұғымдары, тәуелсіздік пен азаматтардың әл-ауқатын арттыру.Оны 2005жылы Назарбаев ұсынды.
2014 жылы « Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының жаңа нұсқасы ұсынылды. « Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруға шақырды.
ҚР тұңғыш президенті елбасы- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2014жылы « Қазақстан жолы- 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында жаңа біріктіруші « Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын ұсынды: «Біздер , қазақстандықтар-бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр- бұл біздің « Мәңгілік Ел», лайықты әрі ұлы Қазақстан! « Мәңгілік Ел» - жалпықазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы . Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін,ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды».
Қазақстан ұлттық мемлекеттігін нығайту жолына түскендігі туралы Назарбаев: « Менің арманым, ойым – Қазақстанның мәңгілік болуы. Сондықтан « Мәңгілік Ел» деген идеяны ұсындым. « Мәңгілік Ел» болу үшін бәрін жасап жатырмыз. Қазақстанның ең үлкен патриоты да, елді алға сүйрейтін де солар болады деп сенемін.»
Идеяның бастауы : орта ғасырда Моңғолияның Өтікен жерінде арғы бабаларымыз- түркілердің тарихы тасқа мәңгілікке қашалып, жазылып қалған.
Достарыңызбен бөлісу: |