Огюст Конттың 1839 жылы “Позитивтік философия курсы” атты еңбегі


Макс Вебер (1858-1918) «Әлеуметтік іс-қимыл» теориясының авторы



бет2/2
Дата17.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#181314
1   2
Байланысты:
Презентация 2 тақырып

Макс Вебер (1858-1918) «Әлеуметтік іс-қимыл» теориясының авторы: мәні бойынша тек басқалардыц мінез-құлқына бағытталған іс-қимыл әлеуметтік болып табылады.
Маркс Вебер – батыстың ірі әлеуметтанушысы. Қазіргі әлеуметтану ғылымы М.Вебердің ой-тұжырымдарымен көп санасады.Оның әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды.Ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып,адам іс-әрекетін, қимылын «түсіну, ұғыну» теориясын қалыптастырады.
М.Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік –тарихи құбылыстарының субьективтік жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс-әрекетінде, қызметінде оның қажеттілігін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыру керек.Оның басты міндеті – адамдардың іс-әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіну, ұғыну болып табылады.
Ол іс-әрекеттің, қимылдың басқа басқа біреуге бағытталуын тосу, күту, үміт ету дейді.Мұнсыз қандай да болмасын, іс-әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналмайды.М.Вебердің пікірінше, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет, қимыл негізгі идеалдық тип болып саналады,ал, саналы емес іс-әрекет, оның төмендеуі әр уақытта тәртіптен ауытқуға әкеледі.Әлеуметтік іс-әрекеттің ақылдылығы, парасаттылығы, ақылға жеңдірушілігі – Тарихи процестің басты бағыты.«Протестанттық этика және капитализм рухы »деген еңбегінде М.Вебер діни-этикалық нұсқаулардың экономикалық іс-әрекетке ықпалын түсіндіруге тырысты. Вебер саяси әлеуметтануды дамытуға да үлкен үлес қосты. Өзінің әлеуметтік іс-әрекет тұжырымдамасына сүйене отырып, ол саяси билікті 3 түрге бөлді: 1)харизматикалық ; 2)дәстүрлік; 3)бюрократтық.
Харизматикалық үстем ету – яғни соқыр сезіммен көсемге сенуге негізделген. Дәстүрлік – дәстүр мен салтқа негізделген; ал, бюрократтық деп ресми қызметтегі адамдардың, азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, өз міндеттерін формальды түрде атқаратын үстем ету формасы.Осыдан барып «бюрократизм» деген ұнамсыз ұғым пайда болды.Бюрократизм – істің мәніне немқұрайлы формальды қарау, істі көпке созу.Екінші жағынан, мұның өзі бюрократтық кәсіби деңгейі мен адамгершілік қасиеттерінің төмендігін, қызмет тәжірибесінің кемдігін дәлелдейді.Мұнда М.Вебер биліктің легитимдігі, яғни заңдылыгы тілге тиек етіп отыр. Легитимдік дегеніміз, халықтың үстем етіп отырған саяси билікті мойындау болып табылады.Мемлекеттік билік легитимді болуы үшін, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе жанама түрде белгілі бір мерзімге халық сайлайды және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкіндік болуы қажет.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Қолданылған әдебиеттер тізімі:


1. Ритцер, Д. Әлеуметтану теориясы . Sociologicaltheory. - 10-басылым.
Алматы: Ұлттықаудармабюросы, 2018. - 856 б.\
2. Вебер М. Протестантская этика и дух капитализма. — М., 2003.
3. https://kk.wikipedia.org/
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет