Офтальмология



бет18/32
Дата04.06.2022
өлшемі465,03 Kb.
#145993
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
Байланысты:
Сессия все????????????????????????

ОФТАЛЬМОЛОГИЯ
*Офтальмология**1*7*
#1
*!Жанаспайтын тонометрмен қандай көзішілік қысым өлшенеді?
+*шынайы
*тонометриялық
*эписклералық веналардағы
*тонографиялық
*камераішілік

#2
*!Орбитаның ЕҢ жұқа қабырғасы қандай?


+*ішкі
*артқы
*сыртқы
*төменгі
*жоғарғы

#3
*!Орбитаның ЕҢ мықтықабырғасы қандай?


*артқы
+*сыртқы
*төменгі
*жоғарғы
*ішкі

#4
*!Қандай қабаттың жасуша аксондары көру нервін түзеді?


*пигментті қабат
*сыртқы түйіршікті қабат
*таяқшалар және сауытшалар қабаты
+*ганглионарлы қабат
*ішкі түйіршікті қабат

#5
*!Бұлшық еттік ойылу (воронка) аймағында қандай нерв орналасқан?


*көзжасы
*шығыршық
*+көру
*жоғарғы жақ
*беттік

# 6
*!Қандай патологияға миоз ЕҢ тән?


*хориоидит
*ретинит
*глаукома
+*иридоциклит
*блефарит

#7
*!Артқы увеитте тамырлы қабықтың қандай бөлігі зақымданады?


*нұрлы қабық
*цилиарлы дене
+*хориоидея
*тор қабық
*көру нерві


*Офтальмология**2*34*8*41*
#8
*!Шеткі көруді зерттеу үшін қандай зерттеу тәсілін қолдану ЕҢ дұрыс?
*тонометрия
+*периметрия
*офтальмоскопия
*визометрия
*гониоскопия

#9
*!Көз түбін қарау үшін қандай зерттеу тәсілін қолдану ЕҢ дұрыс?


*рефрактометрия
*биомикроскопия
*периметрия
+*офтальмоскопия
*визометрия

#10
*!Көздің алдыңғы бөлігін тексеру үшін қандай зерттеу әдісі ЕҢ мақсатқа сай?


*пальпация
*офтальмоскопия
*гониоскопия
*визометрия
+*биомикроскопия

#11
*!Алдыңғы камера бұрышындағы өзгерістерді анықтау үшін қандай тәсіл ЕҢ нақты?


*офтальмоскопия
+*гониоскопия
*циклоскопия
*периметрия
*тонометрия

#12
*!57 жастағы ер адамда көзішілік қысым жоғары, бұршақтың бұлыңғырлануы анықталды.


Бұршақтың ісінуін нақтылау үшін қандай зерттеу тәсілін жүргізген ЕҢ дұрыс?
*гониоскопия
*биомикроскопия
*офтальмоскопия
*офтальмохромоскопия
+*ультрадыбысты зерттеу
#13
*!Жанаспайтын тонометрмен қандай қысым өлшенеді?
+*шынайы көзішілік қысым
*тонометриялық көзішілік қысым
*эписклералық веналардағы қысым
*тонографиялық көзішілік қысым
*тор қабықтың орталық артериясындағы қысым

#14
!Төменде аталғандардан рефракцияны анықтаудың ЕҢ объективті зерттеу тәсіліне жатады?


*офтальмометрия
*периметрия
*кампиметрия
*биомикроскопия
+*рефрактометрия

#15
*!Төменде аталғандардан клиникалық рефракция түсінігіне ЕҢ сәйкес келеді?


*қасаң қабық пен бұршақтың рефракцияларының жиынтығы
*көздің оптикалық жүйесіндегі сындыру күшінің жастық өзгерістері
*көрудің алыстан анық көретін нүктесінің орналасуы
*диоптриямен белгіленетін оптикалық жүйенің сындыру күші
+*бас фокустың орналасуының тор қабыққа қатынасы

#16
*!25 жастағы ер адам көру жітілігін анықтайтын кестеден бірінші қатарды 1 метр арақашықтықтан көрді.


Көру жітілігі қанша болуы ЕҢ ықтимал?
*0,1
*0,05
+*0,02
*0,01
*0,2

#17
*!23 жастағы бойжеткен көру жітілігін анықтайтын кестеден бірінші қатарды 3 метр арақашықтықтан көрді.


Көру жітілігі қанша болуы ЕҢ ықтимал?
*0,1
*0,2
*0,05
*0,02
+*0,06

#18
*!Блефаритке қандай белгілер ЕҢ тән?


*қабақтың айналуы, көзден жас ағу, іріңді бөлініс
*қабақтар толық жабылмайды, жарықтан қорқу, жас ағу
*+қабақтың шеттерінің қалыңдауы, қызаруы, кірпіктердің түбінде қабыршақ пен жараның болуы
*кірпіктердің дұрыс өспеуі, көзден жіп тәрізді бөліністің ағуы, таңертең қабақтардың жабысуы
*қабақтың треморы, көзден шырышты бөліністің ағуы, жарықтан қорқу

#19
*!Бала 5 жаста, бала-бақшаға барып келгеннен кейін көзінен жас ағу, жарықтан қорқу пайда болған. Қабақтың шырышты қабаты қызарған, ісіңкі, петехиялар бар, бульбарлы конъюнктивада негізі лимбке қараған екі ашық-сұрғылт үшбұрыш байқалады. Көзден шырышты-іріңді бөлініс ағады.


Қандай алдын ала диагноз ЕҢ ықтимал?
*гонобленнорея
*күлдік конъюнктивит
*+Кох-Уикс жедел эпидемиялық конъюнктивит
*блефароконъюнктивит
*пневмококкты конъюнктивит

#20
*!Ер адам 25 жаста, екі көзінің ашуына, бөгде зат тұрғандай сезімге, таңертең қабақтары ашылмай қалуына шағымданды. Ауырғанына 2 күн болған, екі жақтан басталған. Объективті: көздері ашық, кірпіктерде кепкен қабыршақтар байқалады, айқын конъюнктивалық инъекция, қабақтың конъюнктивасы ісіңкі, көзден көп мөлшерде іріңді бөлініс ағады.


Қандай конъюнктивит болуы ЕҢ ықтимал?
*аденовирусты
*эпидемиялық кератоконъюнктивит
*пневмококкты
*+жедел бактериалды
*ұшықтық

#21
*!12 жастағы бала салқындап ауырғаннан кейін, сол көзінің жоғарғы қабағы айқын қызарған және ісінген, ауырады, көзден іріңді бөлініс ағады. Сол көздің жоғарғы қабағының сыртқы бұрышында қозғалмалы тығыздану пальпацияланады. Жоғарғы қабақтың конъюнктивасы ісіңкі, борпылдақ. Жоғарғы қабақты айналдырып қарағанда, кірпіктік қырының шетінде көлемі 2х2мм сары түстес түзілім көрінеді.


Төменде аталған алдын ала диагноздарың қайсысы ЕҢ ықтимал?
*халазион
*трихиаз
*ішкі теріскен
*+сыртқы теріскен
*сыздауық

#22
*!Төменде аталған қандай факторлар қабақтың қабыну ауруларында ісінудің тез жайылып кетуін ЕҢ нақты түсіндіреді?


*тері асты – май тіндері өте тығыз және көп
*қантамырлары аз
*қантамырлары көп
*қабақ терісі жұқа және теріасты тіні тығыз
*+қабақ терісі жұқа және теріасты тіні борпылдақ

#23
*!Коньюнктивитке инъекцияның қандай түрі ЕҢ тән?


*+беткейлік
*терең
*перикорнеальді
*аралас
*іркілісті

#24
*!Бактериалды конъюнктивитке қандай патологиялық бөліністің сипаты ЕҢ тән?


*шырышты
*+іріңді
*жалқықты
*гемморагиялық
*өттік

#25
*!Ер адам 32 жаста, оң көзінің қызаруына, ауыруына және көруінің төмендеуіне шағымданады. Анамнезінен белгілі болғандай, ол жуық арада іріңді баспамен (ангина) ауырған екен. Тексергенде: көру жітілігі ОД ꞊0,4 түзетілмейді, цилиарлы ауыру сезімі, перикорнеальді қызару, алдыңғы камера сұйықтығы лайланған, қарашықтың пішіні дұрыс емес.


Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*конъюнктивит
*кератит
*кератоирит
*+иридоциклит
*кератоиридоциклит

#26
*!Әйел 45 жаста, офтальмологқа сол көзінің көруінің төмендегенін айтты. Анамнезінен белгілі болғандай, ол көруінің жәйлап төмендегенін кездейсоқ байқаған. Тексергенде: көру жітілігі ОД꞊1,0, ОS꞊ 0,6 түзетілмейді. Сол көз тыныш. Көздің алдыңғы бөлігі өзгермеген, сындыру орталары мөлдір. Көз түбінде орталық маңайдың айналасында дискінің 1 диаметр көлеміндей инфильтрат анықталды, айналасындағы тор қабық ісіңкі, шыны тәрізді денеге проминенцияланады.


Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
*панувеит
*иридоциклит
*тор қабықтың дистрофиясы
*+хориоретинит
*тор қабықтың ажырауы

#27
*!Ер адам 56 жаста, оң көзінің қатты ауыруына, ауыру бастың оң жағына берілуіне, лоқсу және құсуға шағымданып келген. Нервтік күйзелістен соң көзі кенеттен кеште ауырып бастаған. Объективті: ОД блефароспазм, іркілісті инъекция, қасаң қабық ісінген, кедір-бұдыр, алдыңғы камера саяз, қарашық кеңейген, жарыққа әсері жоқ. Қасаң қабықтың ісінуіне байланысты басқа бөліктері көрінбейді. Оң көзінің көру жітілігі-дұрыс емес жарықты сезеді. КІҚ ОД-41мм.сын.бағ.


Аталған диагноздардан қандай диагноз ЕҢ дұрыс болуы ықтимал?
*тор қабықтың орталық венасының тромбозы
*жедел иридоциклит
*+глаукоманың жедел ұстамасы
*жедел кератоувеит
*жедел хориоидит

#28
*!Ер адам 51 жаста, оң көзінде дискомфорт және оқтын -оқтын ауыру сезімінің болуына шағымданып офтальмологқа келді. Зерттеп қарағанда: көру жітілігі ОД ꞊0,7, ОS ꞊1,0. Көру кеңістігі ОД жоғарғы-мұрын жағынан 10º тарылған. Көздің алдыңғы бөлігі өзгермеген, сындыру орталары мөлдір. Көз түбінде Э/Д 0,6. Көзішілік шынайы қысым ОД -26 мм.сын.бағ. ,ОS- 16 мм сын.бағ.


Қандай диагноз болуы ЕҢ ықтимал?
*иридоциклит
*+біріншілік глаукома
*екіншілік глаукома
*гипертензия
*көру нервінің семуі

#29
*!Әйел 49 жаста, офтальмологқа сол жақ басына берілетін сол көзінің қатты ауыруына шағымданып келді. Қарағанда: іркілістік инъекция, қасаң қабықтың ісінуі, қарашық кеңейген, КІҚ 35 мм.сын.бағ.


Қандай диагноз болуы ЕҢ ықтимал?
*жедел иридоциклит
*+глаукоманың жедел ұстамасы
*жедел конъюнктивит
*кератит
*кератоконъюнктивит

#30
*!Ер адам 55 жаста, офтальмологта екі көзінен глаукома диагнозымен есепте тұрады.


Көру нерві дискін бағалауда ЕҢ заманауи зерттеу әдісі қандай?
*ультрадыбысты зерттеу
*электроретинография
*+оптикалық когерентті томография
*бинокулярлы офтальмоскопия
*гониоскопия

#31
*!Әйел 56 жаста,офтальмологқа сол көзінің күшті ауыру сезіміне, ауыру басқа берілуіне, лоқсуына шағымданды. Қарағанда: сол көзінің көру жітілігі 0,09 түзетілмейді, іркілісті инъекция, қасаң қабықтың ісінуі, алдыңғы камера саяз, қарашық кеңейген. Глаукоманың жедел ұстамасы деген диагноз қойылды.


Аталған ауруды қандай аурудан ажырата білу ЕҢ ықтимал?
*екіншілік глаукома
*панувеит
*+жедел иридоциклит
*кератит
*конъюнктивит

#32
*!Әйел 52 жаста, офтальмологқа оң көзінің ауыру сезіміне шағымданып келген. Зерттеп қарап глаукома диагнозы қойылды.


Глаукоманың түрін анықтау үшін қандай зерттеу әдісі ЕҢ ықтимал?
*биомикроскопия
*офтальмоскопия
*+гониоскопия
*тонометрия
*тонография

#33
*!Ер адам 48 жаста, офтальмологта глаукома диагнозымен есепте тұрады. Қарағанда: көру жітілігі ОД – 0,09, OS – 0,8, көру кеңістігі 20 º тарылған, Э/Д 0,8.


Аурудың кезеңі қандай болуы ЕҢ ықтимал?
*алғашқы
*өршіген
*+шексіз өршіген
*абсолюттке жақын
*абсолюттік

#34
*!Әйел 49 жаста, офтальмологқа оң көзінің оқтын-оқтын ауыратынына шағымданып келді. Қарағанда: көру жітілігі және шеткі көруі қалыпты жағдайда. Көзішілік қысым қалыпты. Көзішілік шынайы қысым 20-21мм.сын.бағ.


Көзішілік қысымды анықтау үшін қандай құрал қолданған ЕҢ ықтимал?
*тонограф
*Маклаков тонометрі
*+пневмотонометр
*пальпебральді тонометр
*сынаптық тонометр

#35
*!Аталған белгілердің қайсысы бұршақтың цинн байламдарының үзілуіне ЕҢ тән?


*гифема
*+иридофакоденез
*қарашықтың пішіні дұрыс емес
*көз түбінен сұр рефлекс
*нұрлы қабықтың бомбажы

#36
*!Қандай патологияда бір көздің ауруы екінші көздің қабынуына (симпатикалық офтальмия) ЕҢ жиі қауіп туғызуы мүмкін?


*жарақаттық кератит
*глаукоманың жедел ұстамасы
*кератоконъюнктивит
*+көзді тесіп өткен жарақат
*жарақаттық катаракта

#37
*!Төменде аталған қандай клиникалық белгі орбита қабырғасының сынғанын ЕҢ дұрыс анықтайды?


*гипертензия
*+энофтальм
*гипотония
*жас ағу
*жарықтан қорқу

#38
*!Төменде аталған белгілердің қайсысы көру нервінің үзілуіне ЕҢ сәйкес келеді?


*көздің қызаруы
*+зағиптық
*көрудің төмендеуі
*көзішілік қысымның жоғарылауы
*гипотония

#39
*!Қабақтың жарақатының жазылуында, төменде аталған қабақтың құрылымының қандай ерекшелігі ЕҢ маңызды?


*+қанмен қамтамасыз етілуі бай
*қабаттық құрылым ерекшелігі
*терінің иннервациясы
*ірі венозды тамырлардың болмауы
*лимфа жүйесінің ерекшелігі

#40
*!Төменде аталған қандай зерттеу әдісі көздің сындыру орталары мөлдір болмағанда, тор қабықтың жарақаттан болған ажырауын ЕҢ нақты анықтайды?


*жарық енгізіп зерттеу
*биомикроскопиямен
*офтальмоскопиямен
*+ультрадыбыс әдісімен
*оптикалық когерентті томографиямен

#41
*!Жаңа туған баланы дәрігер қарағанда, қарашықтың тұсы ақ екенін көрді.


Патология көз алмасының қандай құрылымында болуы ЕҢ ықтимал?
*қасаң қабықта
*+бұршақта
*шыны тәрізді денеде
*хориоидеяда
*тор қабықта




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет