Оқылым. Қазақтың дастарханы


Бітеу буынды сөздерді табыңдар



бет3/8
Дата28.12.2021
өлшемі24,01 Kb.
#128913
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
олимпиада по каз яз5-6,9-10 кл

9.Бітеу буынды сөздерді табыңдар.

А) қабырға, ұшақ В) деңгей, сұрақтар, С) құлақшын, сынып Д) қармақ, жаңбыр Е) бор, отбасы



10. Қатесі бар сөзді белгілеңіз.

А) қалам В) кітап С) жумыс Д) үй Е) оқимын

(Барлығы-10 балл)
3. Жазылым.

Өзіңнің шетелдік досыңа «Қазақстанның мерекелері» туралы хат жаз.

Барлығы-5 балл.
Олимпиадалық тапсырмалар. 9 сынып.


  1. Оқылым.

Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырманы орындаңыз.

Татулық пен достық – мағынасы тереңде жатқан асыл сөз. Қазақта «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» болмаса «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас», немесе «Бөлінгенді бөрі жейді» деген аталы сөзі бар. Жалғыз адам айдалада өскен ағашпен тең. Сондықтан да «Жалғыздық құдайға ғана жарасқан, адамның күні адаммен» дейді. Ал көппен қарым-қатынаста болу, береке-бірліктің, татулықтың ізгі бастауы болмақ. Адам баласы әр атқан таңдағы күнін игілікті істермен бастап, берекелі тірлік етсе, айналасындағы жандарға шапағатын тигізсе нұр үстіне нұр болары сөзсіз. Ізгі ниетті, жаны таза адал жандар осылайша көптің «Алтын алма, алғыс ал, алтын деген жер сыйы, алғыс деген ел сыйына» ие болады.



  1. Мәтін мазмұнына 5 сұрақ құрастыр

  2. Мәтіннен 2 күрделі зат есімді теріп жаз.

  3. Терең, күн сөздеріне антоним жаз.

  4. Мәтіннен 5 тірек сөзді теріп жаз.

  5. Септік жалғауы бар 5 зат есімді теріп жаз. (Барлығы-5 балл)



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет