Оқыту нəтижелерін диагностикалаудың мазмұндық саласында өлшемдік кестені жасау


Оқушылардың оқу жетістіктерін мектептік бағалаудың халықаралық моделдеріне қысқаша талдау



бет3/4
Дата05.02.2023
өлшемі14,61 Kb.
#167528
1   2   3   4
Байланысты:
Оқыту нəтижелерін диагностикалаудың мазмұндық саласында өлшем

Оқушылардың оқу жетістіктерін мектептік бағалаудың халықаралық моделдеріне қысқаша талдау



PISA

Әлемнің 8 еліндегі: Англия, АҚШ, Финляндия, Канада, Сингапур, Австралияда қолданылатын мектептік бағалау моделінің талдауы олардың арасындағы айырмашылықты, жалпы түсінікті анықтауға және іс-жүзіне асыру жолдарын табуға мүмкіндік берді.

Әр мемлекетте қабылданған мектептік бағалаудың анықтамасы сол елдің білім саясатына және бағалауды қалай қолдануына тәуелді: оқытуды дамыту үшін немесе баға қою үшін.

Сонымен, қалыптастырушы бағалау АҚШ, Жаңа Зеландия, Финляндия, Канада, Сингапурде оқу бағдарламаларын және оқушылардың оқу процесін жақсарту үшін қолданылады.

Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың нәтижелері АҚШ, Гонгонк, Австарлияда шынайылықты арттыру үшін және бірыңғай критерийлер негізінде бағалаудың әділдігі үшін қолданылады. Бірақ, әр елде мектептік бағалау негізіне жалпыға танылған көзқарастар бар:

Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі (КБКМ):


  •  оқыту мен бағалаудың бірлік принципіне негізделген; 

  • оқушының үлгерімі және оның прогресін қамтамасыз етуде біртұтас жолдарды қалыптастыруға бағытталған; 

  • оқыту мақсатын жүзеге асыру және КББ оқу бағдарламаларына сәйкес білім алуды және дағдыларға жетуге дәлелдерді жинау қамтамасыз етілген; 

  • әр сынып үшін оқу бағдарламасының мазмұны негізінде бағалаудың әр түрлі тәсілдері және үлгілері енгізілген


Моделге шолу
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқушылардың білім алудағы прогресі және үлгерімі туралы деректерін жинау үшін жыл бойында бағалаудың үш түрі қолданылады:
 Қалыптастырушы бағалау – әр тоқсан бойында жүргізіледі;
 Ішкі жиынтық бағалау – әр төрт тоқсанның соңында жүргізіледі (5, 10, 11 және 12-сыныптарын қоспағанда);
 Сыртқы жиынтық бағалау – оқушылардың оқу жетістіктерін сыртқы жиынтық бағалау моделіне сәйкес 5,10,11 және 12-сыныптардан кейін белгілі пәндер бойынша жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет