Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ТАБИҒАТЫ – ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗДІК ДАМУЫНДА



бет124/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   679
ҚҰЗЫРЛЫЛЫҚ ТАБИҒАТЫ – ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗДІК ДАМУЫНДА


Қадырова Г. (Қызылорда)


Баланы оқытудың мақсаты-ары
қарай мұғалімнің көмегінсіз дами алатындай ету.Э.Г.Хаббард.

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін білім» деген сөздерінде мектептің халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншек бойына сіңіретін орта екендігі айқын байқалады. Қазіргі таңдағы білім саласында, жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – дүние - танымы жоғары, білімдік бәсекеге қабілетті ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету жолында оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби “бейнесі” жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет, білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зерттеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық сияқты қасиеттерге ие болуды талап етеді. О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Қоғамның алдына қойған мақсаттарына сәйкес білім беру жүйесінің өзгеретіні педагогикалық ғылымдар тарихынан белгілі. Жаңа мақсатты алға тартып еліміз оқытудың жаңа кезеңіне көшті. Ол - нәтижеге бағытталған білім беру. Нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз – жеке тұлғаның құзырлығын қалыптастыру.


12 жылдық оқытуға көшуге байланысты білім беру жүйесінде «құзырет», «құзыреттілік», «құзырлылық» деген сөз жаңадан қолданысқа енді. «Құзыреттілік» білім беру саласында тұлғаның субъектілік тәжірбиесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде енгізіліп отырған ұғым. «Құзыреттілік» латынның «компете» -лайықтымын, «компетекс»-қабілеті деген сөзінен алынған. Педагогикалық ғылымда құзыреттілік-адамның өз білім дағдысын нақты жағдаята тиімді пайдалануының саналы қабілеті деп түсіндіріледі.
Латын тіліндегі «competens» сөзін ғалым К.С.Құдайбергенова: «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез-құлқын, ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады.Олай болса, құзырлылық нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алуы қажет»,-деп жазса (К.С.Құдайбергенова. «Құзырлылық табиғаты – тұлғаның өздік дамуында. А., «Принт-АСС», 7-бет), психология ғылымының кандидаты Б.К.Жұмағалиева құзыреттілікті тұлға бойындағы белгілі бір пән бойынша алған нәтижелі білімнің білім,білік, дағдыларынан көрінуі, ал құзырлылық, осы құзыреттілікті тұлғаның пән бойынша алған білімін өз қажеттігіне сәйкес қолдана, пайдалана білуі деп көрсетеді (Б.К.Жұмағалиева. «Компентностии компетенции: Основные направления концепции12 летнего образования Республики Казахстан» «12 жылдық білім» журналы №2, 2006, 19-бет).
Оқушының құзырлылығын қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсілді білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсілмен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарысты жағдайдан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Құзыреттіліктің өзін білім беру нәтижелері ретінде былайша ажыратуға болады:

Құзыреттілік түрлері


(1-кескін)


Қазіргі мектепте маңызға ие болған құзыреттілік ұстанымы осы білімді кез-келген өмір жағдаятында қолдана алатын адамдарды дайындаудағы қоғам қажеттілігінің көрінісі,демек жалпы орта білім беретін мектеп жағдайында биология пәнінен оқушыға нәтижеге бағытталған білім беруде күтілетін тұлға құзыреттілігін төмендегіше сипаттауға болады:

  • өзінің даралығын сезініп, өзін-өзі дамыта білуі;

  • өзінің қызметін бағалай білуі;

  • түйткіл мәселені шешудің ең тиімді жолдарын таба білуі;

  • өз алдына мақсат қоя білуі және оны жүзеге асыра білуі;

  • өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білуі;

  • өз бетінше алған ақпаратты талдай, таңдай білуі;

  • түрлі өмірлік жағдайларда пайдалы, тиімді шешім қабылдай білуі.

Нәтижеге бағытталған білім беруде ақпараттық құзыреттіліктің алар орны ерекше. М.В.Лебедева мен О.Н.Шилова мұғалiмнiң ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығын «оқу, тұрмыстық, кәсiби мiндеттердi aқпараттық және коммуникациялық технологиялардың көмегiмен шеше бiлу қабiлеттiлiгi» деп анықтайды. Өйткені бүгінде баланы ешнәрсемен таңқалдыруға мүмкін болмай қалды, сондықтан мұғалім оқушылардың қызығуын толық түрде қанағаттандыратындай, өздерінің танымдық белсенділігін мен дербестігін жүзеге асыратындай жағдай туғызуы тиіс. Мұғалім білім беруді ақпараттандыру жағдайында ақпараттық білім негіздерін игерту, ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын өзіндік білім алуға қолдану мен оның мүмкіндіктерін кәсіби қызметтеріне танымдық және дидактикалық құрал ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастыру қажет. Алғашқыда ақпараттық-комуникациялық технология бойынша педагогтардың құзырлылық нормасы техникалық немесе компьютерлік сауаттылықтарды дамытуда электрондық оқу құралдарымен, интернет ресурстарымен немесе қарапайым техникалық құралдармен жұмыс жасау дағдылары қарастырылады. Нәтижесінде ақпаратты қажет кезін сезінуге, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті ақпараттық мәдениетті сауатты адам қалыптасады .
Бүгінгі таңдағы нәжижеге бағытталған білім берудегі проблемалар

  • мұғалімнің шыдамсыздығынан оқушыға ойлануға уақыттың аз берілетіндігі, нәтижесінде мұғалімнің жауапты өзі айтып жайына кету.

  • оқушыға ізденуді қажет етпейтін дайын материалдардың берілуі немесе нақты мақсаттың қойылмауынан дайын интернет ресурстардан материалдардың көшіріле салуы

  • әртүрлі жағдаяттардан шығуды үйрететін логикалық тарсырмалардың аз беріліуі

  • оқушыны бағалау кезіндегі кемшіліктер

  • өзіндік жұмыстардың жүргізілуінің өз дәрежесінде болмауы оқушының пәнге деген қызығушылығының біртіндеп сөнуіне әкеп соғуы

Осы кемшіліктерді болдырмас үшін биология сабағында тың материалдарды оқушыға ұсынуда интертет ресустарды беру кезінде материалды сол күйінше балаға демонстрациялай салмай,балаларға «көрсетілетін бейнефильмнен бүгінгі сабағымызға қатысты не бар екендігін ойға түйіндер және фильм соңында мен сендерге қандай сұрақтар қойуым мүмкін екендігін ойланып отырындар » деген сияқты тапсырмалардан кейін көрсету оқушының танымдық белсенділігін дамыта түседі.Ал электронды микроскоппен жұмыс жасау кезінде тек бақылаушы ролін де ғана қалмай, оны суретке түсіру, сипаттап жазу арқылы зерттеуші роліне ену арқылы келешек шығармашылық жұмыс жүргізуге түткі болуға болады.
Нәтижеге бағытталған білім беруде байқағанымыздай оқушының өзіндік жұмыс жүгізуінің орны ерекше. Тек сабырмен нәтижені күтіңіз,бәлкім шәкіртіңіз сіз ойламаған тың қорытынды жасап сізді таңқалдыратын шығар. Ол үшін оқушының танымдық белсенділігін қалыптастырыңыз. Белсенділіктің ең жоғарғы көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу болып табылады. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру – оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады. Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейінің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу барысында оқушының таным белсенділігін арттыруды олардың өз бетінше танымдық ықылас-ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастыру керек. Қазіргі кезде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда төмендегідей оқыту формаларын аққпараттылық құзыреттілікті дамыту мақсатында ұйымдастыруға болады: жеке оқыту, ұжымдық оқыту (шығармашылық сабақтар семинарлар, конференциялар, олимпиада, экскурссия, іскерлік ойын т.б.) жеке ұжымдық жұмыстар (шығармашылық ой, пәндік апталықтар, ғылыми апталық, жобалар т.б.) арқылы.
Қорыта айтқанда Я.А.Коменскийдің –оқытудың ғылымилығы, тәрбиелігі, көрнекілігі, оқытудағы саналылық пен белсенділік, жүйелілік пен сабақтастық, оқытудың түсініктілігі ұстанымдарын іске асыру арқылы әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет