4.3. Физика сабақтарының түрлері және құрлымы Сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай мынадай бірнеше түрлері болады: 1) жаңа оқу материалын түсіндіру сабағы; 2) зертханалық сабақ; 3) есеп шығару сабағы; 4) қайталау және қорытындылау сабағы; 5) оқушылардың ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру сабағы; 6) оқушыларды экскурсияға дайындау сабағы; 7) бақылау жұмыстарын алу немесе оқушылардың білімдерін тексеру сабағы; 8) аралас кешенді сабақ. Мектеп тәжірибесінде әр түрлі сабақтардың мұндай жеке дара «таза» күйіңде өтуі сирек кездесетін оқиға, көп жағдайда олардың 3-5 түрінің элементтері бір сабақта ұшырасып, «аралас» сабақ түрінде өткізіледі. Себебі, мұндай бір сабақтың өзіңде жаңа материал түсіңдіріледі, өткенді қайталайды және қорытындылайды, оқушылардың тәжірибелік ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастырады, олардың білімдерін бағалайды, фронталь зертханалық жұмыс орындаттырады, есеп шығартып үйретеді. Сондай-ақ, сабақтың қай түрінде болса да, оқытудың бірнеше әдістері мен тәсілдері қолданылатыны есте болуы керек.
Жаңа оқу материалын түсіндіру сабағы, көбінесе, өрнекті қорытып шығаруда, тендеулерді түрлендіруде, физикалық заңдар мен теорияларды түсіндіргенде, құбылыстар мен процестердің арасындағы өзара байланыстылықты анықтауда өткізіледі (мысалы, электролиз зандары, жылу балансы теңдеуі, найзағай, электрмагниттік толқын). Жалпы алғанда, мұндай сабақтың әдістемелік құрылымы мынадай элементтерден тұрады: 1) кіріспе түсінік немесе жаттығу; 2) проблемалық ситуация туғызып, оны шешуді ұйымдастыру; 3) бұл мәселені эксперименттің жәрдемімен, не өлшеулер мен бақылаулар арқылы зерттеу; 4) алынған нәтижелерді талдау; 5) жаңа материалды бекіту мақсатында оқушыларға жаттығу орындаттыру; 6) үйге тапсырма беру.
Өзінше ерекшелік қиыншылығы көп сабақ – оқушылардың жалпы еңбектік оку ебдейліктері мен дағдыларын жұптастыру не дамыту сабақтары. Әр сыныпқа қатысты оның жүйесі физика оқу бағдарламасының соңында атап көрсетілгеніне әрқашан назар аударып, мұғалімнің оны орындауы тиіс. Мұндай сабақтар, әдетте, есеп шығаруға, өлшеулер жүргізуге, физикалық құбылыстарды бақылауға, зертханалық экспериментті жүргізуге арналады (қозғалыс мөлшері, кедергілерді тізбектеп және параллель қосу, Шарль заңы). Осы тектес сабақтарда, әсіресе, оқушылардың тәжірибелік орындайтын жұмыстарының үлгісін алдымен мұғалімнің өзінің істеп көрсетуі маңызды роль атқарады. Оқушылардың тәжірибелік ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру сабақтарының құрылымдық элементтері мынадай жүйеде құрылады: 1) жұмыстың мақсатын анықтау; 2) оны орындаудың ережесімен таныстырып, теориялық тұрғыдан дәлелдеу; 3) жұмыстың нұсқасын мұғалімнің көрсетуі; 4) өлшеу, жаттығу, бақылау жүргізу; 5) қорытынды әңгіме өткізіп, жұмыс нәтижесін талдау; 6) үйге тапсырма беру.
Сирек кездесетін сабақтардың бірі - өткен материалды қайталау және қорытындылау сабақтары (әр түрлі ортадағы электр тоғы, электрмагниттік индукция, жарықтың толқындық қасиеттері). Мұндай сабақтың құрылымдық элементтері мыналар: 1) бұрын өтілген физикалық құбылыстарды талдауға арналған әңгіме; 2) оқушылардың шығарған есептері мен орындаған жалпы өлшеулеріне түсінік беру, қысқаша талдау жасау; 3) оқушылардың рефераттарын немесе баяндама-хабарларын тыңдау және талдау; 4) диа-кинофильм немесе теледидарлық хабарды көрсету; 5) мұғалімнің қорытындылауы; 6) үйге тапсырма беру. Оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексеру сабақтары, әдетте, тоқсан немесе оқу жылы аяғында өткізіледі. Олар жеке оқушыдан немесе сынып бойынша фронталь сұрау, есеп шығарту, реферат-баяндама жасау, сынақ жұмысын алу, алған білімдерін тәжірибеде қолдану туралы мысалдар келтіру, программаланған тәсілдермен тексеру түрінде жүргізіледі. Ондай сабақтардың құрылымы: 1) мұғалімнің нұсқаулық кіріспе әңгімесі; 2) оқушылардың сынақ жұмысты немесе жеке тапсырманы орындауы, не сұраққа жауап беруі; 3) сабақты мұғалімнің қорытындылауы болып келеді.
Физика бағдарламасының соңында, әр сынып бойынша 2 сағаттан өндіріс орындарына экскурсия өткізу жоспарланған. Мұны экскурсия сабағы немесе сыныпты экскурсияға дайындау сабағы ретінде өткізуге болады. Ол үшін мұғалімнің экскурсия өткізетін объектілеріне (мысалы, құрылыс алаңы, электр станциясы, машина-трактор станциясы, радиоторабы, зауыт, фабрика, т.б.), күні бұрын өзі 1-2 рет барып, алдын ала танысып, тиісті әдебиеттерді оқып, экскурсия өткізудің жоспарын жасап алуы тиіс. Экскурсияның, оқуды өмірмен және өндіріспен байланыстыратын, физикалық заңдылықтардың тәжірибеде қолданылуын көрсететін, кәсіби мамандықтармен тікелей таныстыратын, техникалық қондырғылардың жұмыс істеуін бақылайтын сияқты дидактикалық маңызды ерекшеліктерін мұғалімнің үнемі есте сақтағаны жөн. Экскурсия өткізу әдістемесі мынадай жүйеде жүргізіледі: 1) мұғалімнің экскурсия объектісімен алдын ала танысуы; 2) экскурсияны өткізу жоспарын жасау; 3) экскурсия өткізуге оқушыларды даярлау, оларға жеке тапсырмалар беру; 4) экскурсия өткізу; 5) өтілген экскурсия бойынша оқушылардың сұрақтарына жауап беру және экскурсияны қорытындылау.
Физика сабақтарының кез келген түрін алсақ та, олардың бәрі де, негізінен, мынадай 5 кезеңге бөлінеді: 1) ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин); 2) үйге берілген тапсырманы сұрау (10-15 мин); 3) жаңа тақырыпты түсіндіру (20-30 мин); 4) жаңа материалды бекіту, қорытындылау (3-5 мин); 5) үйге тапсырма беру (1-3 мин). Физикадан өтілетін сабақтардың мазмұндық және әдістемелік мақсаттары оқытудың ауызша сөзбен баяндау, көрнекілік, тәжірибелік тәсілдерінің барлық түрлерін қолдану арқылы жүзеге асырылатыны белгілі.