Оқыту әдістерінің жіктелуі



бет1/3
Дата07.10.2022
өлшемі29,64 Kb.
#152043
  1   2   3
Байланысты:
Оқыту әдістерінің жіктелуі


Оқыту әдістерінің жіктелуі
Әдіс- (гректің- metodos) деген сөзінен алынған, ол зерттеу немесе таным жолы, табиғат құбылыс және әлеуметтік өмірдің жағдайын, құбылыстарды оқып білу жолдарын, методологиялық теория танымы мен шындықты бекітуді зерттейтін тәсіл.
Педагогикалық энциклопедияда «Оқыту әдістері» мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскрелікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттер дамиды», деп жазылған.
Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланыс іс- әрекетінің тәсілдері.
Оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.
Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені оқытуда ең бастысы оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практика мен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды, идея нақты өмір мәліметтерінен қорытылады. Осы ережелердің бәрі оқушылардың көзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады.
Оқыту әдісі мақсатқа жетудің саналы түрле қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұштастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың белсенділігін педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.
«Оқыту әдісі» және «әдістемелік тәсіл» ұғымдары бір бірімен тікелей байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі (компоненті, құрамы, бөлімі).
Оқыту әдістерінің жіктелуі:
Білім берудің көпжақтылығы секілді оқыту әдістері де көпқырлы. Оқыту әдістері жіктеу белгілі бip белгілеріне орай жүйеге келтіру болып табылады. Қазіргі кезде оқыту әдістерінің оннан астам классификациясы бар. Оқыту шектен тыс ауыспалы, диалектикалық процесс. Осыған байланысты оқыту әдістері де сол оқыту процесіне сай, оның қасиеттерін бейнелеуі керек. Төменде көп жағдайда кездесетін, негізделген оқыту әдістерінің жіктелуін қарастырамыз.
Бастауын ертедегі философиялық және педагогикалық жүйелерден алатын д ә с т ү р л i оқыту әдістері. Мұнда жалпы белгісі,негізі ретінде білімнің бастауы алынады. Ал бұған практика, көрнекілік, сөздік әдістер алынған. Мәдениеттің дамуына байланысты кейіннен бұларға кітап, одан кейін ақпараттардың күшті, қайнар көзі в и д е о және компьютер жүйесі қосылды. Сонымен бұл жүйеге практикалық көрнекілік,кітаппен жұмыс және видеоәдістер жатады. Бұл әдістердің әрқайсысы жекеленген әдістерден тұрады.
1. А у ы з ш а әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, кеңес беру, лекция, пікірталас, диспут.
2. К ө р н е к i л i к әдістер: иллюстрация, демонстрация, оқушылардың байқауы.
3. П р а к т и к а л ы қ әдістер : тәжірибе, жаттығу,өндірістік -оқу еңбегі.
4. Кітаппен жұмыс — оқу , жаттау, реферат, көріп, оқып шығу, мазмұндама, жоспар құру, конспект жазу.
5. Видео арқылы - қарау, көру, оқыту, бақылау,мұғалімнің бақылауымен жаттығу, бақылау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет