Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


Осындай оқулықтар және де басқа программалар мұғалімге нендей көмек береді?



бет275/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   679
Осындай оқулықтар және де басқа программалар мұғалімге нендей көмек береді?
Атап айтатын болсақ, 1. Жаңа материалдар берген кезде компьютерде оларды динамикалық иллюстрациялармен, компьютерлік модельдермен, мәтіндік және бейнелік фрагменттермен сүйемелдей отырып, түсінікті етуге болады.
Компьютерлік модельдер материалдарды қозғалыстармен толықтырып,табиғи экспериментте көрсетуге болмайтын элементтерге көңіл бөлуді жүзеге асырады, оларды суреттер арқылы түсіндіру өте қиын. Компьютерлік модельдердің интерактивтілігі оқыту процесіне бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктер береді.
2. Көрсетілетін экспериментте компьютер керекті қондырғының бөлігі ретінде немесе бүкіл сыныпқа тек микроскоп тәрізді құралдармен ғана көрсетуге болатын құбылыстарды бейнелейтін құрылғы ретінде пайдаланылады.
3. Есептер шығару кезінде компьютер олардың мәтіндерімен көрсетіп, жалпы есеп шығару жолын автоматтандыратын құрал ретінде қолданылады.
4. Лабораториялық жұмыс жүргізгенде компьютер бірден екі түрлі қызмет атқара алады. Олардың біріншісі-арнайы программа арқылы немесе Microsoft Office құрамындағы тәрізді электрондық кесте көмегімен тәжірибелер нәтижесін жылдам өңдеу. Екіншісі-компьютерлік лабораториялық жұмыстар жүргізу, мұндай жұмыстар жоғарыда айтылған программалардың екеуінің құрамында көптеп кездеседі.
5. Компьютерді білім сапасын тексеру мақсатында қолдану кешегі механикалық және электрлік «бақылау машиналарынан» бастау алып, олар қазіргі кездегі компьютерлік программаларға жалғасып, оқу материалдарын игеру деңгейін тексеріп, нақты тақырыптарды толық қамтып отырады.
Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана алу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы,интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Еліміздегі саяси,әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай білім беруді ақпараттандыру бағытында мектебімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда. Осы сала төңірегінде «Білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар», «Информатика пәнін оқытудағы инновациялық технологиялар», «Qbasic, Pascal программалау тілдері», «12 жылдық білім беру барысында информатика пәнін оқыту әдістемесі», «Білім беру саласындағы ақпараттық мәдениет негіздері» т.б. да тақырыптар бойынша білім жетілдіру курстары ұйымдастырылды.
ХХІ ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады.Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Ал, теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз. Олай болса бізге де компьютерді тек құжат-қағаздарға немесе ойынға арналған деген ойдан аулақ болған жөн. Яғни, жаңа дәуірдің жаңа технологиясын жатырқамай, ғажайыптарға толы, сырлы дүниені әрбір оқушы білім мен ғылымның асқар биігіне шығара білуіне, келешектің кемелдігін танытар «компьютер» екендігін айқындау.
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық-психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегенді. Ақпараттандыру және бұқаралық телекоммуникацияларды ғаламдастыру кезеңінде қазіргі қоғам ақпаратты нақты тұтынушының ұсыныстары мен қызығуына сай ақпарат ағынын қалыптастыруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық жағынан шектеусіз қол жеткізеді, сондай-ақ кез-келген қашықтықтағы ақпарат көзіне,оның ішінде оқу ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік ақпараттық орта жағдайында ақпараттық қоғамдық өнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатталады. Бұл өскелең ұрпақты ақпараттық қоғаммен зиялы қарым –қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.
Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолдануының деңгейі оның материалдық базасының дамуымен қатар емес,негізінен қоғамды парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады.
Қазір бүкіл дүние жүзі біртұтас денеге айналып – ғаламдасу құбылысы жүріп жатқанда, әртүрлі байланыс жүйелері сол дененің нерв,қан тамырларының рөліне айналған мына заманда интернеттік жүйені меңгермеген ел ерте ме, кешпе дүние жүзінен келетін байланыс нәрін жоғалта бастайды. Сондықтан білім беруді ақпараттандырудың тағы бір басты бағыттарының бірі оқушылардың интернетжүйесінде жұмыс істей білуіне жағдай жасау.
Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабарлар болып, оны игеруге шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ. Интернетті пайдалану арқылы оқушылар өздеріне керекті мәліметтер алу арқылы білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз. Заман ағымына қарай, күнделікті сабаққа видео,аудио, қондырғылар мен теледидарды,компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі- оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың,қай ұлттың болсын толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда- мектеп. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және онда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз.
Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе, компьютерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.
Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен экономикалық қолдау көрсетіліп,оны оқыту,үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет