Қолдану мақсатына қарай оқыту әдістерінің жіктелуі / М.АДанилов, Б.П.Есипов/
- білімді игеру
- іскерлік пен дағдылардың қалыптасуы
- білімді қолдану
- шығармашылық ic-әрекет
- білімді бекіту
- білімді, іскерлік, дағдыны тексеру
1. Типі мен танымдық қызметіне байланысты оқыту әдістерін жіктеу. Танымдық іс-әрекеттің типтері - мұғалімнің ұсынысымен оқушылардың өздерінің өз бетінше жұмыс істей алу қабілеттерінің деңгейі.
Бұған жататындар:
- иллюстрация арқылы түсіндіру
- репродуктивті
- проблемалық тұрғыдан материалды тусіндіру, айту
- жартылай ізденіс
- зерттеушілік
а/ иллюстрациялар арқылы түсіндіру
- оқушыларға білім дайын күйінде беріледі
- мұғалім әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың осы дайын білімді қабылдауларына әрекет жасайды
- оқушылар соны қабылдайды, естеріне сақтайды
Мұнда мұғалім тек қана оқушылардың білімді қабылдауын ғана ұйымдастырушы болып табылады.
ә/репродуктивті әдіс
- мұнда да оқушыларға білім дайын күйінде хабарлайды
- мұғалім жаңа білімді хабарлап қана қоймай, түсіндіреді
- оқушылар білімді саналы түрде меңгереді, түсінеді, еске сақтайды. Білімді қабылдаудың критериі сол білімді дұрыс есте сақтау болып табылады.
- білімді берік меңгеру қайталаулар арқылы жүзеге асады.
Жоғарыда көрсетілген оқыту әдістерінің басты ерекшелігі уақытты ұтымды пайдалануда, яғни бұл әдістерді пайдалана отырып, қысқа уақыт мерзімі ішінде көп күш-жігерді жұмсамай-ақ білмді беруге болатындығы.
б/ проблемалық тұрғыдан білім мазмұнын баяндау әдісі орындаушылық ic-әрекеттерін шығармашылық ic-әрекетке өту болып табылады.
в/ жартылай ізденісті бейнелейтін әдістер
- білім оқушыларға дайын күйінде берілмейді, қайта оны оқушылар өздері қарауы керек
- мұғалім жаңа білімді хабарламайды, керісінше, әртурлі тәсілдер арқылы жаңа білімдерді іздестіруді, қарастыруды ұйымдастырады
- оқушылар мұғалімнің басшылығы арқылы проблемалық ситуациялар ойластырып, құрастырады, шешеді және талдау жасап, салыстырулар жүргізеді, соның негізнде оларды саналы түрде берік білім қалыптасады.
г/ зерттеу әдістер
- мұғалім оқушылармен бірігіп, белгілі бip уақыт белгіленген мерзімде проблеманы құрастырады
- жаңа білім оқушыларға хабарланбайды, оны өздері зерттеу жургізе отырып, тауып, салыстырады
- мұғалімнің ic-әрекеті шұғыл қажет болғанда ғана көрініс табады
-оқу процесі жоғары жеделдетілген сипатта, алынған мәліметтер өзінің тереңдігімен, қызықтығымен, нақтылығымен ерекшелінеді.
Зерттеу әдістері шығармашылықты қалыптастырғанымен, мұғалім мен оқушылардан төзімділік пен күш-жігерді және уақытты талап етеді.
2. Дидактикалық мақсаттарға байланысты оқыту әдістері екі топқа бөлінеді:
1/ оқу материалын меңгерудің бастапқы кезеңі
2/ қабылдаған немесе меңгерген білімдерді бекіту және жетілдіру / Г.И.Щукина, И.Т. Огородников/
Бірінші топқа жататындар ауызша материалды айтып беру, әңгіме, кітаппен жұмыс, ізденіс жұмыстары, диспут, лабораториялық жұмыстар.
Eкінші топқа - жаттығулар, практикалық тапсырмалар.
Соңғы кездерде академик Ю.К.Бабанский ұсынған оқыту әдістері кеңінен қолданылуда. Онда ipi-ipi үш топқа бөлінген оқыту әдістері қолданылады.
1/ оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, іске асыру
- қайнар көздері – сөздік, көрнекілік, практикалық
- логика - индуктивті және дедуктивті
- ойлау - репродуктивті және проблемелық ізденіс
- басқару - өзбетінше жұмыс icтey әдістері мен мұғалімнің басшылығымен жұмыс
2/ оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру
- оқуға қызығушылықтың мотивациясы мен ынталандыру әдютері
- оқу алдындағы жауапкершілік пен борышты ынталандыру
3/ оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімділігін бақылау және өзін-өзі бақылау
- ауызша өзін-өзі бақлыау, жалпы бақылау
- жазбаша бақылау
- лабораториялық - практикалық бақылаулар әдісі.
Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсінісу, лекция, кітаппен жұмыс.