Дегенмен, арада жылдар өтіп, бұл көрсеткішті көрсете алмадық. 2011 жылғы зерттеу нәтижесі орташа көрсеткіштен төмен екені анықталды. Қазақстандық 4 сынып оқушыларының математикадан орташа көрсеткіші 501 (1 000 балдық шкала) ұпай, ал жаратылыстану пәнінен – 495 ұпай.[1] Осы жылдың сәуір айында TIMSS-2015 зерттеуіне әлем бойынша 57 мемлекет арасынан 500 мыңнан астам бастауыш және орта буын оқушылары жаратылыстану және математикалық білімдерін көрсетуге ат салысты. Оның ішінде Қазақстан атынан 9 579 4-ші және 8-ші сынып оқушылары өз құрдастарымен бәсекеге түсті.
PISA
TIMSS
Pisa PISA (Program for lnternational Student Assessment) халықаралық зерттеуі 15 жастағы білім алушылардың функционалдық сауаттылығын бағалайтын Адам дамуының индексі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Бұл зерттеу оқушылардың білімдерін 3 бағытта (математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы, оқу сауаттылығы) бағалайды. Қазақстан PISA зерттеуіне 2009 жылдан бері қатысып келеді. 2009 және 2012 жылдар нәтижесін салыстырсақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы PISA-2012 екінші кезеңінің қорытындысында математика және жаратылыстану бағыттарындағы қазақстандық білім алушылар нәтижелерінің +27 және +25 ұпайларға жақсарғанын атап өтті. Ал 2015 жылы зерттеуге 71 мемлекет арасынан Қазақстан атынан 7 842 15-жастағы білім алушылар қатысты. Еліміздегі функционалдық сауаттылықты дамытуға байланысты PISA-2015 зерттеуінің нәтижесі жоғары болатынына сенеміз.
PISA
TIMSS
Бағалау жүйесі (Басқа елдерде)
АҚШ
Бағалау жүйесіБағалау әріптік жүйеде жасалған:A — оқу деңгейі қалыпты өте жақсы: білімі терең, дайындығы мықтыВ — орташадан жоғары саналады (жақсы)С — тапсырма орындауы орташа (орташа)Д — қанағаттанарлық, оқуы төмен (орташадан төмен)F — қанағаттанарлықсыз немесе оқу бағдарламасын мүлдем білмейдіСыныптан-сыныпқа көшу үшін оқу үлгерімі С бағасынан төмен болмауы керек. В бағасы мектеп бітірушілер үшін міндетті.Ақпарат дереккөзі:
Финляндия
Елде 10 балдық жүйе қалыптасқан , бірақ 7 сыныпқа дейін « үздік , жақсы , қанағаттанарлық » деген бағалар қолданылады . 1-3 сынып аралығында бағалау мүлдем болмайды . Барлық мектептер « Wilma » электронды жүйесіне қосылған . Ата - аналар электронды күнделіктен барлығын бақылай алады . Мұғалімдер , психолог , социолог , медициналық қызметкер барлығы мәлімет қалдырып отырады . Баға ешқандай рөл атқармайды . Тек оқушыларға мотивация ретінде қолданылады .
Достарыңызбен бөлісу: |