Кекілбаев Әбіш (1939-2015) – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері.
Ұлттық идея этникалық , діни , тілдік тегіне, саяси көзқарасына қарамастан ұлттық құндылықтар арқылы елде барша халықтың ортақ мүддеге топтастыра алады.
Жалпыұлттық ауқымдағы идея мәселесі тәуелсіз Қазақстанда XX ғасырдың 90жылдары әсіресе XXI ғасырдың басында көтеріліп, бірнеше үлгілер ұсынылды.
Ұлттық идея төңірегіндегі пікірталастарға: Ә. Кекілбаев, М. Жолдасбеков, А. Сейдімбек, С. Қасқабасов, М. Әшімбаев, Ә. Нысанбаев .
Кекілбаевтың тұжырымы бойынша ұлттық идея өзегі: «Отаршылдық ой-пікірден арылып, халық санын көбейту үшін елімізде бала туу көрсеткіштерін жоғарылату қажет. Сондай – ақ ұлттық мемлекет құру, халықтың санасын жаңғырту, шетелдердегі қазақтарды елге оралту, батыс демократиялық құндылықтары мен либерализм т.б мәселелерді көтеріп, қазақ халқының тарихы- рухани келбетін ашып көрсетуге ұмтылды».
ҚР ҰҒА академигі С. Қасқабасов ұлы ақын, ойшыл А. Құнанбайұлының поэзиясы мен философиясына сүйеніп, «ұлттық идея» ұғымын « мемлекеттік идея» мағынасында қабылдауды ұсынды.