Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР



бет204/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   679
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР


Алдабергенова М. К. (Ақтөбе)

Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы болатын ұстаз қолында. Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр» - деген. Ендеше білім беруде мұғалім білігі мен білімі өте жоғары ұлағатты тұлға болуы міндетті. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай жоғары талаптар қоймайды.Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, онымен шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған. Себебі еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін, нағыз өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу- біздің басты парызымыз.Мектепті басқару, сапалы білім беруде нәтижеге жету үшін әрбір атқарылар істің жан-жақты ойластырылған, нақтыланған, үйлестірілген, стратегиялық жаңа жұмыс жоспары жасалуы тиіс екендігі белгілі. Басты мәселелерді айқындау, білім беру ісін жоспарлау, келешекті болжау, жұмысты ғылыми тұрғыда ұйымдастыру қажет.Жас жеткіншектерді тәрбиелеуде, білім беруде алдына қойған басты мақсат- білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын арттыру, өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.Қазір еліміз өркендесін, өссін деген саналы адамның ойында алдымен Елбасының елу елдін қатарына қосылуы туралы зор мақсаты тұру керек.


Қазір мемлекетіміздің басшысы ғылымды да, білімді де осы мақсат жолына бағыштап отыр. Президент Жолдауындағы білім алдына қойылған міндеттер өте маңызды. Егер біз жоспарлар мен іс-әрекеттерімізде жүйелік пен іскерлікке жетсек, онда бұл міндеттерді орындау әбден мүмкін.Қазіргі кезде білім стандарты жасалынып, жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау оқушының «Мен» менталитетін қалыптастыру, оларды өзін-өзі таныту үшін еңбектену оқытушылар қауымына үлкен мақсаттар жүктеді.Қазіргі инновациялық технология туралы айтатын болсақ, технология грек сөзінен, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді.Оқытушыдағы басты мақсат – алдындағы оқушыларға таза білімінің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету. Тұлғаның өзіндік дамуы өз білімі үшін өз жауапкершілігін көтеру оның «көптің бірі» немесе «көптің ең жақсысы» болуымен емес, өз тұлғасының мәнділігін, құндылығымен маңызды болып саналады. Қазіргі педагогика, психология ғылымдарының басты ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын негіздеу. Білім философиясының негізі оқушы денсаулығын сақтай отырып, тұлғалыққа бағытталған танымдық көзқарас қызметін ұйымдастыру арқылы оқытуды жүзеге асыру. Тұлғаға бағытталған көзқарасты ұйымдастыруда оқытушы қызметінің негізгі мақсаты: бала бойындағы табиғи қабілеттерін дамытудың сапасын арттыра отырып, жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру. Ол жаңа инновациялық үрдісті кеңінен пайдалана отырып, жеке тұлға бойындағы мүмкіндікті ашу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияларды пайдалану, ғылыми зерттеулерді басшылыққа алу. Жаңа технологияларды жетілдіру әр түрлі жағдайларда пайдалана беруді талап етеді. Бүгінгі таңда педагогикалық оқыту технологияларын дұрыс пайдалана білу – үлкен қажеттілік. Соңғы жылдары оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру және басқару қызметін ашатын педагогикалық технология, оқыту технологиясы және оқу үрдісін технологияландыру терминдері даму үстінде.Педагогикалық технология жүйе жобасы ретінде білімге қатысты объектілерді, үрдістерді және олардың өзара әрекет ету жағдайларын ажыратады, ал кең мағынада бүкіл білім беру жүйесінің тұжырымдамасын білдіреді.Оқу үрдісін технологияландыру – оқушы мен оның оқу қызметін басты назарда ұстап отырып, бірізділікпен айқын белгіленген мақсаттарға бағытталуы. Оқыту технологиясы – бұл оқушылардың өнімді қызметін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін оқыту жағдайларына, нысандарына, әдістеріне, тәсілдеріне, құралдарына басымдық береді.
Педагогикалық технология – білім беру жүйесіне қатысты субъект, объектілер арасындағы байланыс, оқу үрдісін технологияландыру ұғымы негізінде субъектілердің дамуын сипаттайтын мақсаттар айқындалады, ал оқыту технологиясы барысында білім беру жүйесінде айқындалған субъектілер арасындағы қарым-қатынас. Сонымен үш ұғым арасындағы байланыстың әдіснамалық үлгісін жобалау, олардың әрқайсысының дидактикалық үрдістегі алатын орны ерекше. Оқыту технологиясы мұғалімдердің эмпирикалық – инновацияларын ескере отырып, оқыту үрдісін, дұрыс ұтымды басқаруды қарастырады. Оған өзара бір-бірімен байланысты екі үрдіс енеді: білім алушының іс-әрекетін ұйымдастыру және оқушы тұлғасын дамытудағы жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді бақылау. Бұл үрдістер өзара үздіксіз әрекетте болады. Осындай нәтижеге бағытталған білім белгілі бір жемісін беретіндігі анық. Оқытушы нәтижесі – білім берген шәкіртінің өмірден бүгінгі күн талабына сай орын табуы мен алған білімін өмірде пайдалана білу. Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Жастардың ақыл-ой әлеуметін барынша дамыту үшін білім беру жүйесін тиімді құра білген ұлттың еңсесі биік, абыройы жоғары болмақ. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің реформалаудың бастапқы кезеңі аяқталды. Бүгінгі күні білім беру саласының тиісті заңды базасы жасалды. Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» жолдауында: «оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет... ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» дегені мәлім. Елбасының осы алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар - әрине, жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы білім мен салауатты тәрбие беру қажет. Ол, Мағжан айтқандай, мектеп пен ұстаздарға байланысты.
Еліміздің дамуының алғы шарты білім дедік, яғни «Үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ?» деген сұрақ туындайды. Жауапкершіліктің биігінен көрінуі де жас ұрпаққа берілетін білім сапасын мейілінше арттыруды қажет етеді. Ал, білім сапасын арттыру, оның деңгейін әлемдік білім кеңістігіндегі стандарттарға сай келтіру түптеп келгенде, мұғалімге, оның кәсіби құзырлығына, әдістемелік біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты. Жас ұрпаққа жоғары сапалы білім беру ісін тек қана көп мәдениетті, шығармашыл, жаңашыл, инновациялық тұрғыда ойлап, қызмет жасай білетін құзіретті ұстаз ғана мүлтіксіз атқара алады. Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама –қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды. Құзіреттілік тәсіл идеясы – «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады» деген сұраққа жауап береді. Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен Қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Өз бетімен және өмір бойы білім алу – педагогтың кәсіптік шеберлігін көтерудің бірден бір жолы. Мұғалімнің басты рөлі – тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етеді. Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі - белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Ескі мазмұнды ығыстыра отырып,елімізде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Әлемнің оқыту технологиялары жоғары дамыған елдерінің (Жапония, Германия, Голландия) тәжірибесіне назар аударсақ,түпкі мақсаты-баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни, бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы емес,жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. Осы мақсатқа орай, бүгінгі педагогика ғылымында жаңа оқыту технологиялары: дидактикалық біліктерді шоғырландыру, ізгілікті-тұлғалық бағдарламалар, дамыта оқыту, мәселелік, тірек сигналдары арқылы, деңгейлеп саралап оқыту, өздігінен ізденіп даму, оқытудың компьютерлік, модульдік технологияларды ғылыми тұрғыда дәлелдеп, баламен бірге жұмыс жүргізіп жүзеге асырушы мұғалім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет