Оқытудағы инновациялық технология – білім берудің жаңа сапасымен қамтамасыз етудің кепілі



бет37/679
Дата05.02.2022
өлшемі27,72 Mb.
#5259
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   679
Білім беру ортасын қалыптастыру оқушы тұлғасын дамытуға арналған жағдайларды жасау бойынша жүйелі тізбектелген шаралардың орындалуын білдіреді. Сондықтан, ең алдымен білім ортасын қалыптастыру оқушының тұлғалық өрісінің дүниетанымдық көзқарасын және құндылыққа- бағдарлануын кеңейтетін тұлғалық-бағдарланған мақсатты көздейді.
Білім беру ортасын қалыптастыру үшін оқушы мінез-құлқының ішкі тәжірибесін тәртіптің жаңа үлгілерімен байыту қажет, яғни оқушылардың әлеуметтік толысуын арттыру, шешім қабылдау шеңберін дамыту, қоғам өміріне белсенді қатысуды ынталандыру керек.
Ортаны қалыптастыру процесі шеңберіндегі мектеп әкімшілігінің қызметі- бұл мектептегі білім беру кеңістігін қандай да бір қалаған модельге сәйкестендіру процесі. Мектептің осындай үлгідегі бейнесі, оның қалыптасуы мектептің өзгерістерге жалпы даярлығымен, ұстаздардың әлеуметтік ұшқырлығымен,мектеп әкімшілігінің алдағыны болжауымен анықталады. Модельдер түрлері әртүрлі болатындықтан, оны немесе басқа үлгіні жүзеге асыратын шаралардың әмбебап жүйесін ұсыну аса күрделі. Қойылған міндет мектептің әлеуметтік кеңістігіндегі барлық субъектілерді қамтитындықтан, мынадай елеулі ұйымдастырушылық кезеңдерді анықтуға болады:
- мектептегі жағдайды зерттеу және талдау;
- жүйедегі жағымсыз элементтерді табу және оны мәнді мәселе ретінде көтеру;
- мектептегі жағдайды өзгертуге арналған мүмкіндіктерді анықтау;
- педагогикалық кадрларды оқыту, яғни қормен қамтамасыз ету;
- қарым-қатынастардың жаңа жүйесі элементтерін тәжірибеден өткізу;
- алдағы нәтижелерді талдау;
- алдын ала талдау негізінде жаңа ортаны қалыптастыру;
- болып жатқан өзгерістер мониторингісі;
- жалпы қызмет нәтижелерін талдау;
- алынған нәтижені қалаулы модель үлгісімен салыстыру.
Білім беру ортасын қалыптастыру түбегейлі басқа педагогикалық көзқарастар ұсынады. Мұғалім- оқушылар санасында өзгерістер енгізетін білім технологияларын тасымалдаушы деп саналған. Орта дара тұлғаны қалыптастыруды көздейтіндіктен, дәстүрлі педагогикалық көзқарас өзгерістерге ұшырайды. Мұғалімнің білім, білік және дағдыны қалыптастыратын функциясы оларды қалыптастыратын және дамытатын ортаны ұйымдастырумен алмасады.
Білім беру сапасының критериі сыртқы және ішкі талаптармен анықталады. Сыртқы талаптарға ең алдымен оқу бағдарламаларын қоғамдық және мемлекеттік аккредиттеу көрсеткіштерінің ақпараттық жүйесі болып табылады. Білім беру қызметі сапасын бағалаудың ішкі критериін құраушыларға мыналар жатады: білім беру бағдарламаларының сапасы; оқу процесін жобалау және оның технологиялары; жаңа инновациялық білім технологияларын дайындау және оларды ендіру.
Сапалы білім алу ортасында бала оқу материалын игеруді бастамас бұрын оны меңгеру сапасы туралы алдын ала ойластыру қажет. Ол үшін баланың танымдық қабілеттілігін барынша максималды түрде дамыту қажет.
Білім сапасының диагностикасы оқу материалының меңгеру деңгейін анықтайды. Қазіргі білім берумен қанағаттанбау-бүкіл әлемді қаусыра бастаған жалпыға бірдей құбылыс.Білім беру үрдісі жеке тұлғаға бағытталмаған болса, әр баланың дамуы үшін жағдайлар жасалмаса, сапалы болуы мүмкін емес.
«Пән мұғалімі ретінде оқушыларымның білім сапасын көтеру үшін не істеуім керек?Оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін қолданып жүрмін бе? Бұл білім сапасының жоғарылауына әкеледі ме?» деген сұрақтарға әрбіреуіміз ойланған шығармыз.
Кипплинг: «Білім беру- жер бетіндегі ең жақсы игілік, егер оның сапасы жоғары болса, кері жағдайда ол мүлдем пайдасыз,-» деп жазған.
Білім сапасы- оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтайды. Оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөлуге болады:
1. оқушылық
2. алгоритмдік
3. эвристикалық
4. шығармашылық
Аталған бағыттар мен мәселелер оқу үрдісін құрастыру мен белсендірудің жолдарын іздестіруді тудырады.
Сонымен қатар, Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың 30 – шы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті жәнеэлектрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желіні, электрондық және телекоммунациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Күтілетін нәтижені қорытынды мақсатқа бағыт пен ағымды міндеттер анықтайды:

  1. білім беру мен тәрбиелеудің жоғары деңгейі;

  2. білім алу үрдісіне жағымды мотивацияны тудыру;

  3. әлеуметтік икемделуге бейімділігі;

  4. білім мен құндылықтарды иемденуге қызығушылық білдіру.

Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің және демократиялық, нарықтық экономикасы бар құқықтық қоғамды құрудың күрделі үрдісін басынан кешіруде. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтің халыққа жолдауында елдің 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдылықтары анықталған. Онда айтылғандай, алдағы ғасырға экономикалық және әлеуметтік өрлеудегі басты фактор «адамдардың өздері, олардың еріктері, күш-қуаты, табандылығы және білімдері» болып табылады.
Қойылған міндеттерді шешу үшін республиканың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және дарынды балалармен жастардың дамуы үшін өркениетті жағдайлар жасау қажет.
Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарайғы дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті. Әрбір қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда дарынды баланы дамыту мен анықтаудың қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында шығармашылық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының қабілеттілік жақтарына терең үңіле бермейміз.
Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен бір дағдарыс кезеңдерін көруге болады. Мұның мәні – оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі емес немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын творчестволық адамға айналдыру.Балаларда әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті (шығармашылық қабілетті), дарынды ұрпақты тәрбиелеп оқыту, психология- педагогикалық маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз.
Сонымен,ел алдында тұрған білім сапасын жоғарылату мәселесі білім ортасын қалыптастыру және қызметін жүйелеу, оқыту үрдісінде оқытушылық, эвристикалық, шығармашылық,алгоритмдік бағыттарды жаңа педагогикалық технологиялармен ықпалдастыра іске асыру және әр баланың қабілетіне қарай интеллектуальдық дамуы жеке адамның дарындылығын танытып, сапалы жұмыс жасаудың нәтижесінде шешіледі.

Каталог: downloads
downloads -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
downloads -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
downloads -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
downloads -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий
downloads -> Исатай Кенжалиев
downloads -> Батыс қазақстан ауыл шаруашылығЫ 1946-2000 жылдарда
downloads -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны
downloads -> 6М020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша мемлекеттік емтихан сұрақтары
downloads -> Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   679




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет