Оғызнама және халық эпосы



Дата04.07.2018
өлшемі5,84 Mb.
#46928
  • “Оғызнама және халық эпосы”
  • «Оғызнама» эпостық көркем туынды болумен қатар, қазіргі тарихи тақырыпта жазылып жүрген шығармалардың бастапқы үлгілерінің бірі.Онда Оғыз батыр және оның ұрпақтары жасаған әскери жорықтары, ерлік істері,оғыз тайпаларының көршілес тайпалармен қарым-қатынасы, жер-су аттары, т.б. көрсетілген.
  • Ұйғыр әрпімен жазылған
  • Араб әрпімен жазылған
  • «Оғызнама»
  • нұсқалары
  • Ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы Парижде сақталған. Орыс тіліне алғаш аударған В.В. Радлов. Кейін қайта транскрипциялаған А.М.Щербак
  • «Оғызнаманың» басқа да нұсқалары бар
  • Оғыз жөніндегі деректер Хондамирдің «Хуласат ал-ахбар» («Тарихи мәліметтер жинағы») атты еңбегінде де бар.
  • Стамбул нұсқасында «Оғызнама» «Қорқыт ата кітабымен» біріктіріліп берілген.
  • Дастанның негізгі кейіпкері – Оғыз ерекше туылған бала
  • Анасы– Айқаған
  • Ақылшысы – Ұлық Түрік
  • Балалары – Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз
  • Тұрақты мотивтер:
  • Ғайыптан тууы.
  • Батыр есімін алуы.
  • Үйленуі.
  • Ерлік істері, жорықтары.
  • Дүниеден өтуі.
  • «Оғызнама» қырықтан астам хикаядан тұрады. Әрбір хикаяда Оғыз қаған туралы белгілі бір оқиғалар баяндалады:
  • Айқағанатты анадан Оғыздың ерекше көркем болып тууы.
  • Сол баланың күн сайын алып болып өсуі.
  • Оғыз батырдың аң аулаудағы ерліктері.
  • Оғыздың ерекше жағдайларда үйленуі.
  • Екі әйелінен алты бала сүйгені: Күн, Ай, Жүлдыз, Көк, Тау, Теңіз.
  • Оғыз қағанның дүниенің төрт бұрышына жеңімпаз жорықтары.
  • Еділді, Тибетті, Сирияны, т.б. жерлерді жаулап алғаны.
  • Қартайған шағында қасына ілесіп жүретін Ұлық Түрік деген данагөйдің ақылымен ел-жүртын жинап той жасап, жерін алты ұлына бөліп бергені, т.б. бұлар жырдың негізгі мазмұнын құрайды.
  • «Оғызнаманың» басты идеясы – бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күресу болып табылады.
  • «Ол кезде моңғолдарда бала бір жасқа шыққанша ат қоймайтын әдет бар еді. Бала бір жасқа келгенде, Қара хан елге сауын айтып, үлкен той жасады. Той үстінде ұғланды көпшілікке көрсетіп, хан билеріне: «Бұған қандай ат қоясыздар, баламыз бір жасқа жетті»,-дейді. Сонда бала билердің жауап бергендерін күтпей: «Менің атым Оғыз болар, оны білмек баршаңызға парыз болар»,- депті» «Оғызнаме. Әбілғазы нұсқасы».


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет