8. Баға бойынша ақпарат
Бақылау түрлері (ағымдық, аралық, қорытынды)
Бақылау әдістері (сұрақ, жазба жұмыстары, тесттер)
9. Бағаны қою саясаты
Үлгерімдік ағымдық бақылаудың мақсаты – студенттердің үлгерім дәрежесін тексеру және білім сапасын арттыруға қабілеттілігін, жасампаздығы мен білімділігіне көз жеткізу.
Үлгерімдік ағымдық бақылау пәннің әрбір тақырыбына арналады және ол аудиторияда және аудиториядан тыс өтеді.
Аралық бақылаудың бағасы аудиторияда өтетін аралық бақылау мен ағымдық бақылаудың қосындысынан тұрады.
Ағымдық бақылауда студенттің үлгерімі 100 балдық шкала бойынша және ағымдық бақылаудың нақты результаты студенттің академиялық периодта алған барлық бағасының орта арифметикалық суммасымен есептеледі, АИС "Платонус".
Ағымдық бақылау семинарлық, практикалық, лабороториялық және дәріс сабақтарында жүйелі түрде өтеді, өзіндік жұмыс мұғалім басшылығымен, аудиториядан тыс өтеді (аралық бақылау).
Жібелілу рейтінгісі: ЖР=
әр пәннен болатын емтиханның аралық аттестациялық бағасы 100 балдықө шкала бойынша есептеледі.
Қорытынды баға пән бойынша жіберілу рейтінгі және қорытынды бақылау бағаларының қосындысынан тұрады.
ҚБ = ЖР*0,6+Е*0,4
Қорытынды баға 100 балдық шкала бойынша әріптік формада, сандық эквивалентте және дәстүрлі формаға айналады.
Академиялық периодта студенттердің аралық бақылауының бағасы 7-8,14-15 аптада қойылады. Бақылау формасын анықтау үшін ауызша бақылау (әңгімелеу, тақырып бойынша хабарлама, сұрау, коллоквиум, үй жұмысын қорғау және презентациялау, тренинг және т.б.)және жазбаша бақылау ( жазбаша сұрау, жазбаша анализ, рефераттар, шығарма, диктант, бақылау жұмысы, курстық жеке бөлімдеріне арналған практикалық жұмыстар) қолданылады.
Он ұпайлық шкалада бағалау эквиваленті
-
Әріптік жүйе бойынша бағалау
|
Сандық эквивалент
|
Ұпайдық пайыздық көрсеткіші
|
Дәстүрлі жүйе
бойынша бағалау
|
A
|
4,00
|
95-100
|
Өтежақсы
|
A-
|
3,67
|
90-94
|
B+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
B
|
3,00
|
80-84
|
B-
|
2,67
|
75-79
|
C+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
C
|
2,00
|
65-69
|
C-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,00
|
50-54
|
F
|
0,00
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
10. Оқу пәнінің саясаты және академиялық этика
Сабақтарға қатысу;
сабақтарда өзін-өзі дұрыс ұстау ережесі;
мадақтау және жазалау.
Лекциялық сабақтар тезистері
Тақырып 1. Кіріспе. Физиканы оқыту әдістемесі – педагогикалық ғылым, оның зерттейтін мәселелері мен оқыту әдістері
1.1. Физиканы оқыту әдістемесі – педагогикалық ғылым.
1.2. Физиканы оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері мен оқыту әдістері және міндеттері.
1.3. Физиканы оқыту әдістемесінің физика, философия, педагогика, психология ғылымдарымен байланысы
1.1. Физиканы оқыту әдістемесі – педагогикалық ғылым.
Физиканы мектепте оқыту әдістемесі – педагогика ғылымдары жүйесінің бір тармағы болып саналады. Себебі, педагогика ғылымдары сияқты оның да зерттейтін ең негізгі мәселесі – орта мектептегі ғылым негіздерінің бірі физиканы оқытудың іс – тәжірибесі мен теориясын қарастыру. Ендеше, оның негізгі міндеті:
мектеп физика пәнінің оқу бағдарламасы мен оқулықтың мазмұның анықтау;
оқушыларға физикалық білімдер мен дағдылардың жүйесін ұғындырудың тиімді тәсілдерін, оқыту әдістемесін көрсету.
Демек, физиканы оқыту әдістемесі студенттерге кәсіптік - әдістемелік дайындық беруді мақсат етеді.
Мектепте физиканы сапалы оқытудың ең бірінші және басты шарты – физика ғылымын мұғалімнің берік меңгеруі, оның зерттеу әдістері мен даму тарихын терең түсінуі. Тек қана физикалық білімдерді ұқыпты ұғыну арқылы мектепте жақсы физик – мұғалім болуы мүмкін емес. Сол себепті, болашақ физика пәні мұғалімі үшін физиканы оқыту әдістемесінің практикалық және теориялық мәселелерін терең оқып игеру қажет. Ендеше, әрбір студенттің, физика – ғылымы және физика – оқу пәні арасындағы өзара ұқсастықтар мен өзгешеліктерді ажырата білуі тиіс.
Ғылыми білімдердің шоғырланып жиналуы, педагогикалық ғылымдардың жіктелуі жылдан – жылға оқылатын пәндердің санын арттырып, мазмұның байыта түсуде.
Міне осы айтылғандардың нәтижесінде оқытудың ерекшеліктерін қарастыратын және оның осы жолағы жалпы заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымының жана салалары–оқу пәндерінің әдістемесі пайда болады. Сөйтіп, оның басты мақсатының ғылыми негізін дәйектеу, мазмұның анықтау, оқытудың тиімді әдісін табу міндеттері алға қойылды.
Барлық оқыту әдістері бүтіндей жалпы оқыту теориясына – дидактикаға негізделеді. Ал дидактиканың негізгі мақсаты: оқыту процесінің заңдылығын ашу, берілетін білімнің мазмұнын анықтау, оқытудың барынша тиімді әдістері мен ұйымдастыру жолын белгілеу. Мұнымен қатар дидактика тәрбиелеу жұмысы мен оқыту процесінің ара қатынасын дәл анықтауы тиіс. Өзге пәндерді оқыту сияқты, физиканы оқыту негізінде де оқушының қалыптасуы, алдымен оның жалпы білім алуы іске асырылуы тиіс.
Әрбір оқу пәнінің өзінің сипатына сәйкес туатын ерекшеліктері, өзінің заңдылықтары болатыны табиғи нәрсе. Сондықтан, физиканы оқыту әдістемесі – пән дидактикасы немесе пәннің оқыту әдістемесі деп аталады.
1.2. Физиканы оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері мен оқыту әдістері және міндеттері.
«Физиканы оқыту әдістемесі» пәнінің міндетіне – физиканы оқытудың заңдылықтарын ашу, берілетін физикалық білімнің мазмұнын анықтау, оны үйретуді ұйымдастыру формаларын қарастыру және тағы басқалар кіреді.
Физиканы оқыту әдістемесінің зерттеу объектісі – физиканы оқыту процессі. Міне, осы тұрғыда орта мектепте физиканы оқыту кезеңінде оқушыларға білім беру, оларды жан – жақты дамыту, тәрбиелеу сияқты негізгі үш міндет атқарылады.
Білім беру міндеті – барлық басқа пәндер сияқты физиканы оқыту әдістемесінің де негізгі міндеті. Соның нәтижесінде оқушылар физиканы негізгі заңдылықтарынан білім жинақтайды, әрі оны іс жүзінде пайдалану дағдысы мен біліктілігін қалыптастырады.
Дамыту міндеті. Бұл міндет оқушылардың танымдық мүмкіндігін дамытуды көздейді, олардың өздігінен білімдерін жетілдіруді іске асыру мүмкіндігіне ие етеді. Сан алуан ақпараттар тасқынында дұрыс бағдарлай білуге, түрлі логикалық операцияларды меңгере алуға, сөйтіп, формальді – логикалық ойлау формасына диалектикалық және шығармашылық ойлау формасына көтерілуге жеткізеді.
Тәрбиелеу міндеті. Бұл міндет те, жоғарыдағы міндеттер тәрізді, жалпы оқыту кешенінің мұратына сәйкес – қоғам дамуының талаптарынан туындайды. Өйткені, оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері – бәрі, сайып келгенде, өсіп келе жатқан жастардың өмірге дайындалу жолы. Міне, сондықтан да мектепте мұғалім қызыметі қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындауға бағытталады. Олай болса, физиканы оқыту, негізінен алғанда, оқушылардың ғылыми көз қарасының қалыптасуына, ой – өрісінің дамуына жәрдемдесіп, өнегелі – үлгілі болуға баулиды.
Физиканы оқыту әдістемесі мынадай мәселелерді шешеді:
физиканы оқыту мақсатын негіздеп беру;
тәрбиені физиканың негізін оқытумен үйлестіре отырып іске асыру;
мектеп физика курсының мазмұны мен құрылымын анықтау және оны үнемі жүйелі түрде жетілдіру;
аса тиімді әдістермен тәсілдерді ойластырып, әрі оны тікелей тәжірибе түрінде тексеруден өткізу және оны оқу жүйесіне өндіру.
«Физиканы оқыту әдістемесі» – оқытудың жолдары мен тәсілдерінің заңдылықтарын зерттейтін, әрі оқушыларды физиканы оқыту процесінде тәрбиелейтін және дамытатын педагогикалық ғылым. Әрине физиканы оқыту әдістемесі өзге әдістемелік ғылыми пәндер тәрізді өзі енгізген әдісінің нәтижесін, білім беру дәрежесі мен үлгерімнің көрсеткішін график, өрнек түрінде бере алмайды. Түбінде мынадай заңдылық ашылуы тиіс. Бұл әдістеменің заңдылықтары–статикалық сипаттағы заңдылықтар. Сондықтан, әдістемелік зерттеулерде статика заңдылықтары қолданылады. Шынында оқыту және тәрбиелеу процестері өте күрделі жүйелер, олардың іске асырылуы кезеңінде толып жатқан факторлар өз ықпалын тигізеді, ал оларды қалт жібермей ескеріп алып отыру оңай емес.
«Физиканы оқыту әдістемесінің» мазмұны мынадай құраушы бөлімдерден тұрады:
физиканы оқыту әдістемесінің теориялық негізі немесе жалпы мәселелері;
физика оқыту әдістемесінің жеке түрі;
мектеп физика экспериментінің техникасы;
мектеп физика есептерінің шешу әдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |