«Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер» модулі бойынша коучинг-сессияның өткізілу жоспары



Дата27.12.2016
өлшемі61,28 Kb.
#6193
« Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер» модулі бойынша коучинг-сессияның өткізілу жоспары



Коучинг сабақтың тақырыбы.

Диалогтік оқыту

Өткізілетін уақыты:

08.10.2015 жыл

Сабақтың мақсаты:

Диалогті оқытудың маңыздылығын, Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесудің түрлерін талдап, бір-бірімен айырмашылықтарын ажырата түсіндіру. Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару.

Табыс критерийі:

Өздерінің идеяларымен шағын топтарда өзінің құрдастарымен бөлісе алады.

Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді.

Диалогтық оқыту арқылы топтық жұмыстарды ұйымдастырудағы сұрақтардың маңыздылығын түсінеді.

Әңгімелесудің түрлерімен толық танысады және оларды бір-бірінен ажырата алады.



Коучингті өткізу әдістері:

Топтық жұмыс, Джигсо -1, жұптық жұмыс, өзін-өзі бағалау,

топтық бағалау, Венн диаграммасы,



Ұсынылған ресурстар:

МАН, 34-35 беттер,

Ғаламтордан алынған материалдар,

Үлестірме материалдар


Сабаққа қажетті негізгі кілт сөздер:

Диалогтік оқыту құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды(Мерсер)

Диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандырады және дамытады (Александер)

Әңгіме-дебат;

Кумулятивтік әңгіме;

Зерттеушілік әңгіме


Материалдар мен құралдар:

Виппроектор, презентация Pover Point, маркерлер, стикерлер, магнитті тақталар, ватмандар,







Сабақ барысы:

Уақыты

Коучтің іс-әрекеті/сұрағы

Мұғалім-тыңдаушылардың іс-әрекеті

Қолданылатын құралдар

3 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу

Аллитерация әдісімен бір-біріне жақсы көңіл-күй тілейді

Әр мұғалімнің атының басқы әріптерінен басталатын сөздерді қиыстыру



Баяу әуен ойнап тұрады

2 минут

Топқа бөлу. Джигсо -1 әдісі

Топ ережесі

Топ жетекшісі

Бағалау парағын және

бағалау критерийін тарату

Топ жетекшісі таратылған бағалау парағына өз тобындағы мұғалімдердің атын жазады.

Барлықтарыңыз орындықтарыңыздың артына қараңыздар, кімде стикер тұр, сол топ жетекшісі


Мұғалімдерге сандар таратылады, сол бойынша топтасады.

Топ ережесін құрады.

Бағалау парағы және бағалау критерийімен танысады.
Әр мұғалім өзін-өзі бағалайды және оларды топ жетекшісі бағалайды



А-1,А-2,А-3;

Б-1,Б-2,Б-3;

В-1,В-2,В-3;
Флипчарт, маркер

Бағалау парағы

Бағалау критерийі

Бағалау парағы таратылады



3 минут


Ой қозғау:

Диалог деген не?

Диалогтік оқыту дегенімізді қалай түсінесіздер?

Диалогтың қандай түрін білесіздер?





Мұғалімдердің пікірлерін тыңдау




3 минут

Мағынаны ажырату:

Диалогтік оқыту туралы Мерсер мен Александердің тұжырымдамалары


Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгіменің 3 түрі белгілі

«А» тобы – Әңгіме-дебат



«Б» тобы – Кумуля-

тивтік әңгіме

«В» тобы – Зерттеушілік

әңгіме

Мұғалімдер МАН, 34-бет,3 және 5-абзацтардан оқиды және жауап береді

МАН,34-бет, төменнен 1-абзац


Үш түрлі-түсті А4 форматты әр топ таңдайды:



Көк түс – Әңгіме-дебат,

Қызыл түс – Кумулятивтік әңгіме

Сары түс – Зерттеушілік әңгіме

7 минут



Мазмұнын ашу:

Мұғалімдер өз тобында біріне-бірі сағат тілімен түсіндіреді.

Топ жетекшісі топ мүшелерін және

мұғалімдер өздерін-өзі бағалайды


А-1,2,3;

Б-1,2,3;


В-1,2,3
Бағалау парағына бағалайды

3минут

Сергіту сәті:

Кім? Кіммен? Қашан?

Қайда? Неліктен?

Не істеді? Мен көрдім де былай дедім....



Мұғалімдер кезекпен тез-тез жауап береді




7минут

Топпен алмасу

Мұғалімдер бір-бірімен сандар бойынша топтасады да, сандардың ретімен бір-біріне түсіндіреді.

Топ жетекшісі топ мүшелерін және

мұғалімдер өздерін-өзі бағалайды.


А-1,Б-2,В-3 – І топ;

А-3,Б-1,В-2 – ІІ топ;

А-2,Б-3,В-1 – ІІІ топ


2 минут

Бағалау «Бағдаршам» әдісі

Мұғалімдер бағдаршамның түстерін көтеру арқылы нәтижесін көрсетеді.

Жасыл – түсіндім

Сары – толық түсінбедім, көмек қажет

Қызыл – мүлде түсінбедім


10 минут

Әңгіменің үш түрін топтарға бөлу

Мұғалімдер топтаса, берілген әңгіменің үш түрін үш музыкалық композицияда орындайды.

Әңгіме-дебат – дәстүрлі ән;

Кумулятивтік әңгіме - опера;

Зерттеушілік ән – рэпп


2минут

Венн диаграммасы

Мұғалімдер өз тобы бойынша бөлінген әңгіменің үш түрінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратып жазулары тиіс

Венн диаграммасы

Смайлик арқылы бағалау



2 минут

Бағалау

Топтар бір-бірін бармақпен бағалайды

Топ жетекшілері топ мүшелері және өзін бағалау қорытындысын жариялайды.



Бас бармақ,

Бағалау парақтары



6минут

Рефлексия: Не үйрендім?

Нені үйренгім келеді?



Мұғалімдер алманың суретіне өз ойларын жазып, алма ағашына іледі

Қағаздан қиылған қызыл, сары, жасыл алмалар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет