Оқыту техникалық құралдарының теориялык негiздерi


 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ДАМУЫ



Pdf көрінісі
бет9/30
Дата05.06.2023
өлшемі1,87 Mb.
#178280
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30
Байланысты:
Техникалық оқытудың мазмұнын, формалары мен әдістерін анықтаудағы дидактикалық прринциптерінің маңызы (1)

2 БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ДАМУЫ 
МЕН ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ. 
2.1 Оқыту әдістерінің дамуы мен жіктелуі 
Жастар мен есерек адамдарды оқыту мен тәрбиелеу процесінің тарихы 
адамзат қоғамы құралған ерте заманнан басталады. Қоғамның сатылап 
дамуына байланысты оқыту мен тәрбиелеу ісі де ұдайы жетілдіріліп келеді. 
Соның нәтижесінде әр дәуірде халық игерген білім-дағды мен улгі-өнеге 
ұрпақтан-ұрпаққа беріліп үздіксіз байып отырған. Халық педагогикасында 
адамдарға үйрету мен оларды тәрбиелеу ісінде тыңдаттыру, жаттықтыру, 
көрсету, жұмыс істеттіру, өнерге және кәсіби шеберлікке баулу сияхты 
әдістерді пайдаланып келген. 
Қазіргі кезде оқыту әдісі деп, білім беру мақсатында мұғалім мен 
оқушының өзара бірлесіп жұмыс істеу тәсілдерін түсінеміз. 
Осы уақытқа дейін оқыту әдістерінің бірнеше түрі мен аттары ойлап 
шығарылады және әр кезде әр түрлі мақсат үшін қолданылады. Оқыту 
процесінде көп ғасырлар бойы, әсіресе, діни оқу орындарында, қатып қалған 
кітап сөзін өзгертпей тастай қылып жаттаттыру әдісі пайдаланылып келген. 
ХХ ғасырдың басында ғана оқыту процесінде өндіріс орындарына, 
табиғат құбылыстарына экскурсия өткізу, есеп шығару, көрнекілік 
тәжірибелер мен лабораториялық жұмыстар жүргізудің әдістемесі жасалына 
бастады. Соның нәтижесінде көрнекілік және практикалық әдістердің 
элементтері ендірілді, оқу іс – әрекетінде мұғалім мен оқушының бірлесіп 
жұмыс істеу тәсілдерінің негізі қаланды, оқушылардың оқуға деген 
қызығушылығы мен белсенділігінің артуына мүмкіндік туғызылды.
20-шы жылдары совет мектептерінде комплексті әдіс (қоғам-табиғат-
еңбек деген жүйе бойынша) оқытылды. 40-шы жылдары эксперименттік әдіс 
ендірілді, ол оқушылардық эксперименттік политехникалық, жалпы еңбектік 
ептіліктері мен дағдыларының дамуына қолайлы жағдай туғызды. 
Оқыту әдістері – көп тармақтан тұратын, көп компонентті ғылыми – 
практикалық ұғым. Оқыту әдістерін ғылыми негізде талдау жасап, оған 
әртүрлі тұрғыдан анықтама беруге болады:
оқыту әдісі – оқу процесіндегі алға қойылған мақсатқа жету үшін 
мұғалім мен оқушының бірігіп атқаратын әрекеті; 
оқыту әдісі – оқу процесіндегі педагог пен оқушының арасындағы өзара 
әсер-әрекет; 
оқыту әдісі – оқушыларға білім беретін жол; 
оқыту әдісі – оқушылардың танымдық процесін және олардың жеке 
басының даиуын ұйымдастыру формасы.
Мұндай тұжырымдмалардың барлығының көздейтін түпкі мақсаты 
оқушылардың білім алуының тиімді жолы мен әдіс – амалын анықтау 
екендігін аңғару қиын емес. Бұл процесс «мұғалім – оқушы» схемасы 
бойынша өзара екі обьектінің әсер – әрекеті арқылы жүргізіледі. 


26 
Әрине, қазіргі заманғы информациялық «жарылыстың» талабы 
тұрғысынан бұл схеманың әлде қайда жеткіліксіз екендігін аңғару қиын емес. 
Өйткені, негізгі талап – үздіксіз білім берудің тәсілдерін табу, жастарды өз 
бетінше оқу тәсілдеріне үйрету, олардың кітаппен өздігінен жұмыс істеу 
дағдысын дамыту, техникалық және компьютерлік құралдар арқылы білім алу 
жолдарын іздестіру, шығармашылық және шеберлік іске баулу. Мұның бәрін 
жүзеге асыру процесіндегі, оқыту әдістерінің қандайын қолданса да, педагог 
пен оқушының өзара бірлесіп, атқаратын әрекеті мынадай күрделі схема 
бойынша жүргізілген (1-сурет).
1 – сурет. Педагог пен оқушының атқаратын қызметі. 
Бұл схемадан оқыту әдістерінің кейде екі жақты, кейде үш жақты немесе 
бес-алты қырлы күрделі процесс екендігін көру қиын емес. Мұндай 
процестің негізгі «жүгін» оқушы «көтеретіндігін» аңғарамыз. Сондықтан, 
қандай бір оқыту әдісін қолдансақ та, оқушының барлық іс-әрекетін өздігінен 
білім алуға, творчестволық ойлауға, өзіндік жұмыс істей білу қабілеттері мен 
дағдыларын дамытуға бағыттауымызды ұмытпауымыз керек. 
Осындай жағдайда оқыту әдістерінің, методикалық тәсіл мен амалдың 
және әрекет -әсердің оқу процесінде қолданылу формалары мен мазмұны да 
әр түрлі сипат алады. Бұған бірнеше мысалдар келтірейік. Сабақта жаңа 
тақырыпты ауызша баяндап түсіндіру – оқыту әдісінің бір түріне жатады. 


27 
Лабораториялық жұмысты орындау үшін оқушыларға мұғалім кейде қысқаша 
ауызша нұсқау беріп, қалай істеу туралы бағыт – бағдар көрсетеді; екінші бір 
жағдайда оқытушының айтып отыруымен оқушылар әрекет жасайды; үшінші 
жағдайда мұғалім оқушылардың қандай әрекет жасайтыны туралы жазбаша 
нұсқау береді; төртінші варианты – педагог жұмыстың мақсатын 
тұжырымдайды, сол бойынша оқушылар өздері керекті құрал – саймандарды, 
приборларды таңдап-теріп алады. Бұл мысалдағы лабораториялық жұмыс 
жасау – оқыту әдісі, ал оны ұйымдастырып жүргізу формалары – 4 түрлі 
әдістемелік амал болып табылады. Ендеше әдістемелік амал – оқыту әдісінің 
бір бөлігі, оның элементі; ол оқу процесіндегі мұғалім мен оқушылардың 
жеке іс-әрекетін көрсетеді. 
Оқыту әдісінің, әдістемелік амалдан төрі ірілеу бәлігі – оқыту тәсілі, 
Мысалы, есеп шығаруда агналитикалық, синтетикалық, графиктік, 
эксперименттік әртүрлі тәсілдер қолданылады. Демек, оқыту әдісі мынадай 
компоненттерден тұрады: әдіс –» тәсіл ->
амал - » әрекет -> операция. 
Әдістемелік 
амалдар 
логикалық, 
ұйымдастырушылық, 
техникалық формалар түрінде жүзеге асырылады. Мысалы, әдістемелік 
амалдың логикалық формасы – құбылыстары, не денелерді, олардың ортақ 
бір қасиеттері мен белгілеріне байланысты топтап-талдау, ұқсастықтарына 
қарай салыстыру; ұйымдастыру формалары – оқушылардың бәрі бір 
тапсырманы мұғаліммен бірге, не жеке – жеке дидактикалық карточкалар 
арқылы орындауы; «техникалық» формалары – кейбір автомобиль 
приборларын, 
құралдарды 
оқышыларға 
таныстыру 
үшін 
сабақты 
фронтальдық тәжірибе приборларымен қамтамасыз ету т.с.с.
Мектеп 
өмірінде оқыту әдістерінің бірнеше түрлері 
қолданылатыны белгілі, сондықтан, оларды классификациялау принциптері 
де әр түрлі. Оның ішіндегі әзірге дейін ең дұрыс деп қабылданып келген 
принцип – оқушылардың алатын білім көздеріне және мұғалім мен 
оқушылардың бірлесіп жүргізетін қызметіне байланысты классификациялау. 
Бұл принцип тұрғысынан оқыту әдістері үш түрге бөлінеді: 
1)
Сөзбен баяндау әдістері; 
2)
Көрнекілік әдістері; 
3)
Практикалық әдістері. 
1.
Сөзбен баяндау әдістері мұғалімнің ауызша түсіндіруі арқылы 
жүзеге асырылады. 
Оқушыларға берілетін білімдердің негізгі көзі – мұғалімнің сөзі, ал 
мұғалімнің ісі –сөзбен түсіндіру, оқушылардың қызметі – тыңдау, ойлану 
болып табылады. 
Мұғалімнің оқу материалын ауызша сөзбен баяндау әдісі әңгімелеу, 
әңгімелесу (сөйлесу), лекция, түсіндіру арқылы жүргізіледі. 
2.
Көрнекілік әдіспен оқу материалдарын түсіндіргенде оқытушы 
көрнекі және техникалық құралдарды қолдану арқылы құбылыстарды, 


28 
процесстерді, 
денелерді, 
заттарды 
көрсетеді, 
көрнекілейді, 
иллюстрациялайды, қолдарына ұстатып, сездіреді. Бұл жағдайда мұғалімнің 
сөзі тек қосымша роль атқарады да, оқушылардың алатын білім көзі көрнекі 
құралдар болып табылады. Мұғалімнің оқыту қызметі – көрсету мен 
көрнекілеу, ал оқушылардың сабатағы, оқу мақсаты – бақылау, 
эксперименттінк фактілерді көріп ойлану, қорытынды жасау, білім қорын 
байыту. Көрнекілік әдістерінің түрлеріне көрнекілік экспериментті, 
экскурсияны, схема – плакат, сызу -сурет, коллекцияларды көрсетуді, кино – 
диафильмдерді және теледидарлық ақпаратты хабарлауды жатқызуға болады. 
Көрнекілік әдіс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет