- “Оғызнама және халық эпосы”
- «Оғызнама» эпостық көркем туынды болумен қатар, қазіргі тарихи тақырыпта жазылып жүрген шығармалардың бастапқы үлгілерінің бірі.Онда Оғыз батыр және оның ұрпақтары жасаған әскери жорықтары, ерлік істері,оғыз тайпаларының көршілес тайпалармен қарым-қатынасы, жер-су аттары, т.б. көрсетілген.
- Ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы Парижде сақталған. Орыс тіліне алғаш аударған В.В. Радлов. Кейін қайта транскрипциялаған А.М.Щербак
- «Оғызнаманың» басқа да нұсқалары бар
| | - Оғыз жөніндегі деректер Хондамирдің «Хуласат ал-ахбар» («Тарихи мәліметтер жинағы») атты еңбегінде де бар.
| - Стамбул нұсқасында «Оғызнама» «Қорқыт ата кітабымен» біріктіріліп берілген.
| - Дастанның негізгі кейіпкері – Оғыз ерекше туылған бала
- Анасы– Айқаған
- Ақылшысы – Ұлық Түрік
- Балалары – Күн, Ай, Жұлдыз, Көк, Тау, Теңіз
- Тұрақты мотивтер:
- Ғайыптан тууы.
- Батыр есімін алуы.
- Үйленуі.
- Ерлік істері, жорықтары.
- Дүниеден өтуі.
- «Оғызнама» қырықтан астам хикаядан тұрады. Әрбір хикаяда Оғыз қаған туралы белгілі бір оқиғалар баяндалады:
- Айқағанатты анадан Оғыздың ерекше көркем болып тууы.
- Сол баланың күн сайын алып болып өсуі.
- Оғыз батырдың аң аулаудағы ерліктері.
- Оғыздың ерекше жағдайларда үйленуі.
- Екі әйелінен алты бала сүйгені: Күн, Ай, Жүлдыз, Көк, Тау, Теңіз.
- Оғыз қағанның дүниенің төрт бұрышына жеңімпаз жорықтары.
- Еділді, Тибетті, Сирияны, т.б. жерлерді жаулап алғаны.
- Қартайған шағында қасына ілесіп жүретін Ұлық Түрік деген данагөйдің ақылымен ел-жүртын жинап той жасап, жерін алты ұлына бөліп бергені, т.б. бұлар жырдың негізгі мазмұнын құрайды.
- «Оғызнаманың» басты идеясы – бүкіл түркі елін бірлікке шақыру, достық пен адамгершілікке үндеу, сыртқы жауға қарсы күресу болып табылады.
- «Ол кезде моңғолдарда бала бір жасқа шыққанша ат қоймайтын әдет бар еді. Бала бір жасқа келгенде, Қара хан елге сауын айтып, үлкен той жасады. Той үстінде ұғланды көпшілікке көрсетіп, хан билеріне: «Бұған қандай ат қоясыздар, баламыз бір жасқа жетті»,-дейді. Сонда бала билердің жауап бергендерін күтпей: «Менің атым Оғыз болар, оны білмек баршаңызға парыз болар»,- депті» «Оғызнаме. Әбілғазы нұсқасы».
Достарыңызбен бөлісу: |