Оқыту түрі: күндізгі Көкшетау, 2015


Физикалық ұғымдардың жүйесін қалыптастыру. Политехникалық білім беру



бет15/82
Дата06.06.2022
өлшемі2,58 Mb.
#146116
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82
Байланысты:
О ыту т рі к ндізгі
Хасанова, Zanyatie 4 Rak legkikh Kamyshev E, 1513622105, Емтихан сұрақтары (3), 06.02 сын.сағ., АкушГине 220без ответа), Ағаш морфологиясы., Стандартизация ЛС природного происхождения методичка 3 курс тема 9 каз
2.4. Физикалық ұғымдардың жүйесін қалыптастыру. Политехникалық білім беру
Физикалық білім деп физикалық ұғымдардың, заңдардың, гипотезалардың, теориялардың жүйесін түсінеміз. Бұл заңдар мен теориялардың өзара байланысы мен қатынасын ұғымдар арқылы "өрнектеп", баяндауға болады. Мектеп физика курсының мазмұны негізінен бөлшектердің, заттардың, өрістердің, материяның қасиеттері туралы білімдерді құрайтын физикалық ұғымдардың жүйесімен сипатталады. Сондықтан да, мектеп физикасының ең басты міндетінің бірі - физикалық ұғымдардың жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Оқу материалын түсіндіру кезінде физикалық ұғымдарды қалыптастыру - қиын әрі ұзақ процесс. Алғашында, мысалы, механикалық қозғалыс, жол, жылдамдық, үдеу, энергия, т.б. жеке ұғымдар түсіндірліп, олардың негізінде, кинематика, динамика онан соң тұтасынан механика жайлы ұғымдар жүйесі қалыптастырылады. Ол үшін ең алдымен физикалық құбылыстар мен оны сипаттайтын шамалардың сандық және сапалық ерекшеліктерінің табиғи мәнін ашып көрсетіп, түсіндірілетін ұғымның анықтамасын айтып, оқушыларға жаздыртып, оның тәжірибелік маңыздылығына оқушылардың көзін жеткізу керек. Мұндай күрделі процесс, жалпы алғанда, бақылау, салыстыру, ерекшелігін талдау, қиялдау (абстракция), қорытындылау, ұғымға анықтама беру кезеңдерінен тұрады. Әрине, бір ұғымды қалыптастыруда бұл кезеңдердің бәрі толық бірден қамтылуы мүмкін бола бермейді. Ендеше, барлық физикалық ұғымдарды қалыптастыруда үнемі бірыңғай тәсілдерді қолданудың мүмкіндігі жоқ. Ең дұрысы-ұғымды (құбылысты) оқушылардың нақты сезінуінен бастап, қиял-болжаммен аяқтағаны жөн, немесе бұл реттілікті кері пайдалануға да болады. Мысалы, диффузия, архимед күші, жылу өткізгіштік сияқты ұғымдарды қалыптастыруды оқушылардың бақылап-сезінуінен бастау керек. Ал квант, атом ядросы, кварк, т.б. ұғымдарды меңгеруде, керісінше, болжап - қиялдау тәсілін қолданған тиімді. Масса (энергия, өріс, т.б.) сияқты ұғымның мәні әр сыныптарда дамытылып, тереңдетіліп отыруы тиіс. 7-сыныпта масса туралы бастапқы түсінік беріліп, оны өлшеудің тәсілдері көрсетіледі, массаның дене салмағынан айырмашылығы айтылады; 9-сыныпта инертті масса, гравитациялық масса, масса эталоны мен өлшем бірлігі, массанын жылдамдыққа байланыстылығы туралы ұғымдар ендіріледі; 10-сыныпта оқушылар молекулалық масса ұғымымен танысады; 11-сыныпта бұл ұғым, тыныштық масса, релятивтік масса, массаның энергиямен байланыстылығы, масса ақауы ұғымдарымен толықтырылып, тереңдетіледі. Осылайша, масса материяның негізгі сипаттамаларының бірі екендігі туралы толық ұғым бірте-бірте қалыптастырылады. Жылдамдық, атом, электр заряды, өріс, т.б ұғымдарды да оқушылар осындай сатыланған жолмен меңгереді.
Физикалық ұғымдарды оқушылардың санасында берік ұялаттыру процесіндегі ең жауапты соңғы кезең-ұғымға анықтама беру, оның тұжырымдамасын түсіндіріп, талдау жасау. Ұғымға тұжырымдама беру логикалық ойлау тәсілінің ақырғы нәтижесі болып саналады. Ал ғылымда оны табиғат құбылысын бақылап, зерттеп, біліп-тану процесінің соңғы қорытындысы деп есептейді.
Негізгі әдебиеттер: [1,4,5]
Қосымша әдебиеттер: [22,24,28]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет