Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


ТАРИХ ПӘНІН БЕРУДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ



бет272/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   679
ТАРИХ ПӘНІН БЕРУДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ


Жұмагелдиев Н. С. (Ақтөбе)

Қазіргі қоғамда өзекті мәселелердің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларға өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру.


Бүгінгі тарихты оқытудағы басты мақсат дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны жоғары екендігін, ол жасаған бүкіл әлемдік құндылықтарды білетін, оларды өз Отаны – Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан-жақты жетілген, өзінің тарихы тамырларын, қоғамдағы орнын түсінетін белсенді азаматарды қалыптастыру. Бүгінгі заман талабын орындауда өзге пәндердің ішінде Қазақстан тарихы пәнінің алар орны ерекше деп айтуға болады. Себебі, өз тарихын, шежіресін біліп өскен баланың туған еліне деген махаббаты сарқылмайды.
Осыған орай өзім сабақ беретін 5-11 сыныптарда осыған сәйкес өз тобымда ұйымдастырылған іс – әрекетті Америкалық парламенттік форма(АПФ) жүйесіне икемделген «Пікірсайыс технологиясы», Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту технологиясы», В.Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы», Ж. Қараевтың «Деңгейлеп оқыту технологиясы», М.М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» т.б. технологияларының элементтерінің жиынтығы оқытудың интерактивті оқыту технологиясының әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыруға ықпал жасаймын. Ең алдымен әрбір сабақтың өтуіне мұғалім үшін әдістемелік көмек технологиялық карта жасаймын.
Қазіргі нарықтық экономика шарттарында жастарда бәсекелестікке қабілеттілігін дамыту мақсатымен қоғамдық – тарихи сабақтарын жүрізу барысында пікірсайыс технологиясын қолдану қажет. Жаңаша оқытудың коммуникативті пікір алмасу түрі оқушының жетекшілік позициясын нығайтып, сыныпта ашық өзара қатынастарды қамтамасыз етіп, бірлесіп алуда жауапты іс-әрекет жасауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кегдегі негізгі мәселе мынада, оқушылар Қазақстан тарихы пәнін «зеріктірерлік», «қызықсыз», бытысқан» деп санайды. 2012 жылы «Алтын белгі» медалін алуға үміткерлердің талайы нақ осы отандық тарих жөніндегі «өкінішті» сұрақтардан «омақасқаны» көп жайды аңғартады» деген еді. Бұл нақты дәлелдер — негізінде ең алдымен, тарихшылар тарапына айтылған өте әділ және ауыр сын. Енді осыдан қорытынды шығарып, кемшілікті жою жолдары:
Ең алдымен тарихи білімді қалайша ескірген оқу-әдістемелік жүйеден бүгінгі уақыт талабына сай өзгертуге болады? Ол үшін ең алдымен жоғары оқу орындарындағы тарихи білім жүйесін түбегейлі өзгерту қажет. Онсыз Елбасының сынында айтылып жүрген мәселелерді шеше қою қиын. Жоғары тарихи білімнен бастау керектігін бекер айтып отырған жоқпын. Жалпы білім беретін орта мектептердегі білім мазмұнына өзгеріс жасау үшін алдымен олары білетін, түсінетін маман даярлап алуымыз қажет. Ал ондай мамандар ЖОО-да дайындалатыны белгілі. Ал бізге бүгінгі таңда белгілі болған феноменология, этнометодология сияқты жаңа методологиялық бағыттарды, тіптен функционализм, позитивизм сияқты дәстүрлі методологиялық бағыттарды да негізге ала отырып зерттеу және жазу әлі де болса қолға алынбай келеді. Бұлармен қатар өркениеттілік, экономикалық детерменизм, бихевиоризм, транзитология және т.б. макротеориялар да көп жағдайда ескеріле бермейді. Тарихты оқыту мазмұны мен пішінін өзгерту барысында осыларды ескерген дұрыс. Бұл — бір.
Екіншіден, жалпы білім беретін орта мектептерге арналған тарих пәндеріне бөлінген сағат сандары әртүрлі себептермен кеңестік кезеңдегімен салыстырғанда біршама қысқартылып кеткен еді. Еліміздің бірінші Президенті оқу-тәрбие үдерісіндегі тарихи білімнің маңызын, жеке тұлғаны, азамат пен патриотты қалыптастырудағы орнын ерекше көрсетіп отырған бүгінгі күнде осы мәселе көлемінде ойланып, мүмкіндігінше оқу жоспарларындағы сағат санын көбейте түскен жөн. Бүгінгі таңда бір оқу жылында тарихтан сабақ беруге 6 және 11-сыныптарда 102-ақ сағат бөлінген. Оның 34 сағаты «Дүниежүзі тарихын», ал 68 сағаты «Қазақстан тарихын» оқытуға арналған. Ал осыған дейін 7-9-сыныптарда бұл екі пәнге 51 сағаттан бөлінген болатын, осы жылдан бастан 102 бөлінгенімен, дүние жүзі тарихынан сағат жетіспеушілігі байқалады. Бұл жағдай тарихты, әсіресе, Дүние жүзі тарихын дұрыс түсіндіріп оқытуға, оның Президенті көрсеткен тәрбиелік және танымдық міндеттерін орындауына мүмкіндік бермейді.Оқушылардың ҰБТ-ден тапсырылатын Дүние жүзі тарихын бір оқу жылында аптасында екі сағат оқытуға мүмкіндік беретіндей 68 сағатқа дейін көбейту қажет. Өйткені бүкіл әлем тарихын жетісіне бір сағатқа сыйдырып, меңгерту қыйынға соқтырары анық.
Үшіншіден, президенттік тапсырманы орындауды тарихтан білім берудің барлық, яғни орта мектептен бастап ЖОО-ға дейінгі сатыларында білім стандарттарын өзгертуден бастаған дұрыс. Өйткені білім мазмұнының негізгі тірегі осы стандарттар болып саналады. Сол стандарттарға негізделіп бағдарламалар, оқу жоспарлары жасалады, оқулықтар мен оқу құралдары жазылады. Тарих пәндерінің білім стандарттарын жасау барысында жоғарыда аталған дәстүрлі және жаңа методологиялық бағыттар мен методологиялық плюрализм ескерілуі қажет. Сонда ғана тарих «зеріктіретін», «қызықсыз», «бытысқан» түрінен арыла бастайды.
Сөзімнің соңында бүгінгі күнде әр мұғалім өзі оқытатан пәні бойынша ғылыми негіздерінің берілетін білімді жалаң баяндаумен шектемей, әр сабақты оқушы ойын баурап, болмыс, оқиға, тарихи өзгерістерге саналы қарайтындай, құбылыс сырын өз басынан кешкендей етіп дәрежеде өткізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет