Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі


Оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалауды



бет367/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   679
Оқу үшін бағалау мен оқытуды бағалауды әр сабақ барысында жүзеге асыруға тырыстым. Өзара екі топ арасында «Джигсо» әдісін қолдану тиімді болды. АКТ-ні тиімді қолдану сабақ нәтижелілігіне ықпал ететінін түсіндім. Балалар интерактивті тақтада еркін жұмыс жасай алды. Көбіне бейнетаспалар көрсету үшін, психологиялық тренингтер өкізу үшін, өзіндік бағалауды жүзеге асыру үшін, ассоциация құру үшін, жоба қорғау үшін ұтымды пайдаланып тұрдым. «Сиқырлы сөздер», «айналмалы бекет», «алты қалпақ», «сатып алу» осы тәсілдерді тапсырмалармен ұштастыра отырып, олрдың жан жақтылығын бақылап отырдым. Балалар интерактивті тақтада еркін жұмыс жасай алды. Өзім, топтың құрылуын әртүрлі тәсіл арқылы бөліп, әр сабақта алмастырып отыру арқылы барлық оқушының диалогқа қатысуын басты назарда ұстауды үйрендім. Көбіне слайд түрінде жаңа сабақты, жұмыс түрлерін, карталар мен тірек сызбаларды көрнекі көрсету үшін, психологиялық тренингтер өкізу үшін, өзіндік бағалауды жүзеге асыру үшін, ассоциация құру үшін, жоба қорғау үшін ұтымды пайдаландым. Сабақта әрдайым оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып тапсырма үлгілерін ұсындым, талдау барысында да балалардың психологиялық ерекшеліктерін назарда ұстадым. Бір-біріне құрметпен қарау керектігін бойларына сіңірді. Сонымен қатар, формативті бағалауды үйренді. Әрбір сабақта оқушыларға білімдерін өзін – өзі бағалау әдісі бойынша бағалату арқылы оқушылардың өздерінің жетістіктері мен кемшіліктеріне талдау жасай алу қабілеттерін дамыттым және де сабақты рефлексия бөлімімен қорытындылап отырдым, яғни оқушылардың әрбір сабақтан алған әсерлерін, не үйренгендігін үнемі назарда ұстау арқылы оқушылардың өзін – өзі реттеуін қалыптастырдым.
Тәжірибеме талантты және дарынды балаларға білім беру әдісін енгізуді жөн көрдім, теориясымен танысып, білімімді толықтырып, жетілдірдім де, мектептегі тәжірибе кезінде енгіздім, нәтижесін көрдім. «Адам жүрген жермен жүреді, біреу білмегенді біреу біледі» , дегендей алдағы уақытта көп тәсіл ойлап, өз сабағыма тиімді падалансам екен деп мақсат қойдым. Мен оқушылардың бір бірімен қалай тіл табысу керектігін көп жағдайда біле берейтіндігімізді білуіміз біз меңгерген негізгі сабақтардың бірі деп санаймын. Оларды үйретуіміз қажет. Тіпті үлгерімі төмен оқушылардың өзін үйретсеңіз, орындап шығады.
Сөзімнің түйіндесем, адамгершілікке арналған үш сауал бар: шөлге құдық қазған бір сауап, өзенге көпір салған бір сауап, жолға ағаш екен бір сауап, мен айтар едім оқушыны білімді қылсаң бір сауап деп.
Болашақта төмендегі жоспар бойынша жұмыс жасаймын.
оқушылардың бойындағы жетістік пен ынта-жігерді, ерекшеліктерді жойып алмау мақсатында одан ары ізденемін;

  • әрбір оқушылардың сыни ойлауына жағдай туғызамын;

  • оқушыларға әр сабақтың кезеңдеріндегі қойылатын сұрақтардың мәртебелі деңгейде болуын алдын-ала анықтап, оқушылардың дамуына ықпал етемін;

  • оқушылардың шығармашыл қабілетіне, бағдар беремін;

  • оқушылардың идеясымен бөлісе отырып, оларды жауапкершілікке үйретемін;

  • жұмыс түрлері мен әдіс-тәсілдердін түрлендіріп орынды,тиімді пайдалану жолдарын зерттеймін.

  • Қоғамға әлеуметтік сыртқы факторларын көрсетпеуіне баулимын.

Олай болса,
Әдебиеттер
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші негізгі деңгей)
2. www.cpm.kz
3. Мақал мәтел оқулықтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет