Оқу жоспарында
ғы ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері
|
Тақырыптар/Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны
|
Сөйлеу қызметінің түрлері
|
Оқыту мақсаттары. Білім алушылар білуге тиісті
|
1-тоқсан
|
Дананың сөзі – ақылдың көзі
|
Қорқыт "Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр", Қорқыттың нақыл сөздері, Ахмет Йассауи "Даналық кітабы",
Ақтамберді жырау "Күлдір-күлдір кісінетіп", "Балаларыма өсиет",
Шалкиіз жырау "Би Темірге бірінші толғауы"
|
Түсіну және жауап беру
|
8. 1. 1. 1 әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог,прологтарды анықтау;
8. 1. 2. 1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;
8. 1. 3. 1 көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулерді жіктеу;
8. 1. 4. 1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану
|
Анализ және интерпретация
|
8. 2. 1. 1 композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау;
8. 2. 2. 1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;
8. 2. 3. 1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау;
8. 2. 4. 1 шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу
|
Бағалау және салыстыру
|
8. 3. 1. 1 шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;
8. 3. 2. 1 шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;
8. 3. 3. 1 шығарманың көркемдік- идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу
|
|