Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет121/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   679
Әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасы педегог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей.
2. Қазақстан тарихы. Әдістемелік журнал. № 8 2013ж
3. Н. Ә. Назарбаевтың мұғалімдердің II сьезінде сөйлеген сөзінен
4. www.45minut.kz
5. К. Нүрпейісов Алаш hам Алашорда. Алматы. Санат. 1995ж
ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУДА ОЗЫҚ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ


Исаева Г. (Қызылорда)


«Жай ұстаз хабарлайды, жақсы ұстаз түсіндіреді,
керемет ұстаз қалай жасау керектігін көрсетеді,
ал ұлы ұстаз шабыттандырады» У.Уорд

Әлеуметтік саяси реформалардың әлемдік тәжірибесі көрсеткендей, қоғамдық өзгерістер кезіндегі мемлекеттік білім беру саясатында мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетін жетілдіру проблемасы басты орынға ие болады. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі-маңызды мәселелердің бірі. Өйткені, жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімдердің іскерлігін, ізденісін туғызып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашса, оқушылардың білім сапасын арттыруға өз үлесін қосады.


Дәстүрлі оқытудың кемшілік тұстары: бағалауда нақтылық, әділдік, арнайы бағалау талаптарының жоқтығы. Бағаны оқушыларға салыстырмалы түрде қою дағдыға айналған. Мүлде тапсырма орындамайтын оқушыға да тоқсан соңында «үштік» бағасы амал жоқ қойылады. Қазіргі таңдағы оқушылардың білімін бағалаудағы кеңпейілділік, орынсыз жомарттық, бағаны ретсіз көтеріңкі қою білім сапасына кері ықпалын тигізуде. Еріксіз көтеріңкі баға шәкіртті қуантады, қанаттандырады, сонымен бірге оның жұмысқа деген немқұрайлылығын да туғызады. Әсіресе, әділетсіз қойылған баға-ол баланың оқуға деген ықыласын арттыруы да не тіпті оқудан бас тартуға да ықпалын жасауы мүмкін. Оқушыларды бағалаудағы «жомарттықтың» шектен асқан, бүгінгі күнде мектеп тәжірибесінен арылуы қиындық тудырып отырған формасы-процент қуу.
Ал білім сапасын арттыру, болашақ ұрпаққа мемелекеттік стандарт деңгейінде білім беру-ұстаздардың негізгі міндеттерінің бірі. Білім берудің сапалы болуы оқушылардың мүмкіндігінің деңгейіне ғана емес, олардың білім алуға деген қызығушылығын қалыптастыруға да байланысты. Сондықтан оқушының білімге деген қызығушылын жоғарылату-оның жеке тұлғалық қажеттілігі мен қызығушылығын білу және осы ерекшеліктерге сай жағдай мен мүмкіндік туғыза білуде. Осы мақсатта Ж.А.Қараевтың «деңгейлеп саралап оқыту» әдісін математика сабағында қолданып отырамын. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз-балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше, оқушылардың біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған жұмыстар беру арқылы дамыту. Деңгейлік тапсырмалар бойынша оқушылар өзі-өзі таниды, сезінеді, оқушылардың қабілеті, ақылы, біліктілігі, сөздік қоры жетіледі. Сондықтан оқушылар өз бетімен жұмыс істеп, білімін тереңдету үшін оларды іздендіру керек. 1-деңлейлік тапсырмалар білімнің ең төменгі шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес, бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болады. 2-деңгейлік тапсырмалар түрленіп, күрделене түседі. Оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге тапсырмалар беріледі. 3-деңгейлік тапсырмалар оқушылардың логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен ерекшеленеді. 4-деңгейлік тапсырмалар дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады. Деңгейлік тапсырмалар сабақтың мазмұны мен сапасы артады, оқушы өз қызметін талдау жасайды, қорытынды шығарады, өз-өзіне баға береді, жаңалыққа ұмтылады.
Психологтардың айтуынша «бала жұмыстың көптігінен емес, көңілсіздігінен шаршайды». Ал көңілсіздік бірсарынды қайталаудан шығады. Сондықтан сабақты түрлендіре отырып, деңгейлік тапсырмалар берілсе, зерігу мен өз күшіне сенбеушілік жоғалады.
Мысалы, 5-сыныпта «Санды және әріпті өрнектер» тақырыбын өткенде ұйымдастыру кезеңінде оқушылар зейінін шоғырландыру мақсатында «Кестеде не қалып кетті?», «Ойлан, тап» деген сипатта ұжымдық не топтық тапсырмалар беруге болады. Үй тапсырмасын барлық оқушыдан тексеріп үлгеру-әр оқушының жауапкершілігін арттыратын міндет. Сондықтан өзара тексеру, арнайы бекітілген оқушылар арқылы тексеру нәтижесінде қанша оқушының тапсырманы орындамаай келгенін ғана емес, неліктен орындамаай келгенін де білуге болады. Түсінбеген ортақ кемшіліктер тақтада не ауызша талданады. Осы уақыт арасында оқушылар бос отырып қалмас үшін тақтаға жаңа тақырыптан бірнеше өрнек жазып қойып, айырмашылығын тауып отыруға тапсырма беріледі. Үй тапсырмасын жылдам тексеру үшін сәйкестік тесті т.б. тәсілдерді қолдануға болады. Сонан соң «Топқа қалай бөлдің? Неге сүйендің? Әр топты қалай атар едің?» деген сұрақтар арқылы жаңа сабақтың мазмұнын ашуға болады. Білімді бекіту, пысықтау мақсатында оқулықтан деңгейлік тапсырмалар орындалады. Ал шығармашылық кезеңінде мәтіндік есеп құрастыру бағытында бәріне ортақ деңгейлік тапсырмалар беріледі. Есепті дұрыс шығарып, мазмұнды есеп құрастырғандар, жалпы сынып еңбегі бағаланады. Үйге тапсырма беруде барлық оқушыға оқулықтан ортақ тапсырма беріледі, екінші жеке оқушыларға қабілеттеріне қарай деңгейлік тапсырмалар беріледі, үшінші құрастыру бағытында деңгейлік тапсырмалар беріледі және танымдық қабілеттері мен логикалық ойлауын дамытуға арналған тапсырмалар оқулықтан не қосымша кітапшалардан оқушылардың қалауына орай тапсырылады.
Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелілік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Математикаға арналған электрондық оқулықтар оқушылардың қызығушылығын туғызып, оларды білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмысын жүргізуге үлкен пайдасын тигізіп отыр. Онда әр жаңа тақырып түсіндірілген соң, есепті шығару үлгісі, тапсырмалар, тест нұсқалары беріліп отырады.Ал тест жұмысын әрбір оқушы жеке орындап, дұрыс, дұрыс еместігіне «тексеру» тетігі арқылы көз жеткізе алады және интерактивті тақтада тор көзде есеп шығару төменгі сыныптың қызығушылығын оятып, сабаққа белсене қатысуына ықпалын тигізеді. Сонымен бірге әлем кітапханаларымен байланыс жасауға зор мүмкіндік жасалған.
Оқушыларды зерттеу, бақылау барысында оқушылардың математика сабағына қызығушылығын туғызу үшін және бұл ғылымды меңгерту үшін үш шарт орындалу қажеттігін ұғындым:
1.Оқушы бұл ғылымның қажеттілігін түсіну керек. Ол үшін пәнді өмірмен байланыстыра отырып жүргізу қажет, яғни тұрмыстық мәтіндік есептер құрастыру, оны практикамен ұштастырып отыру керек.
2.Оқушының бұл ғылым жайлы фундаменті қаланбаса, оқушының қызығушылығы жойылып, пәнге немқұрайлылықпен қарайды. Мұндай жағдайда деңгейлік тапсырмаларды ойын ретінде бере отырып, олардың өзіне деген сенімін туғызу қажет, яғни «сен де жасай аласың немесе сенің де қолыңнан келеді» дей отырып, оны сабаққа тарту керек.
3.Негізгі сынып оқушылары білімнің қажеттілігін сезініп емес, бір-бірімен бәсеке ретінде не үздік оқушы болу үшін, ал сирек жағдайда қызығушылықпен оқиды. Сондықтан бұл сыныптарда математика пәнін өту барысында ойын элементтерін пайдалану арқылы, логикалық сұрақтарды енгізу арқылы, жарыс сабақтар ұйымдастыру барысында оқушылардың жүйелі ойлай алу негіздерін дамытуға болады. ҰБТ-де де қазір логикалық сұрақтар көптеп қамтылуда.
Оқу арқылы ақпараттың 10%-і, тыңдау арқылы 20%-і, егер тыңдау көрнекі құралмен ұштастырылса 40-50%-і, оқыту прцесінде оқушы белсенділігін арттыратын мүмкіндіктер жасалса, білімнің 70%-і есте сақталады. Нағыз өмір шындығымен ұштастырылған ақпараттың бала ойында қалу дәрежесі 90%. «Маған айтсаң ұмытып қаламын, көрсетсең есімде қалар, ал істеуін көрсетіп берші, үйреніп аламын» деген шығыс даналығы. Сонымен бірге көпшілігіміз мойындай бермейтін мынадай да ақиқат бар «Егер мұғалім өз пәніне шын ықыласымен берілсе, онда бүкіл сыныпта бұл пәнге ынтасымен берілетін болады. Егер де пән сізді қызықтырмаса және оны терең білмесеңіз, онда сабақ беруден бас тарту керек. Себебі, сіз ешқашанда сабақты жақсы бере алмайтын боласыз» (Д.Пойа).
Қорыта келгенде, қазақта «жылжымаған су сасиды, ойланбаған ми сасиды» деген мақал бар. Оған қоса ұстаз туралы бір қанатты сөз «шәкіртін ойлауға үйреткені-жарқырап, жайнауға үйреткені» десе, атақты орыс педагогі В.А.Сухомлинский «баланы алдымен ойлауға, сосын оқуға, тек содан соң ғана басқасына үйрету керек» деген. Брехт айтқандай «өркениеттің негізгі мақсаты-ойлауға үйрету» дегендей әрбір пән, әрбір сабақты барлық оқушы беймәлім дүниеге тереңдей еніп, тапсырма, құбылысты салыстыра, талдай отырып, жорамал, тұжырым жасау арқылы ортақ ережені, негізді өз бетімен байқап, ойлап табуы тиіс. Тек сонда ғана сапалы білім алу мүмкін болып, жан-жақты даму жүзеге асады. Фарабидің сөзімен айтсақ, «білімді болу-белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу» деген сөз. Ендеше, жай ұстаз шындықты тек қайталап, ал жақсы ұстаз оны іздеп табуға үйрететіндігін ұмытпайық. «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» (Н.Ә.Назарбаев)
Барлық үйдің мектеп неге сұлуы,
Барлығынан неліктен ол жылуы.
Бөбектерді мәпелейді ол неге,
Қадірлейді халық не үшін бұл үйді,-деп жырлауға лайық мектеп тұрғыза алсақ, ұрпақ алдындағы заман талабына сай міндеттерімізді атқарғанымыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет