Оқыту түрі: күндізгі


Физика курсының биологиямен байланысы



бет8/42
Дата07.05.2017
өлшемі6,11 Mb.
#15904
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42

Физика курсының биологиямен байланысы

Физика мен биологияның өзара байланысы – бұрыннан келе жатқан түбегейлі байланыс. Биологияны дамытуға көптеген аса көрнекті физиктер өз үлесін қосса, аса іргелі физикалық заңдарды биологтар мен жаратылыс зерттеушілері ашты.

Физиканың биологиялық ғылымдармен байланысы соңғы жылдары ерекше өріс алды. Соның нәтижесінде биофизика, агрофизика, бионика сияқты жаңа ғылымдар пайда болды. Жаратылыстануды оқып-үйренгенде, оқушылар жылу, температура, жарық, ылғалдылық және басқа осы сияқты физикалық ұғымдарды пайдаланады, газдардың, сұйықтардың және қатты денелердің физикалық қасиеттерімен танысады. Биологиялық объектілердің физикалық қасиеттерімен, олардың құрылыс ерекшеліктерімен немесе оларда болып жататын процестермен оқушыларды демонстрациялардың көмегімен таныстыруға болады. Физика мен биология бойынша кешенді тәжірибелер мен зертханалық жұмыстар орындаған жөн.

Физика курсының географиямен байланысы

Оқушылардың IV сыныптағы дүниеттану пәні мен VII сыныпта оқытылатын географиядан алған білімі физикалық алғашқы мәліметтерді көруге болады. IV сыныптғы дүниетану сабақтарында олар заттардың үш күйі туралы біледі. Ауаның қасиетін оқып–үйренгенде, мәселен, газдардың серпімділікке ие екенін және жылуды нашар өткізетінін біледі. Бүгінгі таңдағы география–табиғатты зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының бірі. Шынында, физикалық географияның зерттеу объектісі Жер шарының шолып құраушы қабығы.

Оқушылардың VI-VII сыныптарда географиядан алған білімдерін есепке алу физикалық кейбір мәселелерді оқып-үйренуде қайталауды жоюға, ең бастысы, бұл білімдерді физика курсының көптеген тақырыптарын тереңдеп оқып-үйрену үшін мүмкіндік береді..

Физика курсының химиямен байланысы

Физика мен химия бір-бірін өзара жиі толықтырып отырады, өйткені осы пәндер сабақтарында бір ғана құбылыстар мен процестер әртүрлі жағынан қарастырылады. Осы жерде факті жүзінде де ұғымдықта, теориялықта, пәнаралық байланыстар толық түрде көрінеді. Физика мен химия үшін өте маңызды ортақ ұғымдардың қатарына зат, масса, салмақ, энергия ұғымдары, сондай-ақ энергияның, электр зарядтарының, электр өрісінің сақталу және айналу заңдары т.б. жатады.

Физика мен химияның пәнаралық аса маңызды теориялық байланыстары екеуінде де бірдей теорияларды молекулалық-кинетикалық және электрондық теорияны, атом құрлысы теориясын т.б. үйренумен байланысты. Физика мен химияны оқытудың өзара байланыстылығы заттардың атомдық молекулалық құрлысын оқып үйренген кезде өте қажет. Атомдық молекулалық теорияның элементтерін молекула ұғымынан кейін атомдар, химиялық элементтер мен ұғымдар негізінде дамытылады. Атом мен молекула туралы ұғымдарды дамыту үшін химиялық өрнектері енгізудің, заттар мен химиялық реакциялардың химиялық қасиеттерін оқудың зор маңызы бар.

Физика сабақтарында токтың химиялық көздерін оқып үйренумен бір уақытта дерлік химия сабақтарында мырыштың және басқа металдардың қышқылдармен өзара әсерін оқып үйренеді, металдар кернеулерінің электрохимиялық қатарын қарастырады. Физика мен химияның оқыту байланысының маңызды формалары – физикалық-химиялық немесе химиялық-физикалық есептер шығару, бірлескен, мысалы, дінге қарсы, кешенді экскурсиялар, кештер және қызықты физика және химия кештерін өткізу, физика химия үйірмелерін ұйымдастыру, физиканы да химияны да оқып үйренуге қажетті көрнекі құралдар жасап шығару.

Оқушылардың химия сабақтарында алатын тәжірибелік дағдылары: зертханалық жабдықпен жұмыс істеу, өлшеу есептеулерді орындау, өрнектерді жазу және басқа дағдыларды ескеріп, пайдаланып отырған жөн. Бұл ретте тәжірибелік дағдыларды келісе отырып қалыптастыру керек, өйткені бірінғай талаптар мен ережелердің жоқтығы оқушыларды оқытуға өте ұнамсыз әсер етеді.
Негізгі әдебиеттер: [1,4,5]

Қосымша әдебиеттер: [17,18,19,22]



Тақырып 4. Физикадан оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары. Физикадан оқу материалын ауызша баяндаудың ерекшелігі.

4.1. Сабақ – оқу сабақтарын ұйымдастырудың негізгі формасы.

4.2. Сабаққа қойылатың негізгі талаптар.

4.3. Физика сабақтарының түрлері және құрлымы.

4.4. Семинар сабақтар.

4.5. Оқу конференциялары.

4.6. Физикадан оқушылардың өз бетінше істейтің жұмыстарын ұйымдастыру.

4.7 Физикадан оқу материалын ауызша баяндаудың ерекшелігі.


4.1. Сабақ – оқу сабақтарын ұйымдастырудың негізгі формасы. Оқу материалын тақырыптық және сабақтық жоспарлау.

Мектепте физика бойынша оқу сабақтарын ұйымдастырудың негізгі формасы оқушылардың тұрақты құрамымен және белгілі шұғылдану кестесі бойынша өткізілетін сабақ болып табылады. Мұның негізін салған атақты чех педагогі Я.А.Коменский.

Оқыту формасы ретінде сабақтың өзіндік қолайлы бірнеше ерекшеліктері бар:


  • сыныптағы оқушылардың жасы бірдей және олардың саны тұрақты;

  • сабақ кестесі өзгермейді;

  • сабақ мұғалімнің басшылығымен етіледі;

  • сабақта әр түрлі оқыту әдістері мен тәсілдерін қолданудың мүмкіндіктері мол;

  • оқытудың сабақтық жүйесі оқу материалын окушылардың меңгеруіне жақсы жағдай туғызады;

  • материалды жеке бөліктерге бөлшектеп түсіндіруге қолайлы;

  • әр сабақта әр басқа пән өтіліп, оны әр түрлі мұғалімнің оқытуы окушыларды жалықтырмайды;

  • сабақта неше түрлі оқыту әдістері мен тәсілдері қолданылудың нәтижесінде окушылардың оқуға деген қызығушылығы, ынта-ықыласы, белсенділік қабілеті арттырылады;

  • оқушылардың зейінін көтеріп, тәртібін түзу ұстауға мүмкіндік туады.

Алайда сабақ — оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы болып қалып отыр. Сабақ — оку процесіндегі шешуші буын, сондықтан оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы да ең алдымен әр сабақтың ғылыми-әдістемелік дәрежесіне және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл жүйесіне байланысты.

Басқа сабақтар сияқты физика сабақтарына да белгілі дидактикалық принциптердің талаптары қойылады:



  • оқу материалын баяндаудың ғылымилығы мен жүйелілігі;

  • оку материалының окушыларға түсінікті, меңгере алатындай болуы;

  • оқытудың көрнекілігі;

  • оқу материалын меңгеруде оқушылардың саналылығы мен белсенділігі;

  • оқушылардың білімдерінің беріктілігі;

  • оқытудың өмірмен байланыстылығы, т.б.

Физика бойынша оқу сабақтарының факультативтік сабақтар, қорытындылаушы семинарлар [9], конференциялар мен практикумдар сияқты жаңа формалары қолданылады.

Физиканы оқытуда мынадай неғұрлым жалпылама мақсаттар қойылады:

1) даму үстіндегі іргелі физикалық теориялардың біртұтас жүйесі түрінде көрініс беретін әлемнің шынайы физикалық бейнесі арқылы оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру;

2) оқушыларға жеке және әлеуметтік проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін физика бойынша базалық білім жүйесін шығармашылықпен қабылдау тәсілдерін үйретудің, сондай-ақ іс-әрекет объектісіне айналып отырған болмысқа эмоционалды–құндылық қатынастың әлеуметтік тәжірибесін меңгерту негізінде олардың өмірлік дағдыларын дамыту.

Сабақ жалпы сыныптың және оқушылардың жекелеген топтарының жұмысын әр оқушының жеке жұмысымен ұштастыруға мүмкіндік береді. Ол мұғалімнің оқушыға ықпал етуі үшін, ұжымда тәрбиелеу үшін және ұжым үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Сабақта оқытудын алуан түрлі әдістерін қолдануға мүмкіндік туады. Оқушылардың сабақтағы жұмыс формалары алуан түрлі болған күнде де жетекші рольді мұғалім атқарады. Мұғалім бүкіл оқу процесін пән бойынша жоспарлайды және ұйымдастырады. Ол өзі материалды жүйелі түрде баяндап беріп отырады, сонымен бірге балаларды кітаптардан және басқа қайнар көздерден өздігінен білім алуға үйретеді, өздігінен жазу жұмыстары мен эксперименттік жұмыстар, бұл ретте тәжірибелер жасап, құралдарды жұмыс істетіп көрсетуді, өндіріске, табиғатқа, ғылыми-зерттеу зертханалары мен мұражайларға экскурсиялар жасауды қолдана отырып, жасауға дағдыландырады. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың әр түрлі формаларын үйлестіру окушылардың жеке басын жан-жақты дамыту міндетіне, олардың ынта ықыластарын анықтауға, шығармашылық қабылеттерін қалыптастыруға неғұрлым толық жауап береді.

4.2. Сабаққа қойылатың негізгі талаптар

Физиканың әрбір сабағын сабақтардың ұзын тізбегіндегі белгілі бір буыны ретінде қарастырған жөн. Жекелей алынған сабақтың мазмұны және ондағы жұмыс әдістері бұрын өтілген сабақтардың мазмұнымен және олардың қолданылған әдістерімен байланысты. Пән бойынша оқу процесінің перспективтік жоспарын жасап алмай тұрып, тек бір ғана сабаққа дайындалғанда, жұмыста дәл ойластырылған айқын жүйеге қол жеткізуге болмайды. Жеке сабаққа даярлаудың алдында тақырып немесе тарау бойынша сабақтар жүйесі—тақырыптық жоспар талдау жасалады, ол материалдың көлемін анықтауға және әр сабақ үшін неғұрлым тиімді әдістемелік әдістерді таңдап алуға мүмкіндік береді.

Әр сабақ аяқталған сипатта болуға және әбден анықталған белгілі бір көлемдегі оқу және тәрбие міндеттерін шешуге тиіс. Барлық сабақта оқушыларды оқу процесіне белсене қатыстыру, оларды өздігінен білім алуға үйрету қажет. Мұғалімнің баяндауымен қатар VII-VIII сыныптарда физика сабақтарының маңызды бөлігі мектеп оқушыларының кітаппен, құралдармен және үлестірме материалмен істейтін өзіндік жұмысы болуға тиіс.

Сабақта жаңа материалды оқып үйрену бұрын өтілгенді қайталаумен және окулықтардың білімдерін, шеберліктері мен дағдыларын тексерумен бірге ұштастырылып отыруға тиіс. Әрбір сабақ тиімді болуға тиіс. Сабақтардың тиімділігі жөнінде, біріншіден, оқушылардың алған білімдерінің, шеберліктері мен дағдыларының тереңдігіне және беріктігіне қарап; екіншіден, жалпы сыныптың және жекелеген оқушылардың материалды меңгеруіне кеткен уакытқа қарап; үшіншіден, тәрбиелік міндеттерді шешуге ғылыми көзқарасты қалыптастыруға және оқушыларды жан-жақты дамытуға сабақтың қалай көмектескеніне қарап бағалайды. Сабақтың тиімділігі сабақта қолданылатын оқу материалын баяндау әдістеріне, оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру, олардың білімдерін дағдылары мен шеберліктерін тексеру формаларына байланысты. Окыту әдістерінің және оқушылардың сабақтағы оқу әрекетінің алуан түрлілігі, оларды шебер пайдалану - физиканы оқыту процесінің тиімді болуының аса маңызды шарттарының бірі.

Сабаққа қойылатын маңызды талаптардың бірі - уақыттың әр минутын үнемді жұмсау, бүкіл сабақтың өн бойында оқушылардың белсенді таным әрекетін ұйымдастыру.

4.3. Физика сабақтарының түрлері және құрлымы

Сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай мынадай бірнеше түрлері болады: 1) жаңа оқу материалын түсіндіру сабағы; 2) зертханалық сабақ; 3) есеп шығару сабағы; 4) қайталау және қорытындылау сабағы; 5) оқушылардың ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру сабағы; 6) оқушыларды экскурсияға дайындау сабағы; 7) бақылау жұмыстарын алу немесе оқушылардың білімдерін тексеру сабағы; 8) аралас кешенді сабақ. Мектеп тәжірибесінде әр түрлі сабақтардың мұндай жеке дара «таза» күйіңде өтуі сирек кездесетін оқиға, көп жағдайда олардың 3-5 түрінің элементтері бір сабақта ұшырасып, «аралас» сабақ түрінде өткізіледі. Себебі, мұндай бір сабақтың өзіңде жаңа материал түсіңдіріледі, өткенді қайталайды және қорытындылайды, оқушылардың тәжірибелік ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастырады, олардың білімдерін бағалайды, фронталь зертханалық жұмыс орындаттырады, есеп шығартып үйретеді. Сондай-ақ, сабақтың қай түрінде болса да, оқытудың бірнеше әдістері мен тәсілдері қолданылатыны есте болуы керек.

Жаңа оқу материалын түсіндіру сабағы, көбінесе, өрнекті қорытып шығаруда, тендеулерді түрлендіруде, физикалық заңдар мен теорияларды түсіндіргенде, құбылыстар мен процестердің арасындағы өзара байланыстылықты анықтауда өткізіледі (мысалы, электролиз зандары, жылу балансы теңдеуі, найзағай, электрмагниттік толқын). Жалпы алғанда, мұндай сабақтың әдістемелік құрылымы мынадай элементтерден тұрады: 1) кіріспе түсінік немесе жаттығу; 2) проблемалық ситуация туғызып, оны шешуді ұйымдастыру; 3) бұл мәселені эксперименттің жәрдемімен, не өлшеулер мен бақылаулар арқылы зерттеу; 4) алынған нәтижелерді талдау; 5) жаңа материалды бекіту мақсатында оқушыларға жаттығу орындаттыру; 6) үйге тапсырма беру.

Өзінше ерекшелік қиыншылығы көп сабақ – оқушылардың жалпы еңбектік оку ебдейліктері мен дағдыларын жұптастыру не дамыту сабақтары. Әр сыныпқа қатысты оның жүйесі физика оқу бағдарламасының соңында атап көрсетілгеніне әрқашан назар аударып, мұғалімнің оны орындауы тиіс. Мұндай сабақтар, әдетте, есеп шығаруға, өлшеулер жүргізуге, физикалық құбылыстарды бақылауға, зертханалық экспериментті жүргізуге арналады (қозғалыс мөлшері, кедергілерді тізбектеп және параллель қосу, Шарль заңы). Осы тектес сабақтарда, әсіресе, оқушылардың тәжірибелік орындайтын жұмыстарының үлгісін алдымен мұғалімнің өзінің істеп көрсетуі маңызды роль атқарады. Оқушылардың тәжірибелік ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру сабақтарының құрылымдық элементтері мынадай жүйеде құрылады: 1) жұмыстың мақсатын анықтау; 2) оны орындаудың ережесімен таныстырып, теориялық тұрғыдан дәлелдеу; 3) жұмыстың нұсқасын мұғалімнің көрсетуі; 4) өлшеу, жаттығу, бақылау жүргізу; 5) қорытынды әңгіме өткізіп, жұмыс нәтижесін талдау; 6) үйге тапсырма беру.

Сирек кездесетін сабақтардың бірі - өткен материалды қайталау және қорытындылау сабақтары (әр түрлі ортадағы электр тоғы, электрмагниттік индукция, жарықтың толқындық қасиеттері). Мұндай сабақтың құрылымдық элементтері мыналар: 1) бұрын өтілген физикалық құбылыстарды талдауға арналған әңгіме; 2) оқушылардың шығарған есептері мен орындаған жалпы өлшеулеріне түсінік беру, қысқаша талдау жасау; 3) оқушылардың рефераттарын немесе баяндама-хабарларын тыңдау және талдау; 4) диа-кинофильм немесе теледидарлық хабарды көрсету; 5) мұғалімнің қорытындылауы; 6) үйге тапсырма беру. Оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексеру сабақтары, әдетте, тоқсан немесе оқу жылы аяғында өткізіледі. Олар жеке оқушыдан немесе сынып бойынша фронталь сұрау, есеп шығарту, реферат-баяндама жасау, сынақ жұмысын алу, алған білімдерін тәжірибеде қолдану туралы мысалдар келтіру, программаланған тәсілдермен тексеру түрінде жүргізіледі. Ондай сабақтардың құрылымы: 1) мұғалімнің нұсқаулық кіріспе әңгімесі; 2) оқушылардың сынақ жұмысты немесе жеке тапсырманы орындауы, не сұраққа жауап беруі; 3) сабақты мұғалімнің қорытындылауы болып келеді.

Физика бағдарламасының соңында, әр сынып бойынша 2 сағаттан өндіріс орындарына экскурсия өткізу жоспарланған. Мұны экскурсия сабағы немесе сыныпты экскурсияға дайындау сабағы ретінде өткізуге болады. Ол үшін мұғалімнің экскурсия өткізетін объектілеріне (мысалы, құрылыс алаңы, электр станциясы, машина-трактор станциясы, радиоторабы, зауыт, фабрика, т.б.), күні бұрын өзі 1-2 рет барып, алдын ала танысып, тиісті әдебиеттерді оқып, экскурсия өткізудің жоспарын жасап алуы тиіс. Экскурсияның, оқуды өмірмен және өндіріспен байланыстыратын, физикалық заңдылықтардың тәжірибеде қолданылуын көрсететін, кәсіби мамандықтармен тікелей таныстыратын, техникалық қондырғылардың жұмыс істеуін бақылайтын сияқты дидактикалық маңызды ерекшеліктерін мұғалімнің үнемі есте сақтағаны жөн. Экскурсия өткізу әдістемесі мынадай жүйеде жүргізіледі: 1) мұғалімнің экскурсия объектісімен алдын ала танысуы; 2) экскурсияны өткізу жоспарын жасау; 3) экскурсия өткізуге оқушыларды даярлау, оларға жеке тапсырмалар беру; 4) экскурсия өткізу; 5) өтілген экскурсия бойынша оқушылардың сұрақтарына жауап беру және экскурсияны қорытындылау.

Физика сабақтарының кез келген түрін алсақ та, олардың бәрі де, негізінен, мынадай 5 кезеңге бөлінеді: 1) ұйымдастыру кезеңі (2-3 мин); 2) үйге берілген тапсырманы сұрау (10-15 мин); 3) жаңа тақырыпты түсіндіру (20-30 мин); 4) жаңа материалды бекіту, қорытындылау (3-5 мин); 5) үйге тапсырма беру (1-3 мин). Физикадан өтілетін сабақтардың мазмұндық және әдістемелік мақсаттары оқытудың ауызша сөзбен баяндау, көрнекілік, тәжірибелік тәсілдерінің барлық түрлерін қолдану арқылы жүзеге асырылатыны белгілі.

4.4. Семинар сабақтар

Тарау бойынша өткен материалдарды қайталау, оқушылардың білімдерін жүйелеу және тәжірибеде қолдана білу ебдейлігін дамыту мақсатында семинар-сабақ өткізудің де нәтижелі екендігі физика мұғалімдерінің тәжірибесінде дәлелденіп отыр. Семинар-сабақ әңгімелесу, есеп шығару тәсілдерін талдау, баяндама жазу, көрнекі құралдар мен қолдан құралдар жасау, кейбір демонстрациялық тәжірибелерді оқушылардың көрсетуі, оларды талдап, сұрақтарға қалауы бойынша жауап беру түрінде өткізген тиімді. Мысалы, Электр өрісі. Электр заряды» тақырыбы бойынша семинар өткізгенде электр заряды, зарядталған дене, электр өрісі және оның кернеулігі, потенциал, потенциал айырымы, Кулон заңы сияқты электростатиканың негізгі ұғымдарын пысықтап, олардың физикалық мағынасын ашып, тыңғылықты жүйеге келтіруге болады.

«Материяның түрлері және оның қозғалысының формалары» деген тақырыпта өткізілетін семинар-сабақтың жоспары мынадай болуы мүмкін. 1) Электр энергиясын өндіру, алысқа жеткізу және пайдалану. 2) Электрмагниттік толқындар. Елімізде байланыс құралдарының дамуы. 3) Ядролық энергия, оны алу және пайдалану. 4) Материяның түрлері және оның қозғалысының формалары.

4.5. Оқу конференциялары

Физика бойынша оқу конференциялары да, сабақтар сияқты, сабақ кестесі бойынша пәнге арнап бөлінген сағаттарда бүкіл сыныппен өткізіледі. Мұғалім жетекші роль атқарады. Конференцияда да, сабақтағы сияқты, жалпы сыныптың жұмысы оқушылардың жеке жұмыстарымен үйлестіріледі.

Конференциялардың сабақтардан айырмасы оқушылар жаңа білімдерді конференцияға даярлану процесінде жұмыс істеген әдебиеттен және басқа оқушылар жасайтын баяндамалардан алады. Мұғалімнің конференциядағы жетекші ролі мынадан тұрады: ол оқушылардын баяндамалар жасауын және ол баяндамаларды талқылауын ұйымдастырады, талқылау кезінде баяндамаларға жасалмаған толықтырулар мен түзетулерді енгізеді. Мұғалім конференцияның нәтижелерін қорытындылайды, жалпы сынып пен баяндамалар және оларға толықтырулар жасаған жекелеген оқушылардың жұмысын бағалайды.

Конференциялардың білімдік мәні мынада: оларға даярлану процесінде мектеп оқушылары әдебиетпен өздіктерінен жұмыс істеу дағдыларына ие болады.

Конференциялар оқушылардың бейімділіктері мен қабілеттерін көрсете білуін олардың ғылыми және техникалық білімдерге деген қызығушылығын дамытуға көмектеседі. Оқушылардың инициативасын, белсенділігі мен дербестігін дамытудағы, сондай-ақ олардың бойында ұжым алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеудегі конференциялардың мәні өте зор. Баяндамаларды даярлау процесінде оқушылар көрнекі құралдармен және құралдармен дербес жұмыс істеу дағдыларын алады, баяндамаға дайындалған кезде, құралдарды пайдалану, тәжірибелер жасап көрсету, тақтаға суреттер және сүлбелер салу шеберліктеріне ие болады. Ақырында, конференциялардың оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, баяндама үшін іріктеліп алынған материалды сауатты, логикалық тұрғыдан дәйекті баяндап беру шеберлігін дамытудағы маңызын ескерген жөн.

Конференциялардың талқылауына ашылған жаңалықтардың және өнертабыстардың тарихымен байланысты оқып үйреніліп отырған теориялық материалды ғылымда және техникада қолданумен, физикалық құралдардын, машиналар мен механизмдердің құрылысы және жұмыс істеу принциптерімен, сондай-ақ технологиялық процестермен таныстыратын мәселелерді қоюға болады. Конференция - сабақта білімді оқушылар өздігінен оқыған әдебиеттерден және олардың сыныпта жасаған баяндамаларынан (7-8 минут) алады. Мұғалім оқушыларға баяндамаларды бөліп беріп, оған тиісті әдебиеттерді көрсетіп (қажет болса тауып беріп), консультатция береді. Конференцияны ұйымдастырады, баяндамаларды талқылаттырады және қортындылап, баяндамашыларға баға қояды. Оқу конференциясын негізінен физика-техникалық жаңалықтардың тарихы, физикалық құралдар мен техникалық қондырғылардың жұмыс істеу принциптері, физикалық заңдардың өңдірісте қолданылуы сияқты мәселелерге арнаған тиімді. Конференция өткізу жоспарын (баяндамашылардың тізімін, әдебиеттерді көрсетіп) 10-15 күн бұрын физика кабинетіне іліп қою керек. Конференцияда баяндамашылардың демонстрациялық эксперимент, сүлбе, кино-диафильмдер көрсеткені жөн.

Конференцияның табысты болуы ен алдымен оны дайындау сапасына байланысты. Конференцияға даярлық төмендегі кезеңдерді қамтиды:


  • конференцияның міндеттерін және конференцияның қарауына қойылғаны жөн болатын мәселелер аумағын, сондай-ақ өткізудің мерзімін анықтау;

  • мұғалімнің тиісті әдебиетті зерттеп оқуы; оқушыларға ұсынуға болатын

әдебиетті іздестіру; сөйлеушілерге баяндамаларды бөліп беру;

  • мектеп оқушыларына консультация беру.

Оқушылар өздері жасайтын баяндамаларға керектілерін таңдап алып даярлауы және әдебиетпен жұмыс істеу үшін конференцияның жоспары мен ұсынылған әдебиеттің тізімін кабинетке іліп қойса тіпті жақсы. кабинетте конференцияның тақырыбы бойынша әдебиет көрмесін ұйымдастырған пайдалы. Конференциядан бірнеше күн бұрын ауызекі сөйлеуді онша жақсы меңгермеген оқушылардың баяндамаларын тыңдап көріп, оларға ойларын өз сөздерімен айтып беруіне, дикциямен жұмыс істеуіне көмектескен жөн. Баяндамаларды жазып алған мәтің бойынша оқып беруге жол бермеген жөн, бірақ баяндаманын жоспарын пайдалануға рұқсат етуге болады.

XI сыныпта конференцияны әдетте 45 минутқа жоспарлайды. Бұл уақыт жалпы тақырыппен байланысты мәселелердің аумағын қарап шығу үшін жеткілікті. Әр баяндамадан соң сыныпқа баяндамашыға сұрақтар қою, түзетулер мен толықтырулар енгізу ұсынылады. Баяндамаларды тыңдау барысында оқушылардың баяндамалардың тақырыптары мен негізгі қағидаларды жазып алғандары жөн болады. Бұл баяндамаларға деген зейін қоюдың артуына көмектеседі. Зейін қоюдың артуына сонымен бірге тыңдалған баяндамалардың мазмұны бойынша сыныпқа 1—2 сұрақ қою да көмектеседі. Мұның оқушылардың конференциядағы жұмысқа жауапкершілігін арттыру үшін және талқыланатын мәселелерді меңгеру дәрежесіне бақылау жүргізу үшін манызы зор.

Оқушылардың конференциядағы жұмысын күшейтудің көрсетілген әдістерін жете бағаламау оның тиімділігін төмендетеді. Баяндамаларды тыңдап және талқылап болғаннан соң, оқушылардың конференцияда білгендерінің бәрін қорыту, баяндамалар мен сөйленген сөздердің сапасын бағалау қажет. Мұны әнгіме әдісімен де, мұғалімнің қысқаша резюме жасауы арқылы да жүзеге асыруға болады.

4.6. Физикадан оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстарын ұйымдастыру

Заманымыздағы үздіксіз білім алу бағдарламасының негізгі принципі – жастарды өз бетінше білім алуға үйрету. «Нағыз білім - өз бетінше оқып алған білім» деп үйретеді халық даналығы. Осыған сәйкес, оқытудың барлық әдістері мен тәсілдерінің түп мақсаты – оқушыларды өз бетінше оқуға үйрету болып саналатынын әр мұғалім ұдайы есте сақтап, оны әр қашан басшылыққа алып отыруы керек. Бұл тұрғыдан физиканы оқыту процесінде де мүмкіндіктер мол, бірақ оған мұғалімнің ұйымдастыру – басшылық рөлі әбден қажет.

Физиканы оқыту кезінде оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарының түрі көп-ақ :


  • оқулықпен, қосымша әдебиеттермен, анықтамалықтармен жұмыс істеу,

конспект жасап үйрену;

  • есеп шығару, жаттығулар орындау; зертханалық жұмыс, физикалық практикум, таратып қолдарына беретін материалмен жұмыс істеу;

  • баяндамалар және рефераттар жазу, оларды конференция мен семинарларда оқу; тәжірибелерді, табиғат кұбылыстарын бақылауға, олардан тиісті қорытындылар жасауға үйрету;

  • қондырғыларды құру, қолдан құралдар жасау, сүлбе-плакаттар салу;

  • экскурсия кезінде жеке тапсырмаларды орындау;

  • үйде физикалық тәжірибелер мен өлшеу-бақылауларды жүргізу;

  • жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесі бойынша – «өнер-тапқыштыққа» үйрету, шығармашылық жарысқа қатыстыру, физикалық аукцион мен көрмелер ұйымдастыру, пресс-конференция мен тапқырлық клубына қатынастыру, физикалық компьютерлік ойындарды ойнаттыру, «экспресс-бағалауды» және «блиц-турнирді» жүргізу, т.б.

Бұлардың бәрінің негізгі мақсаты: өз бетінше білім алу, білімдерін дамыту; жалпы еңбектік оқу ебдейліктері мен дағдыларды меңгеру; білімдерін тәжірибеде қолдана білуді үйрену; өздігінен үздіксіз оқуға дағдыландыру.

Оқушылар өз бетінше кітаппен жұмыс істегенде, мұғалім оларға, негізінен, түсінгенін баяндаудың жоспарын жасауға, мәтіндегі ең негізгі мәселені таба білуге, кестелер мен график және суреттерден қажетті ақпаратты алуға, құралдардың сүлбе-сызуларын оқып түсінуге, кітаптың мазмұнын және әріп белгілеулерін пайдалануды үйрету керек. Оқығандарының негізгілерін бөліп алып, конспект жасауға үйрету үшін физикалық құбылыстарды, шамаларды, зандарды баяндаудың мынадай алгоритмдік жоспарын мұғалім жасап, ұдайы көрсетіп отыруы тиіс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет