Оқыту түрі: күндізгі Көкшетау, 2015


Пәнаралық байланыстың әдістемелік және дидактикалық маңызы



бет18/82
Дата06.06.2022
өлшемі2,58 Mb.
#146116
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82
Байланысты:
О ыту т рі к ндізгі

3.4.Пәнаралық байланыстың әдістемелік және дидактикалық маңызы
Оқу пәндері арасындағы байланыс тиісті ғылымдар арасындағы байланыстың көрінісі болып табылады, бұл ғылымдардың әрқайсысы өз саласында объективті өмір сүретін бірыңғай материалдық дүниені зерттейді.
Ғылым дамуының қазіргі кезеңі ғылымдар арасындағы барған сайын ұлғайып отырған байланыспен және ғылымдардың өзара сабақтасуымен және әсіресе математика мен физиканың білімнің басқа салаларымен байланысымен сипатталады. Мәселен, соңғы жылдары физиканың, биологияның, психологияның, математиканың, радиоэлектрониканың және басқа ғылымдардың деректерін инженерлік-техникалық міндеттерді шешу мақсатында тірі организмдерді зерттеу үшін пайдаланатын бионика ғылым пайда болды.
Оқу пәндері арасында байланыс болудың қажеттілігі сондай-ақ оқытудың дидиатикалық прициптерінен, оқушылардың диалектикалық-материалистік көзқарасын қалыптастыру міндеттерінен туындайды.
Пәнаралық байланыстар оқушылардың табиғат құбылыстары туралы тұтастық түсінігін қалыптастыруға себебін тигізеді, оқушылардың өздерінің білімдерін әр түрлі оқу пәндерін оқып-үйрену кезінде және қоғамдық пайдалы еңбекте пайдалануларына көмектеседі.
Физика сабақтарында көптеген пәндер үшін, әсіресе химия мен биолгия үшін, үлкен мәні бар материал оқып үйреніледі, бұл пәндер физикалық теорияларды, заңдарды және табиғат құбылыстарын зерттеудің физикалық әдістерін пайдаланады. Физика сабақтарында оқушылар еңбек жолында және басқа пәндерді оқып – үйрену кезінде қажет болатын бірқыдыру тәжірибелік дағдылар мен шеберліктерге ие болады. Пән аралық байланыстар физиканы ойдағыдай оқып–үйрену үшін де дәл сондай дәрежеде қажет. Бүгінгі таңда пән аралық байланысты мұғалімдер екі түрге топтап жүр. Оларды уақыттық және мазмұндық ақпарлық байланыстар деп жіктейді. Өз кезегінде уақыттық сәйкестік (хронологиялық) байланыс: өтіп кеткен, қатарлас және келешекте туатын байланыстарға жіктеледі. Ал мазмұндық ақпарлық байланысты: ұғымдық және теориялық байланыстарға жіктейміз. Бұларды өзара салыстырсақ, ақпарлық байланыстардан, ұғымдық және теориялық байланыстардың маңызы анағұрлым зор.
Пәнаралық байланыстардың тағы бір пайдалы жағы – ол бүкіл оқыту ісін яғни бір мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға, барлық мұғалімдерге бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерді ортақ міндетті шешуге жұмылдырады.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруда төмендегі негізгі бағыттарды
бөліп көрсетуге болады:

  • бір пәндерді оқып-үйрену оқушылардың басқа пәндерді үйренуге дағдылауына жәрдемдесетіндей болуын есепке алып, әр түрлі пәндерді оқып-үйренуді уақыт жағынан үйлестіріп отыру;

  • оқушылардың ғылыми ұғымдарын дамытудағы және олардың бойында жинақталған шеберліктер мен дағдыларды қалыптастырудағы сабақтастық;

  • жалпы ұғымдарды, шеберліктерді және дағдыларды қалыптастыруда бірыңғай тұрғыны жүзеге асыру;

  • білімдерді меңгеруге және жалпы шеберліктер мен дағдыларға ие болуға қойылатын талаптар бірлігі;

  • бір пәнді оқып-үйренгенде оқушылардың басқа оқу пәндерін оқу-үйрену процесінде алған білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын кеңінен пайдалану;

  • шектес пәндер сабақтарында бір ғана мәселелерді оқып–үйренудегі қайталаушылықты жою;

  • әр түрлі ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерінің ортақтығын көрсету және олардың ерекшелігін ашу;

  • әр түрлі пәндер (физика, химия, биология, география және т.б.) сабақтарында оқып-үйренілетін құбылыстардың өзара байланысын ашу, материялық дүниенің бірлігін көрсету.

Мектепте ғылым негіздерін оқып-үйрену процесінде пәнаралық
байланыстарды жүзеге асыру тәсілдері алуан түрлі. Физиканы оқып-үйренудің алғашқы кезеңінде төмендегі тәсілдерді ұсынуға болады:

  • жаңа материалды оқып-үйренуге байланысты оқушылардың бұрын басқа пәндер сабақтарында алған білімдерін қолданылады; оқушылардың басқа оқу пәндерін оқып үйренген кезде алған білімдерін қолдануды талап ететін есептер шығару;

  • білімдерін кешенді қолдануды талап ететін эксперименттік жұмыстарды орындау;

  • пәнаралық сипаттағы экскурсиялар өткізу (мысалы, физика мен биология бойынша табиғатқа экскурсиялар жасау, физика мен химия бойынша кешендік экскурсия жасау);

  • қорытындылау сипатындағы қайталау, мұнда әртүрлі пәндерді оқып үйрені кезінде белгілі бір мәселелер жөнініде алған білім біртұтас етіп біріктіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет