Оқыту түрі: күндізгі



бет6/42
Дата07.05.2017
өлшемі6,11 Mb.
#15904
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

«Физиканы оқыту әдістемесінің» жалпы мәселелерге мыналар жатады: орта мектепте физиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері, оқылатын курстын мазмұны мен құрымы, физиканы оқытудың әдістемелік және психологиялық негіздері, оны оқытудың өмірмен байланыстылығы, оқу процесінде политехникалық білім беру, физика курсындағы әр түрлі эксперименттерді қамту, физика материалдарын түсіндіру негізінде оқушылардың ойлау – танымдық қабілетін дамыту, материалистік-диалектикалық көзқарасты қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта түсу, оқыту әдістері және физикадан сабақ өткізуді ұйымдастыру және т.б.

«Физиканы оқыту әдістемесінің» ішінде жеке әдістемеге әрбір тарау мен тақырыптың мазмұны, материалдың берілудегі жүйелік, әр түрлі түсініктердің қалыптасу жолдары, заңдар мен теориялардың мағынасын ашу әдістері және тағы басқалар кіреді.

Мектепте физика экспериментінің техникасына физикалық оқу экспериментінің маңызы мен жүйесі, эксперименттерге қойылатын негізгі әдістемелік талаптар, қауіпсіздік техникасының талаптары және тағы басқалар кіреді.

Физикалық есептерді шығару әдістемесіне физикалық есептердің маңызы, классификациясы, түрлері және оларды шығару тәсілдері кіреді.

Физика оқыту әдістемесінің зерттеу әдістерін қарастырайық. Жалпы педагогика зерттеу әдістері тәрізді физиканы оқыту әдістерін де негізгі екі топқа бөлуге болады: мазмұндық және шарттық әдістер.

Мазмұндық әдістер деп фактілерге, бақылаулар мен тәжірибелер сүйенген, солардың негізінде абстракциялау, талдау, жинақтау жасалатын теориялық қорытындыны айтамыз.

Шарттық әдістер бұл педагогикалық құбылыстар мен процестің саңдық көрінісі, оқу материалдары мен оқушылар білімінің жүйелік құрылымдық талдануы. Бұл шарттық әдістерде абстракциялау мазмұндық әдіске қарағанда көбірек, әрі жаңа түсініктерді ескі түсініктер негізінде қисындау тәсілі басым.

Физиканы оқыту әдістемесі негізінен мектеп үшін мынадай қажетті нақты мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады:

1.Мектеп физика пәнінің әрбір басқыштарында оқытылатын оқу материалдарының көлемін және мазмұнын анықтау.

2.Оқу материалын баяндаудың жүйелілігін анықтау. Оқытылатын материалдың бірізділігі, оңайдан қиынға қарай бірте - бірте өсіп отыруы тиіс.

3.Оқушылардың оқу материалын оңай меңгеруінің тиімді әдістері мен тәсілдерін және мұғалімнің әр түрлі әдістемелік түсіндіру амалдарын көрсету. Мәселен, ауызша баяндау, әңгімелеу, эксперимент, талдау және синтез, индукция және дедукция, аналогия мен нобайлау(модельдеу) және тағы басқалар.

4.Бағдарламалық жадыхаттарды оқушылардың берік игеруін қамтамасыз ететіндей физиканы оқытудың қажетті материалдық - техникалық базасын (физика кабинеті, эксперименттік және көрекі құралдар және тағы басқаларді анықтау.

5.Физиканы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызатындай сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ( үйірме, экскурсия, олимпиада және тағы басқаларді ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесін жасау.

6.Мектепте физиканы оқыту процесінде өткізілетін ғылыми материалистік, патриоттық, эстетикалық, этнопедагогикалық, тәлім-тәрбие жұмыстарға бағдар-бағыт беру.

7.Оқушылардың эксперименттік білімдері мен ебдейліктерін және дағдыларын қалыптастыру.

Физиканы оқыту әдістемесінің ең басты міндеті – физиканы не үшін оқытамыз, физикада не нәрсеге үйретеміз, физиканы қалай оқытамыз деген сұрақтарға жауаптардың ізденісі. Әдіске деген қарым – қатынастың жеке түсінігінің әдістік деталі әдістемелік амал болып табылады. Осыдан байқайтынымыз әдістемелік амал және әдіс деген ұғымды бөліп қарау. Шығармашылықтың кейбір түрлері бір кезде оқыту әдісі ретінде болса, келесі жағдайда амал ретінде қолданылуы мүмкін.

Әдістемелік жүйенің құрамына кіреді: оқыту мақсаттары, мазмұны және оқытудың әдістері, формалары, тәсілдері.

Физика әдістемесінің ғылыми – теориялық негіздері ретінде теориялық талдау, нобайлау, эксперимент, дара тұлға мен қарекетті дамыту теориялары, таным мен сезу және ойлау процестері, дидактикалық принциптер, педагогикалық және психологиялық заңдылықтар, бақылау, мектеп тәжірибесін жинақтау, оқушылардың ойлауы мен еңбек ету ерекшеліктерін пайдаланылады.



1.3 Физиканы оқыту әдістемесінің физика, философия, педагогика, психология ғылымдарымен байланысы.

Педагогикалық жоғары оқу орындарында «Физиканы оқыту әдістемесі» курсын жан-жақты терең меңгеру студенттерден оны физика, философия, педагогика, психология ғылымдарымен тығыз байланысты түрде оқуды қажет етеді. Себебі, сол ғылымдарды меңгермейінше, мектепте физика сабақтарын мұғалімнің өткізе алуы мүмкін емес.

Оқушылардың дүниеге материалистік көзқарасы, олардың танымдық қарекеті, дара тұлғаның қалыптасуы философия курсымен байланысты түрде жүзеге асырылады. Оқу, тәрбие жұмыстарының тәсілдері мен формаларын жетілдіру педагогикалық принциптер мен заңдылықтарға, оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне тікелей байланысты жүргізіледі.

Физиканы оқыту әдістемесі — күн сайын, ай сайын ұдайы жедел дамып отырған ғылым. Өйткені, оның дамуына тез ықпал ететін қайнар бұлағы мол. Олар: физика мен философия, педагогика мен психология, т.б. ғылымдарының жетістіктері; мектепке арналған бағдарламалар мен тұжырымдамалар, оқулықтар мен оқу құралдары; үкіметтің мектеп туралы қаулы - қарарлары; әдістемелік журналдар, физика мұғалімдерінің қоғамдары мен қауымдастықтарының (ассоциацияларының), педагогтардың конференциялар мен симпозиумдар материалдары, озат физика мұғалімдерінің, жаңашыл педагогтардың, авторлық мектептердің іс-тәжірибесі, т.т. Физика пәні мұғалімі мұндай жадыхаттарды күн сайын үзбей қарап, үздіксіз оқып, танысып отыруы қажет. Сонда ғана ол өз мамандығын күнделікті жетілдіріп отырады, мектепте физиканы оқытуды заман талабы дәрежесінде жүргізуге мүмкіндік алады.

Физиканы оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен, әсіресе физикамен, психологиямен, педагогикамен тығыз байланысты екендігі туралы жоғарыда айтып өттік. Бұл ғылымдармен байланыстар физика курсының мазмұнында, білім берудің тәсілдерінде, әдістерінде және формаларында байқалады. Осылай, физиканың дамуының нәтижесінде физика курсына арнайы теориялар, бөлімлер еңгізілген.

Жаратылыстану ғылымдарының жүйесінде физиканың басты орын алатындығы оның терең философиялық және ғылыми техникалық мазмұнымен байланыстылығында.


1-кесте


Басқа ғылмдармен салыстыра талдап, «Физиканың оқыту әдістемесінің» де ғылым санатына жататындығына айғақты мысалдар

Ғылымның негізгі белгілері

Ғылыми

белгілердің

мән мағынасы

(мазмұны)



Физика

ғылымы бойынша бір мысал



Педагогика ғылымы жайында белгілі мысал

Физиканы оқыту әдістемесі ғылымы туралы

нақты мысал



1.

2

3

4

5

1.Функциясы

Талдап – зерттеу

ушін күрделі құбылысты жеке ұсақ мәселелерге жіктеу



Кристалдарды қасиеттері мен түрлеріне қарай жіктеу

Оқыту

әдістерінің әр түрге бөлініп жіктелуі



Көрнекілік әдісінің физиканы оқытуда қолданылу ерекшеліктері

2.Мақсаты

Зерттейтін

құбылыстың заңдылық-тарын тағайындау



Кристалдардың түзілу заңдылық-тарын аықтау

Көрнекілік

әдістің қандай жағдайда қолданы-луын тиімділігін айқындау



Көрнекілік әдісті физиканы оқытуда тиімді пайдаланылудың әдістемелік жолдарын көрсету

3. Негізгі

ұғымдары


мен терминдері

Әр ғылымның ерекшелігіне сай

негізгі ұғымдары

мен терминде-рінің жүйесін құру


Кристалдар жайлы ұғымдар мен

терминдерді айқындау



Сөзбен баяндау, көрнекілік, практика-лық әдістер,

әдіс,


тәсіл, амал, әрекет,

операция т.т.



Педагогика ғылымындағы мыңға жуық ұғымдардың 60 проценті әдістемелік негізге құрылып, қалғандары басқа ғылымдардан алынған

4. Зерттеу нысаны

Нені зертеуді

көрсету


Кристалдар физикасы

Пәндер жүйесі жеке пән

Көрнекілік тәсіл

ді физика сабақ

тарында қолданудың әдістемесі


5. Зерттеу пәні

Қалай зертеуді айқындау

Кристалдар-дың құрылу процесін зерттеу.

Сабақ, сабақтар жүйесі, сабақтың нәтиже-лілігі

Жеке тараулар мен сабақтарды өткізгенде көрнекілік әдісті қолдану тәсілдері

6.Зерттеу-дің сипаты

Теориялық,экспери

менттік, әдіснама

лық болып бөліну ерекшілігін көрсету


Теориялық және эксперименттік зерттеу әдістері

Теориялық және эксперименттік зерттеу әдістері

Әдістемелік және эксперименттік зерттеу тәсілдері

7.Практи-калық маңызы

Өмірде, техникада рухани тұрғыда пайдаланы-луы

Кристалдардың тұрмыста,техникада қолданылуы

Мектеп пәндерін оқытуда пайдаланылуы

Физика сабақтарында көрнекілік әдісті пайдаланылу


Физиканы оқыту әдістемесінің физикамен байланысы

Бізді қоршаған орта: адамдар, жан-жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар табиғат ұғымды білдіреді. Яғни, физика — табиғат туралы ғылым. Физика ғылымын оқыту кезінде ең алдымен оқушылар табиғат, адам және ұғымдарымен таныстырылады. Содан кейін табиғат пен адам арасындағы байланыстар түсіндіріледі, табиғаттағы сан алуан өзгерістер туралы айтылады, физикалық құбылыстар, теориялар, анықтамалар, заңдар толығымен түсіндіріледі. Физиканы оқыту әдістемесінің басты мақсаты — оқушыларға физика пәнің қалай түсіндіру керек, қандай әдіс-тәсілдер қолдану керектігі, оқушыларды қызықтыратын сабақтардың қандай түрлерін қолданылуға болатының зерттеу және анықтау.



Физиканы оқыту әдістемесінің философиямен байланысы

Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында білімдер жинақтайды, ара-арасында ол заттар мен құбылыстар неге олай, дүние неге бұлай құрылған, т.б сұрақтарды өз-өзіне қояды. Дүние және адамның ондағы орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниекөзқарас деп аталады.

Көпөлшемді бұл құбылыс адам өмірінің, тәжірибелік іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады. Дүниекөзқарасты құратын рухани құбылысқа философия кіреді.

Философия — адамзат дамуының қайнарынан бастау алатын ғылым. Философия нақты фактілерге жүгінеді. Сондықтан философия басқа ғылымдар сияқты қашанда объективтік факторларға сүйенеді. Басқа ғылымдар сияқты оның заңдары мен категориялары бар. Философия бүкіл әлемді, оның басты салалары — табиғат, қоғам, адам санасын тұтас құбылыс ретінде алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады, объективтік шындық жөніндегі белгілі қағидалар жүйесін қалыптастырады. Бәрі де «материя» ұғымынан басталады.

Материя ұғымы — дүниені адамның санасынан тыс, әрі тәуелсіз объективті шындық деп қарайтын дүниетанымның түп қазығы, мән–мағынасы болып табылады. Эпикур мен Тит Лукреций Кар дамытқан ой - пікір бойынша бұл ілім мынаған саяды. Әлемдегі барлық дүниелер мен заттар атомнан құралады. Атом — пайда болмайтын, жоғалып та кетпейтін, кеңістікте мәңгілік қозғалып отыратын, бөлінбейтін ең кішкене бөлшек. Денелер мен заттардың және олардың қасиеттерінің әр түрлі болуы құрамындағы атомның санына және ол атомдардың өзара орналасуына байланысты. Міне, осының бәрі де физикамен байланысты. Және осының бәрін ескере отырып, «Физиканы оқыту әдістемесі» жүргізіледі.

Физиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен байланысы

Мектептегі орта және жоғары сыныптағы балаларға физика пәнінен сабақ берген кезде оларға тәрбие бере отырып сол сабақтың оқыту мақсаттарын, міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын және сол сабақтың нәтижесін зерттеуге көмектеседі.

Педагогика — адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы білім беру мен тәрбие теориясының мәнін заңдылықтарын, тенденциясы мен перспективасын зерттейтін ғылым. Осыған сүйене отырып пәнді қалай жүргізу керек, қандай тәсілдер пайдаланылу керектігі қарастырылады.

Физиканы оқыту әдістемесінің психологиямен байланысы

Педагогикалық психологияның дамуы, жаңа психологиялық концепциялар мен теориялардың пайда болуы, көбінесе ойлау әрекетінің этапы қалыптасуы, дамып келе жатқан білім берудің даму теориялары, жалпылаудың теориялық концепциялары физиканы оқыту технологияларының қалыптасуына әкеледі.

Әр оқушының психикасын жақсы білу үшін психологиялық тесттер, әдістер, т.б. тәсілдерді физиканы оқыту әдістемесінде қолданады.

Негізгі әдебиеттер: [1,4,5]

Қосымша әдебиеттер: [22,24,28]
Тақырып 2. Физика пәнінің мектепте оқытудың негізгі міңдеттері.

2.1. Мектепте физиканы оқытудың маңызы.

2.2. Физиканы оқытуда қойылатын міндеттер.

2.3. Оқыту үрдісінде оқушылардың физикалық ойлауын дамыту.

2.4. Физикалық ұғымдардың жүйесін қалыптастыру.Политехникалық білім беру
2.1 Мектепте физиканы оқытудың маңызы

Физика материя қозғалысының неғұрлым жалпы касиеттері мен заңдарын зерттейді. Ол осы заманғы жаратылыс тануда жетекші роль атқарады. Мұның өзі физикалық заңдардың, теориялардың және зерттеу әдістерінің барлық жаратылыс ғылымдары үшін шешуші мәні барлығымен байланысты. Физика — қазіргі заманғы техниканың ғылыми негізі. Электротехника, автоматика, радиотелеметрия және техниканың басқа да көптеген салалары физиканың сәйкес бөлімдерінен дамып өрістеді. Ғылым мен техниканың әрі қарай дамуы физика жетістіктерінің техника мен өндірістің түрлі салаларына одан әрі неғұрлым терең енуіне алып келеді.

Жаратылыстану үшін және техниканы дамыту үшін физиканың мәні арта беруіне байланысты, физиканы білу қазіргі қоғамның әрбір адамына қажетті бола түсуде. Мектептерде физиканы оқып үйренуге үлкен назар аударылып отырылуын осы айтылғаңдармен түсіндіруге болады.

Физиканы оқыту үрдісінде оқушыларды физиканың өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы, көлік пен медицинадағы аса маңызды қолданыстарымен таныстыруға, автоматика туралы түсінік беруге, тәжірибеде кеңінен қолданылатын өлшеу құралдарымен және құрал-жабдықтарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік туады. Оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке дайындау үшін мұның үлкен маңызы бар.

Физиканы оқып үйрене отырып, оқушылар көптеген табиғат құбылыстарымен және оларға берілген ғылыми түсініктермен танысады, балалардың бойында дүниенің материялылығы туралы, қандай да болсын жаратылыстан тыс күштің жоқтығы, адамның қоршаған әлемді тану мүмкіндігінің шексіздігі туралы сенім қалыптасады. Физика мен техниканың даму тарихымен таныса келе, оқушылар адамның, ғылыми білімдерге сүйене отырып, айналадағы шындық болмысты қалай қайта өзгертетінін, өзінің табиғатқа билігін қалай арттыратынын түсіне бастайды. Мұның бәрінің оқушылардың бойында диалектикалық – материалистік көзқарасты қалыптастыру үшін маңызы зор.

Физикалық теориялар мен заңдарды оқып үйрену, кұбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау, нақты физикалық есептерді шешуге теориялық білімдерді қолдану оқушылардың логикалық ойлануын, олардың танымдық қабілеттерін дамытуда үлкен роль атқарады.

Физиканы оқып үйрене отырып, оқушылар аса көрнекті прогресшіл ғалым физиктердің қызметімен, ғылымы мен техникасының, сондай-ақ барлық елдер ғылымы мен техникасының озат сипатымен танысады. Мұның бәрінің үлкен тәрбиелік мәні бар.

2.2. Физиканы оқытуда қойылатын міндеттер

Физиканы оқыту міндеттеріне мыналар жатады:



  • ғылыми-техникалық прогресті жетілдіруде физиканың атқаратын маңызын және оның даму болашағын ғалымдардың физика мен техниканы дамытуда қосқан үлесін ашып көрсету негізінде оқушыларға тәрбие беру;

  • ғылыми білімдерді, эксперименттік фактілерді, ұғымдарды, заңдарды, теорияларды, физика ғылымының өзіндік әдіс-тәсілдерін, дүниенің қазіргі бейнесін қалыптастыру;

  • материяның құрылымдық сарқылмастығы мен біртұтастығын, физикадағы аса маңызды сақталу заңының жан – жақтылығын, физикалық құбылыстардың диалектикалық сипатын, физикалық теориялардың сабақтастығы, физиканы дамытудағы теория мен тәжірибе арақатынасының міндетін, танымдағы іс-тәжірибенің атқарар маңызын ашу;

  • ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарымен, атап айтқанда кешенді автоматтандырумен, электрониканың және микропроцессорлық техниканың, автоматтық энергетиканың дамуымен, жаңа материялдарды жасау және өңдеу технологиясымен, физика заңдарының техника және өндіріс технологиясын да қолданылуымен таныстыру;

  • өз бетімен білім алу және алған білімдерін қолдана білу, физикалық құбылыстарды бақылай және түсіндіре білу, сондай-ақ, оқулық, анықтамалық және хрестоматия әдебиеттерін пайдалана білу бейімділігін қалыптастыра білу;

  • қайсыбір экспериментік икемділікті қалыптастыру, құралдар мен аспаптарды пайдалана білу, өлшеу нәтижелерін шығара білу және тәжірибе мәліметтері негізінде қортынды жасай білу, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай білу;

  • физика мен техникаға деген танымдық ықыласын, шығармашылық қабілетін дамыту, ілімнің саналы мотивтерін қалыптастыру; мамандықты саналы таңдауға дайындау.

  • оқушыларға адамгершілік тәрбие беру, білім беру және сол білімдерін жетілдіру, еңбек етуге дайындау;

  • оқу материалын саралау принципін жүзеге асыру - негізгі фактілер, ұғымдар, заңдар, теорияларды және физика ғылымының әдістерін оқып үйренуге, теория негізінде физикалық құбылыстардың кең ауқымын қортындылауға үйрету;

  • физикалық құбылыстарды, тәжірибе нәтижелерін аспап пен қондырғылардың жұмыс тәртібін өз бетінше түсіндіріп беруге, ғылымның негізгі бастапқы қағидаларын қолдана білуге үйрету;

  • оқушыларға физиканың ғылыми және теориялық негіздерін меңгерту;

  • оқушылардың жалпы ғылыми ойлауын дамыту-физикалық құбылыстардың, заңдар мен заңдылықтардың, қағидалардың мәнін олардың болу себептерін түсіндіру, құбылыстардың қалай болатынын алдын ала болжау;

  • оқушылардың алған теориялық білімдерін, табиғатта, техникада, өмірде, жұмыста кездесетін физикалық құбылыстарды түсіндіруге қолдана білуге үйрету;

  • оқушыларға патриоттық және ұлтық мақтаныш сезімін тәрбиелеу;

  • физика курсын өз бетінше оқып үйренуге тәрбиелеу;

  • оқулықта және арнайы берілген тапсырмалар бойынша оқу материялдарын

талдай білу;

  • физикалық жаттығуларды, экспериментік және оқыту тәжірибелерін, зертханалық жұмыстар мен есептер шығаруды еркін меңгерту және т.б.

2.3. Оқыту үрдісінде оқушылардың физикалық ойлауын дамыту

Окушылардың физикалық ұғымдарды түсініп, талдап ұғуы, олардың логикалық және диалектикалық ойлауын дамытуға зор ықпал етеді. Академик С.И. Вавилов айтқандай, физикалық ойлауға дағдылану керек, оған көп жаттығу мен ұзақ үйренудің нәтижесінде қол жеткізуге болады, бұл физиканы оқытудың ең басты міндеттерінің бірі болуы тиіс.

Физика – табиғат туралы ғылым. Оның басты мақсаты – заттар мен денелердің, құбылыстар мен процестердің негізгі қасиеттерін біліп–тану, табиғат құбылыстарының заңдылықтарын зерттеу. Сабақта мұндай танымдық үрдіс оқушылардың физикалық ойлауын дамытуды қажет етеді. Бұл үшін оқыту үрдісінде анализ және синтез, салыстыру мен аналогия, классификация және жүйелілік, абстракция және жинақтап қорытындылау сияқты логикалық ойлау амалдарын пайдаланамыз. Демек, физиканы осындай логикалық талапқа сай оқытып, физика ғылымы негіздерінің логикалық жүйесін ашу арқылы оқушы жастардың физикалық ойлауы дамытылады. Бұл, әрине, алдымен мұғалімнің физикалық білімдер жүйесі мен оның құрылымының ерекшелік сипаттарын білуін қажет етеді.

Оқушылардың физикалық ойлауын дамытуда ең алдымен оларды диалектикалық ойлауға, яғни физикалық құбылыстар сырының қалай ашылғандығына (мысалы, Архимед күші, электрмагниттік толқын, радио байланыс, т.б.) үйретіп, әлі шешілмеген мәселелердің зерттеліп толық білімге айналатындығын (атомның және ядроның құрылысы, ғарыш кемелерін ұшыру, теледидарлық хабар беру, т.б.) түсіндіріп, физикалық заңдылықтардың өзара байланысын (газ заңдары, уранның тізбекті реакциясы, т.б.) ашып көрсетуіміз қажет.

Мектепте физиканы оқыту кезінде окушыларды логикалық ойлаудың негізінен мынадай түрлеріне үйретуіміз керек:


  • физикалық ойлау;

  • ғылыми-техникалық ойлау;

  • диалектикалық ойлау;

  • индуктивтік ойлау;

  • дедуктивтік ойлау;

  • абстракты ойлау.

Әрине, мұның бәрі бір сабақта немесе бір тарауды оқытумен бітетін іс емес, мұны оқушылардың мектепті бітіргенге дейін дамытылатын қабілеттері деп түсінуіміз тиіс.

Физикалық ойлау деп оқушылардың:

а) физикалық құбылыстарды бақылау,

ә) күрделі құбылыстарды құрамды бөліктерге жіктеу,

б) олардың арасындағы өзара байланыстар мен қатынастарды анықтау,

в) физикалық құбылыстар мен шамалардың арасындағы сандық және сапалық байланыстарды тағайындау,

г) физикалық теориялардан шығатын салдарларды көре білу,

д) физикалық білімдерді тәжірибеде қолдана білу ебдейліктерін дамытуды

түсінеміз. Мұның сапалық дәрежесін оқушылардың мынадай іс-әрекетінен көруге болады: а) ой еңбегін жеңілдететін логикалық тәсілдерді қолдана білуі,

ә) физикалық өрнектердің дұрыстығына сеніп, тексере білуі, б) есеп шығаруда тиімді тәсілдерді дұрыс тандап ала білуі, в) физикалық шамалардың өлшем бірліктерін тексере білуі, физикалық заңдылықтардың өмірде қолданылуын түсіндіре білуі, т.б.

Оқушылардың ғылыми–техникалық ойлауы физика мен математиканың арасындағы терең байланысты таба білуге, олардың техникада қолдану мүмкіндіктерін алдын ала болжай білуге, физикалық идеялардан түрлі техникалық конструкциялар мен модель, сүлбелерді жасай білуге үйрету арқылы дамытылады. Бұған жартылай өткізгіштер мен электрмагниттік толқын теорияларын мысал ретінде алуға болады, себебі оның негізінде электрониканың және радио–теледидарлық техниканың дамығаны белгілі.

Табиғаттың объективті заңы – энергияның сақталу және айналу заңы-мектепте оқытылғанда, табиғат құбылыстарының өзара байланыстылығы, энергияның сақталуы туралы ол заңның негізгі идеясы бүкіл физика курсын «қызыл жіптей көктеп» өтеді. Бұл оқушылардың диалектикалық ойлауын дамытуға қолайлы мүмкіндік туғызады. Физикалық құбылыстардың арасындағы байланыстардың себеп-салдарларын анықтай білуге үйрету-оқушылардың диалектикалық ойлауын дамытуға өте пайдалы әдістемелік тәсіл. Мысалы, капиллярлықтың себебі – сұйықтардың беттік керілу кұбылысы, жарық жылдамдығының бір ортадан екінші ортаға өткендегі өзгеруі–жарықтың сынуының себебі; дене жылдамдығының өзгеруі–күш әсерінің салдары, ал ауа салмағының салдары–атмосфералық қысым болып саналады; физикалық парадокстарды шешу де – бұл мақсат үшін әсерлі тәсілдің бірі.

Оқушылардың индуктивтік ойлауы логиканың синтездік (жалпыдан жекеге көшіп, жинақтау) тәсілі негізінде дамытылады. Мысалы, балалардың жұқа резеңке шарларын, футбол мен машина баллонының камераларын насоспен үрлеп толтыруы, сабын суы көпіршіктерін шығаруы, Паскаль шарымен (сумен және түтінмен толтырылған) тәжірибе жасауы арқылы жеке фактыларды қорытып, Паскаль заңын түсіндіріп, оның тұжырымдамасын береміз.

Анализ (жалпыдан жекеге көшу арқылы талдау) тәсіліне сүйеніп оқушылардың дедуктивтік ойлауын дамытуға болады. Мәселен, Паскаль, Бернулли, Ленц заңдары энергияның сақталу және айналу заңының дербес түрі ретінде қорытылып шығарылады; Ньютон заңдары, қозғалыс мөлшерінің сақталу заңының және бір дербес түрі ретінде қарастырылады; Бойль-Мариотт, Гей-Люссак, ІІІарль заңдары–газдың кинетикалық теориясының дербес түрі.

Ойлаудың аналитикалық және синтездік тәсілдері физикалық есептерді шығаруда да көп қолданылады. Индуктивтік ойлауды дамытуда бақылаудан және зерттеуден алынған фактілерді қорытындылаудың (элементар бөлшектердің қасиеттері, электролиз туралы Фарадей зандары, т.б.) маңызы зор. Дедуктивтік ойлауға дағдыландыруда физикалық құбылыстарды классификациялау мен жүйелеу, салыстыру мен аналогия тәсілдерін пайдалану да тиімді. Мысалы, физика сабақтарында термометрлердің, насостардың, механикалық қозғалыстардың түрлері, тегі, класы бойынша классификациясы беріледі.

Оқушыларды физикалық құбылыстарды салыстырудың күрделі формаларына (жоғары сыныптарда) үйретуге болады. Мысалы, активті, сыйымдылықты, индуктивтілікті кедергілердің немесе электроңды, ионды, аралас электр өткізгіштіктердің өзара жалпы ұқсастықтары мен ерекшелік айырмашылықтарын олардың ажырата білгені жөн.

Төменгі сыныптарда денелерді (қатты, сұйық, газ тәрізді), көлемі мен формасын сақтау қасиеті бойынша, механикалық қозғалыстарды жылдамдығы мен траекториясы бойынша классификациялауға үйретудің мүмкіңдігі бар. Меншікті салмағы, тығыздығы, жылу өткізгіштігі, жылу сыйымдылығы, электр өткізгіштігі, балқу температурасы бойынша денелердің физикалық қасиеттерін талдап, салыстыруға, жүйелеуге, классификациялауға болады. Талдаудың нәтижесінде әр түрлі құбылыстардың бәріне бірдей тән қасиетті анықтаудың да оқушылардың физикалық ойлауын дамытуда маңызы үлкен. Мысалы, өсімдіктердің қөректенуі, сорғыш қағазды пайдалану, май шамның пілігі (фитиль), үй қабырғасының сыз болуы, қызанақты банкіде тұздау қаңдай физикалық ортақ бір құбылысқа негізделген екеңдігін тағайындау.

Бірқатар түсіндіруге қиын физикалық құбылыстарды баяндауды оңайлату мақсатында сабақта абстракты ойлау (қиялдау, ойша тұжырымдау) тәсілін қолдануға мәжбүрміз. Мысалы, идеал газ, Карно идеал циклы, абсолют қара дене сияқты ұғымдар, үрдістер, объектілер–абстракты ойлаудың жемісі. Физикалық құбылыстар мен объектілерді нобайлау (модель) арқылы да оқушылардың абстракты ойлауын дамытудың ескерерліктей мүмкіндігі бар.

Оқушыларды физикалық ойлаудың осындай түрлері мен тәсілдеріне үйретудін нәтижесінде олардың физикаға қызығушылығы артады, біліп-тану қарекеті жақсарады, оқу үрдісіндегі белсенділігі жоғарылайды, мұның бәрі оқытудағы жастарды тапқырлыққа, ебдейлікке, бақылай білушілікке, ізденушілікке, дәлел келтіруге, оқудағы қиыншылықты және білуге, ғылыми құмарлыққа тәрбиелейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет